2024 жылы Қазақстанның үш облысында шегіртке шабуылы күтілуде. Ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) зиянкестермен қалай күресетінін түсіндірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дархан Әбдікәрімов Қазақстанда шегіртке жәндіктерінің 270-тен астам түрі мекендейтінін, оның 10-15 түрі астық, жайылымдар мен шабындықтар, көкөніс дақылдарының қауіпті зиянкестері екенін айтты.