Магнолия,
12 марта 2025
в 13:38
Еліміздің тәуелсіздігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі – мемлекеттік тіл.Мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез-келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді, мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де – мемлекеттің негізгі атрибуттарының бірі.
Магнолия,
01 октября 2024
в 15:38
Мемлекеттік тіл — көпұлтты (көптілді) мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту, мәдениет, баспасөз бен байланыс (почта, телеграф т. б.) орындарында, құқық қорғау мен әскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу т. б. міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл.
Arna Press,
16 августа 2024
в 11:58
Қазақстан Ұлттық Банкі (ҰБК) 2024 жылғы 15 тамызда жаңа дизайндағы 10 000 теңгенің негізгі элементтерін егжей-тегжейлі сипаттады, бұл банкноттарды жалған банкноттардан өз бетінше ажыратуға көмектеседі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл ретте, 10 000 теңгелік жаңа банкноталар жаппай айналымға 2024 жылдың шамамен қыркүйек айынан бастап түсе бастайды.
Arna Press,
30 мая 2024
в 14:18
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 22 мамырдағы бұйрығымен босқын куәлігінің үлгісі және оны қорғауға қойылатын талаптар бекітілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Босқын куәлігі машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.Босқын куәлігі көлемі 88х125 мм брошюраны білдіреді және форзацтар мұқабасына желімделген мұқабадан және 6 парақтан (12 беттен) тұрады.Босқын куәлігінің мұқабасы тозбайтын материалдан жасалады, мұқабасы көк түсті.Босқын куәлігінің алдыңғы мұқабасының беткі жағында:жоғары бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде:ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;төменгі бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде:Жазулар және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.Босқын куәлігінде жазулардың сақталуын арттыру немесе босқын куәлігін және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін арнайы әзірленген элементтер қолданылған.Босқын куәлігінің беттері «KAZ» ою-өрнегі» элементі түріндегі контрасты жоғары су белгісімен қорғалған, кәдімгі жарықта қошқыл-қызыл түс болып көрінетін флуоресцентті талшықтардан тұратын сапасы жоғары сұрыпты қағаздан дайындалған.Бұйрық 2024 жылғы 9 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Arna Press,
03 мая 2024
в 17:08
ҚР ІІМ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігіне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің фотобейнесі, қолы және дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады.», — делінген құжатта.Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және қазақ және орыс тiлдерiнде мынадай жазулар орналасады:Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің сыртқы жағында штрих-код түрінде кодталған ЖСН, микросхеманың байланыс бөлігі, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің туған жері, ұлты және азаматтығы туралы дербес деректері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін берген орган, берілген күні және қолданылу мерзімі туралы мәліметтер орналасады.ҚР азаматының жеке куәлігінде ұлты ҚР азаматының жеке куәлігі иесінің қалауы бойынша көрсетіледі.Жеке куәліктің артқы жағы мынадай екі бөліктен тұрады:жоғарғы бөлігі – көрнекі аймақ, онда штрих код түрінде кодталған ЖСН, микросхеманың байланыс бөлігі және қазақ және орыс тілдеріндегі мынадай жазулар орналасады:төменгі бөлігі – машинамен оқылатын аймақ, онда машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын, машинамен оқылатын жазу орналасқан.
Arna Press,
27 ноября 2023
в 19:38
«Жыл соңына дейін қазақстандықтардың картасына ақша түседі» деген ақпарат жалған екенін ескертілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.Ақпараттың шынайылығын тексеретін Stopfake.kz мәліметінше, Қазақстанның мемлекеттік органдарының сайттарында, президентінің akorda.kz сайтында мұндай төлемдер туралы ресми ақпарат жоқ.