Абай облысында батыр аналарды марапаттау мақсатында кезекті жиын өтті. «Алтын алқа» иегерлерінің арасында полиция майоры Райхан Ешимова да бар, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Салтанатты кездесу Достық үйінде өтті. Абай облысының түкпір-түкпірінен көпбалалы аналар күміс және алтын алқа алуға келді.