Популярные темы

мерекелер: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Наурызда Қазақстандықтар қанша күн демалады

Arna Press, 02 февраля 2026 в 13:38

Наурызда Қазақстандықтар қанша күн демалады
Наурыздағы мерекелерге байланысты қазақстандықтарға қосымша демалыс күндері беріледі, деп хабарлайды Arnapress.kz eGov.kz порталына сілтеме жасап.Қазақстанда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні биыл жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күні 9 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады. Нәтижесінде, аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар 7–9 наурыз аралығында үш күн қатарынан демалады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және әдеп нормаларын сақтау туралы

Магнолия, 18 марта 2025 в 13:18

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және әдеп нормаларын сақтау туралы
Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қатаң сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар көзделген. Мәселен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес аталған адамдар заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдауға қатысты шектеулерді сақтауға міндетті.

2025 жылғы наурызда қазақстандықтар мерекелер мен демалыс күндерін қоса алғанда 14 күн демалады

Arna Press, 04 февраля 2025 в 13:18

2025 жылғы наурызда қазақстандықтар мерекелер мен демалыс күндерін қоса алғанда 14 күн демалады
2025 жылдың наурыз айында қазақстандықтар қатарынан бес күн демалады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде бес күндік жұмыс аптасы үшін – үш күн қатарынан демалыс болады. 8, 9 және 10 наурыз сенбі, жексенбі, дүйсенбі күндеріне келеді. Ал алты күндік жұмыс аптасы үшін – екі күн қатарынан 8 және 9 наурыз, яғни сенбі, жексенбі демалады.Наурыз мерекесінде бес күндік жұмыс аптасы үшін – бес күн қатарынан: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі.Алты күндік жұмыс аптасы үшін – төрт күн қатарынан: 21, 22, 23 және 24 наурыз (жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі).Жалпы наурыз айында бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер үшін 8 күн мереке болады.

Семейде жыл бойы қызмет көрсететін жабық аквапарк салынады

Arna Press, 19 ноября 2024 в 14:38

Семейде жыл бойы қызмет көрсететін жабық аквапарк салынады
Семей қаласында жеке инвестор аймақтағы ең ірі ойын-сауық кешендерінің біріне айналатын заманауи жабық аквапарктің жобасын әзірлеуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бірегей құрылымда су аттракциондары, SPA орталығы және барлық маусымдық климаттық жайлылық сақталады.

Конституция күні туралы

Магнолия, 05 сентября 2024 в 00:28

Конституция күні туралы
Әрбір қазақстандықтың санасында Конституция күні Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданған тарихи күнімен байланысты. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды, ол біздің еліміздің дамуындағы бетбұрыс болды. Конституция Республиканың бүкіл аумағында жоғары заңды күшке ие және тікелей қолданылады.

Конституция күні туралы

Магнолия, 29 августа 2024 в 23:18

Конституция күні туралы
Әрбір қазақстандықтың санасында Конституция күні Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданған тарихи күнімен байланысты. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды, ол біздің еліміздің дамуындағы бетбұрыс болды. Конституция Республиканың бүкіл аумағында жоғары заңды күшке ие және тікелей қолданылады.

7 маусым — Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні: мереке тарихы және ел үшін маңызы

Arna Press, 07 июня 2024 в 15:58

7 маусым - Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні: мереке тарихы және ел үшін маңызы
Қазақстанда монополияға қарсы қызмет 30 жыл бұрын құрылған және өзінің кәсіби мерекесі болмаған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанның монополияға қарсы қызметі 2021 жылға дейін ресми күнтізбеде өзінің кәсіби мерекесін өткізбеді. Тек 2021 жылғы 30 наурызда Үкіметтің қаулысымен мереке күндерінің тізіміне өзгерістер енгізілді.

Интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Arna Press, 06 мая 2024 в 16:38

Интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай Ауған соғысынан оралмаған жауынгерлерді еске алуға арналған салтанатты шараға интернационалист ардагерлермен қатар әскери қызметшілер, облыстық, қалалық әкімдіктің өкілдері, «Жас ұлан» ерлер лицейінің оқушылары қатысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда көктемгі оқушылар демалысы қашан басталады?

Arna Press, 15 марта 2024 в 11:48

Қазақстанда көктемгі оқушылар демалысы қашан басталады?
Наурыздан кейінгі апта демалыс болады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Биыл мектеп оқушылары наурызда 11 күн демалады. Мерекелер Наурыз мейрамын тойлаудан басталады. Наурыздан кейінгі апта демалыс болады. Биыл 31 наурыз жексенбіге сәйкес келгендіктен, сабақ дүйсенбі, 1 сәуірде басталады.Еске салайық, былтыр балалар үшін оқу жылы ұзартылып, қазақстандық мектептерде соңғы қоңырау алғаш рет 1 маусымда соғылды.

Жер сілкінісі мен жылжымайтын мүлік: нарықтағы өзгерістер

Крыша, 06 марта 2024 в 16:47

Жер сілкінісі мен жылжымайтын мүлік: нарықтағы өзгерістер
Krisha.kz сайтының сарапшылары Алматыдағы жер сілкінісі нарыққа қалай әсер еткенін анықтады. Пәтер сату жиілеп кетті ме, Астанада жылжымайтын мүлікке, Алматыда жер үйге сұраныс артты ма?Алматыда пәтер сату жөнінде жаңа хабарландыру саны артқан жоқ. Көрсеткіштер шамамен басқа күндердегідей.Krisha.kz деректеріне сүйенсек 5 наурызда Астанада жылжымайтын мүлік сатып алғысы келетіндер саны өспеген.

2023 жылғы желтоқсанда Қазақстан халқы қанша күн демалады

Arna Press, 07 ноября 2023 в 11:28

2023 жылғы желтоқсанда Қазақстан халқы қанша күн демалады
Қазақстан желтоқсан айында дәстүрлі түрде Тәуелсіздік күнін атап өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Биыл Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді, сондықтан қазақстандықтар дүйсенбі күні де демалады.Тәуелсіздік күні:Желтоқсанда барлығы 11 демалыс және 20 жұмыс күні бар.2022 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды, соған сәйкес «16 желтоқсан Тәуелсіздік күні» ұлттық мерекесі мемлекеттік мерекелер қатарына енгізіліп, тек бір күн – 16 желтоқсанда тойлана бастады.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 11 новостей из 11