Arna Press,
07 августа 2026
в 11:48
Абай облысында Ресей Федерациясынан әкелінген карантиндік ағаш материалының еліміз аумағына өткізілуіне жол берілмеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Ауыл шаруашылығы минстрлігіне сілтеме жасап.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық инспекциясы инспекторлары жүргізген карантиндік фитосанитариялық бақылау барысында қауіпті карантиндік зиянкес анықталды.Қайталама тексеру кезінде Ресей Федерациясынан Семей қаласына жеткізілген көлемі 58,2 текше метр қылқан жапырақты дөңгелек ағаш материалынан (қарағай) қарағайдың қара мұртты қоңызының (Monochamus galloprovincialis) дернәсілдері табылды.
Arna Press,
03 июня 2024
в 11:48
Түркістан облысында фитосанитарлық бақылау бекеттерінде елге Түрікменстан мен Өзбекстаннан әкелінген залалданған қызанақ табылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы 2 маусымда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті мәлімдеді.«Ағымдағы жылы шет мемлекеттерден 1075 автокөлікке тиелген15637,802 тонна қызанақ өнімі импортталып, фитосанитариялық талапқа (фитосанитариялық сертификаттың болмауы, таңбаның болмауы) сәйкес келмейтін көлемі 29,522 тонна болатын8 автокөлікке тиілгенқызанақ өнімдері өз еліне кері қайтарылды», — делінген ведомство хабарламасында.Сонымен қатар, өнімнің жасырын залалдануын анықтау мақсатында, шет елден әкелінген қызанақ, баялды, тәтті бұрыш өнімдерінің әрбір партиялары тиісті карантиндік фитосанитариялық сараптамадан (ПТР) өткізілген.«Нәтижесінде,Түркіменстан Республикасына — 56,1 тонна, Өзбекстан Республикасына — 4,2 тонна қызанақ өнімдерінен«қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» анықталып, өнімдерді кіргізуге тыйым сала отырып, кері қайтарылды».ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіБұдан бөлек, жыл басынан фитосанитариялық бақылау бекеттерінде фитосанитариялық талапқа сәйкес келмейтін 497,624 тонна карантинге жатқызылған өнімдер кері қайтарылған.Сурет: pixabay