Arna Press,
20 апреля 2026
в 13:38
Павлодар қаласының прокурорлары халыққа медициналық көмек көрсетуге арналған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-тың бюджет қаражаты мен активтерінің жұмсалуына жүргізілген тексеру барысында жалған қызмет көрсету фактілерін анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.Мысалы, невропатолог, кардиолог, хирург, психолог және басқа да тар бейінді мамандардың қабылдаулары қайтыс болған адамдарға, акушер-гинеколог дәрігердің консультациялары ер адамдарға «көрсетілген».
Arna Press,
30 января 2026
в 15:18
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кадрлық ауыс-түйіс болып, басқарма төрағасының екі орынбасары тағайындалды деп хабарлайды Arnapress.kz Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасапМедицина саласында ұзақ жыл еңбек еткен Бақытжан Абдуллаев ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалған.Ол еңбек жолын Астанадағы №1 қалалық ауруханада санитар және акушер қызметінен бастап, трансфузиолог, хирург-дәрігер, бөлім басшысы, сондай-ақ осы ауруханада бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарған.2023 жылдан жаңа қызметіне дейін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болған.Сондай-ақ Индира Ерденова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалған.Ол бірнеше жыл Қаржы министрлігінің жүйесінде жұмыс істеген.
Arna Press,
20 августа 2025
в 13:28
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт денсаулығын нығайтуға және азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жандандыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру міндетін қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде денсаулық сақтау саласын сапалы түрде жаңғыртуға бағытталған жүйелі шаралар кешені жүзеге асырылуда.
Arna Press,
14 июля 2025
в 20:48
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Заң қолданыстағы заңнамалық актілерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету саласын реттейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.Атап айтқанда, міндетті медициналық сақтандыру қағидаттарын кеңейту және мемлекет жарналарының мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен өзгерту, сондай-ақ жарналарды төлеудегі уақытша үзілістер кезінде сақтандырылған тұлғаның мәртебесін қорғауды көздейді.Осылайша, үзіліссіз жарналарды төлеген немесе олар үшін 60 ай бойы аударымдар жүргізген тұлғалар аударымдар немесе жарналар төленбеген жағдайда, аударымдарды немесе жарналарды төлеу тоқтатылған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын сақтайды деп көрсетілген.
Arna Press,
13 июня 2025
в 17:18
Ресейде шетел азаматтарының елге кіру тәртібін реттеудің екінші кезеңі басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіРесей Федерациясы көші-қон үдерістерін бақылауды күшейту және ел ішіндегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында 2025 жылғы 30 маусымнан бастап шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Ресейге кіру ережелері мен шарттарын сынақтан өткізудің екінші кезеңін іске қосады.
Arna Press,
30 декабря 2023
в 21:28
Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы бұйрығымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры комиссиясының 2024 жылға арналған сыйақы мөлшерлемесі белгіленді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«2024 жылға арналған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ комиссиясының сыйақы мөлшерлемесі Қор қызметін жүзеге асыру үшін ҚР үкіметі белгілеген лимит шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қордың есепті айдағы шотынан алынған активтер сомасының 1,18%-ынан аспайтын мөлшерде белгіленсін», – делінген құжатта.Бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.Бұрын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі үшін ең жоғары комиссиялық сыйақы мөлшерлемесін 1,24%-дан аспайтын етіп белгілеу жоспарланған еді.Комиссиялық сыйақының ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі Қордың қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін жыл сайын белгіленеді.
Akorda.kz (KZ),
07 декабря 2023
в 15:36
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
09 октября 2023
в 15:38
Мәжілісте өткен «үкімет сағатында» Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 3,3 миллионнан астам қазақстандық әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қандай жолмен тартуды жоспарлағанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ажар Ғиният цифрлық отбасы картасы негізінде халықтың міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуына талдау жүргізілгенін атап өтті.«Бүгінде 3,3 миллионнан астам адам сақтандырылмаған, бұл нақты жұмысы жоқ немесе расталған тұрақты табысы, жұмыссыз ретінде әлеуметтік мәртебесі, жоқ өзін-өзін жұмыспен қамтып отырған азаматтар, олар МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр.
Arna Press,
18 июля 2023
в 17:48
Семейге жұмыс сапарымен Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновпен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Сәбит Ахметов келді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық МӘМС қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Халық қалаулысы мен Басқарма төрағасы екі күннің ішінде бірқатар медициналық ұйымдарда болып, облыстың медицина қауымдастығымен кездесіп, түйткілді мәселелерді талқылады.