Абай облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz әкімнің баспасөзіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген жиында өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жан-жақты қаралды. Басқосуға басқарма басшылары мен департамент жетекшілері қатысып, аудан әкімдері бейнережим арқылы қосылды.Жиында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев баяндама жасап, саладағы негізгі көрсеткіштер мен алдағы жоспарларды таныстырды.