Arna Press,
07 августа 2026
в 11:48
Абай облысында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының мұрасын ұлықтауға арналған ауқымды мәдени-рухани іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Ішкі саясат бөліміне сілтеме жасап.7 тамыз күні сағат 10:00-де Абай ауданы, Қарауыл ауылындағы Облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалында «Ұлы даланың ұлы ақыны» атты әдеби кеш ұйымдастырылады.6–22 тамыз аралығында сағат 10:00-де Семей қаласындағы Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ақыл-ойдың алыбы» атты жылжымалы көрме көпшілік назарына ұсынылады.10 тамыз күні сағат 10:00-де Семей қаласындағы Абай алаңында ақын Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі мен тағзым ету шарасы өтеді.Сол күні сағат 12:00-де Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында жаңадан бой көтерген «Рәміздер алаңының2 ашылу салтанаты ұйымдастырылады.10 тамыз күні сағат 15:00-де Абайдың «Жидебай–Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде «Абай бейнелеу өнерінде…» атты көрме және «Абайдың өмір деректері» атты қолжазбалар мен тарихи құжаттар көрмесі өтеді.10 тамыз күні сағат 10:00-де Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Адамзаттың Абайы» атты кең көлемді кітап көрмесі ашылады.Сол кітапханада сағат 11:00-де «Әлемге танылған тұлға» атты сирек кітаптар көрмесі ұйымдастырылса, сағат 15:00-де «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы…» атты облыстық «Абай оқулары» байқауы өтеді.17 тамыз күні сағат 11:00-де Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияда «Дана Абайдың сазды әлемі» атты концерт көрерменге жол тартады.Ал 22 тамыз күні сағат 17:00-де Абай атындағы театрда «Киелі Абай елі» атты қорытынды гала-концерт өтіп, Абай күніне арналған мерекелік іс-шаралар өз мәресіне жетеді.Аталған іс-шаралардың барлығы ұлы ақынның шығармашылық мұрасын насихаттауға, ұлттық руханиятты дәріптеуге және жастардың Абай мұрасына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.Фото: ЖИ
Arna Press,
23 апреля 2026
в 12:08
Қазақстан Қарулы Күштерінде оқу мәдениетін арттыруға бағытталған жаңа талап енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Енді мерзімді әскери қызметшілер қызмет барысында кемінде бес кітап оқуға міндетті. Бұл бастама жеке құрамның рухани дамуын қолдап, 23 сәуір — Кітап күні қарсаңында кітап оқуды насихаттауды көздейді.Аталған мереке халықаралық дәстүрге негізделген.
Arna Press,
24 апреля 2025
в 13:09
Өңірдің 233 ауыл мектебіне 13 мыңнан астам кітап таратылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысында «ASSYLTAS» қоғамдық қорының бастамасымен, облыс әкімдігі мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қолдауымен «Артық білім кітапта» жобасы жүзеге асты.Дүние жүзілік кітап күніне орай ұйымдастырылған жоба аясында өңірдегі 233 ауыл мектебіне жалпы саны 13 980 дана кітап жеткізілді. Әр мектепке арнайы әзірленген қорап ішінде 60 түрлі кітаптан құралған жинақ берілді.
Arna Press,
03 февраля 2025
в 19:58
Еліміздің барлық білім беру ұйымдарында сапалы білім беру кезең кезеңмен жүзеге асырылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 460 мың орындық 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 105 мектеп 2024 жылы салынды.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сай келетін тегін білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.Бастама жайлы мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, балалардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға ықпал ететін орта қалыптастырады.«Жайлы мектептердің көлемі типтік мектептерге қарағанда, 15-20%-ға кең, сондай-ақ техникалық жарақтануы да 4 есе артық.
Arna Press,
21 июня 2024
в 13:38
Жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауығуын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасына және дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдаудың 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес Білім басқармасы Жарма ауданы Шар қаласында көшпелі кэмпинг ұйымдастырды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараға 100-ден астам бала қатысты, олардың қатарында мектеп парламенті мүшелері, өлкетану отрядтары мен спорттағы көшбасшылар бар.Жазғы бағдарлама аясында жүзеге асырылған жобалар: «Туристік өлке», «Спорт көшбасшысы» және «Fun Kids».«Туристік өлке» жобасы туристік дағдыларды, экологиялық мәдениетті дамытуға, сондай-ақ Абай облысының географиясы, тарихы мен табиғаты туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған. Өлкетану отрядтарына әдістемелік көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінді.
Arna Press,
03 января 2024
в 13:28
Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне көлемді сұхбат берді. Оның толық нұсқасын төменде келтіреміз.Өткен жыл несімен есіңізде қалды?– Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша отандасымды тағы да Жаңа жыл мейрамымен құттықтаймын!2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Біз негізгі саяси реформаларды аяқтап қалдық.