Магнолия,
09 апреля 2025
в 12:58
Киберқауіпсіздік не үшін қажет? Киберқауіпсіздік жеке деректер, қаржылық ақпарат және коммерциялық құпиялар сияқты құпия ақпаратты қорғау үшін өте маңызды. Ол сондай-ақ деректерді ұрлауға немесе бүлінуге әкелуі мүмкін жүйелер мен желілерге рұқсатсыз кіруді болдырмауға көмектеседі. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әртүрлі қорғау әдістерін қолдану қажет.
Arna Press,
10 января 2025
в 14:18
ІІМ 2024 жылғы 27 желтоқсандағы бұйрығымен мопедтерді тіркеу үшін құжаттар тізбесін айқындайтын Көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мопедті тіркеу үшін иесі (иесінің өкілі) мына құжаттарды ұсынуы керек:Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін пайдалана отырып, көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару үшін қажетті құжаттар тізбесіне де осындай толықтыру енгізілді.Бұйрық 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап күшіне енеді.Еске салайық, механикалық көлік құралын (бастапқы мемлекеттік тіркеуден өтетін көлік құралын қоспағанда) немесе тіркемені тіркеу ставкасы 0,25 АЕК (2025 жылы 983 теңге) құрайды.
Костанайские Новости,
21 декабря 2023
в 10:21
«Үшіншіге орын жоқ», неліктен берешекті реттеу кезінде делдалға жүгінудің қажеті жоқ! Қаржы нарығының сарапшылары 90 күннен асқан мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылардың санының артуына байланысты қазақстандықтарға берешекті реттеу, қарызды азайту немесе оны толық есептен шығару сұрақтары бойынша өз қызметтерін ұсынатын делдалдардың хабарландыруының саны артып келе жатқанын атап өтті.
Arna Press,
20 октября 2023
в 14:48
Келер жылы Қазақстанда дәрі-дәрмектерді қадағалау бойынша ақпараттық жүйе мен балабақшаға кезекке тіркеудің Бірыңғай деректер базасы іске қосылады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Үкіметтің дерегінше, дәрілік заттарды қадағалау жүйесі бірнеше мәселені бірден шешуге ықпал етеді.
Крыша,
04 октября 2023
в 12:47
Ел тұрғындары қашан, қалай және қандай жағдайда кезекке тұра алатынын түсіндіреміз.Ол үшін арнайы Kezekte.kz сайтын қолдану қажет. Жүйеге тек ЭЦҚ көмегімен кіруге болады.Өтінім беру жеткілікті. Түрлі куәлік, анықтама сұрамайды. Өйткені барлық құжат базада бар. Кейде ақпарат болмай қалуы мүмкін. Ондай кезде қажет құжаттардың сканерден өткен нұсқасын қосу керек. Өз күшіңізбен кезекке тұра алмасаңыз, кеңес алу үшін қаладағы тұрғын үй басқармасына жүгінген жөн.