Популярные темы

бюджет туралы: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Қазақстанда медициналық қызмет ақысы өзгереді

Arna Press, 14 июля 2025 в 20:48

Қазақстанда медициналық қызмет ақысы өзгереді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Заң қолданыстағы заңнамалық актілерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету саласын реттейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.Атап айтқанда, міндетті медициналық сақтандыру қағидаттарын кеңейту және мемлекет жарналарының мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен өзгерту, сондай-ақ жарналарды төлеудегі уақытша үзілістер кезінде сақтандырылған тұлғаның мәртебесін қорғауды көздейді.Осылайша, үзіліссіз жарналарды төлеген немесе олар үшін 60 ай бойы аударымдар жүргізген тұлғалар аударымдар немесе жарналар төленбеген жағдайда, аударымдарды немесе жарналарды төлеу тоқтатылған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын сақтайды деп көрсетілген.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: қазақстандықтар қанша алады

Arna Press, 23 декабря 2024 в 12:38

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: қазақстандықтар қанша алады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бүгін, 2024 жылғы 23 желтоқсанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер түрінде азаматтарға қанша төленгенін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.23 желтоқсанда жарияланған ақпаратқа сай, жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 560 млрд теңге жұмсалды.Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 73,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 539,5 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 188,3 мың адамды құрайды.Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады.

Қазақстанда соттан тыс банкроттық рәсімі өзгерді

Arna Press, 06 сентября 2024 в 15:08

Қазақстанда соттан тыс банкроттық рәсімі өзгерді
Қазақстанда соттан тыс банкроттық рәсімі өзгерді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға – Қазақстан Республикасының азаматына екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк филиалдар, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар немесе коллекторлық агенттіктер алдындағы міндеттемелерін тоқтату мақсатында көрсетіледі.Көрсетілген міндеттемелерге, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган барлық банк операцияларын жүргізуге, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиялардан айырған не микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тізілімдерінен шығарылған, оның ішінде таратылған, таратылу сатысындағы екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржылық қызметті жүзеге асырған ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқығы тиесілі өзге де ұйымдардың алдындағы міндеттемелер де жатады.Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайтын екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемелердің болуы және жиынтығында мынадай:Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем күнінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен асатын сомадағы төлем өтеу болып есептеледі.Өтеудің болмау мерзімі әрбір банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша соңғы төлем күнінен бастап есептеледі.Осы тармақшаның талаптары осы Қағидалардың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген міндеттемелерге қолданылмайды.өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімнің қолданылмау шарттарына сәйкес келуі негіз болып табылады.Егер көрсетілетін қызметті алушы Өтініш берілген күннің алдындағы 6 (алты) ай ішінде мемлекеттің атынан әлеуметтік көмек алушы болып табылса, шарттарға қарамастан, көрсетілетін қызметті алушы Өтініш бере алады.Егер міндеттемелерді орындамау мерзімі Өтініш берілген күннен 5 (бес) жыл асса, осы тармақшамен белгіленген шарттарға қарамастан, көрсетілетін қызметті алушы Өтініш бере алады.Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:Көрсетілетін қызметті алушының соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға Өтінішін өңдеу, сәйкестігін тексеру тіркеуші мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кредиттік бюролардың деректерін салыстыру арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.Көрсетілген қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың қабылданғаны туралы электрондық қолхат береді.Мемлекеттік корпорация қабылданған құжаттарды, курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде Өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.Көрсетілетін қызметті алушы соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы Өтінішті портал және (немесе) мобильдік қосымша арқылы ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.Көрсетілетін қызметті алушының соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы Өтінішті Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, бас тарту туралы қолхат береді.Көрсетілетін қызметті алушы көзделген мән-жайларға сәйкес келген және жұбайының (зайыбының) келісімі болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Өтініш берілген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді порталда орналастырады.Көрсетілетін қызметті берушінің соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер порталда орналастырылған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.Соттан тыс банкроттық рәсімді жүргізу мерзімі ішінде:Соттан тыс банкроттық рәсімі порталда тиісті хабарландыруды орналастыру арқылы тоқтатылады.Соттан тыс рәсімді тоқтату үшін негіздер болмаған кезде, уәкілетті орган «электрондық үкімет» веб-порталында борышкер туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап алты ай өткен соң соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарады.

ҚР Еңбек министрлігі мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төлемдерінің көлемін жариялады

Arna Press, 19 августа 2024 в 17:58

ҚР Еңбек министрлігі мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төлемдерінің көлемін жариялады
ҚР Еңбек министрлігі мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төлемдерінің көлемін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 357,3 млрд теңге жұмсалды.

Бірыңғай зейнетақы қорынан зейнеткерлерге төленетін төлемдер өсті

Arna Press, 12 января 2024 в 12:18

Бірыңғай зейнетақы қорынан зейнеткерлерге төленетін төлемдер өсті
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2018 жылдың 1 қаңтарынан кейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге БЖЗҚ төлемдері 5%-ға өсті, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Әдістемеге сәйкес зейнеткерлікке шығатын азаматтарға төлемдер келесідей есептеледі: төлемдерді қабылдаудың бірінші жылында жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне 6,5% көбейтіліп, 12-ге бөлінеді», — деп хабарлады БЖЗҚ.Белгілі бір санаттағы алушыларға: мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектерге, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары жалпы сомасы кемінде алпыс теңгені құрайтын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған адамдарға ай сайын, әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін ұлғайту факторларын түзету қарастырылған.«Жоғарыда аталған шарттардың біреуінен артық қанағаттандыратын тұлғалар үшін ең жоғары мәнді түзету коэффициенті қолданылады», — делінген хабарламада.Бұл ретте, Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің (2024 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің) кемінде 70%-ы мөлшерінде жүзеге асырылады. (Минимум 43 407 теңге).

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көбейді

Arna Press, 10 января 2024 в 16:08

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көбейді
Биыл көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көбейді. Оның мөлшері бала туған кезде берілетін жәрдемақылар Әлеуметтік кодекстің 80-ші бабында айқындалады және ол айлық есептік көрсеткіштермен (АЕК) белгіленеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сай, 1 АЕК — 3 мың 692 теңге болып белгіленген.

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсті

Arna Press, 04 января 2024 в 09:58

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсті
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері (бұдан әрі – ЕТЖ) 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін ұлғайтылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ-дан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.Нәтижесінде 85 мың теңгеге дейін жалақы алатын түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде бюджет саласындағы 350 мың қызметкердің ақшалай кірістері өседі.Бірінші кезекте ЕТЖ арттыру «жалақысы төмен» қызметкерлерге қатысты болады.

Қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша қанша жәрдемақы төленгені белгілі болды

Arna Press, 20 ноября 2023 в 13:08

Қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша қанша жәрдемақы төленгені белгілі болды
Қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 484,3 миллиард теңге төленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 431 миллиард теңге жұмсалды.

2024 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшері қалай өседі

Arna Press, 14 ноября 2023 в 12:38

2024 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшері қалай өседі
2024 жылы зейнетақының қандай түрлерін және қаншаға арттыру жоспарланғаны белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында, жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мөлшерде көтерілетні айтылған.«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, 2024 жылға арналған инфляция деңгейі 6-8 пайыз дәлізде көзделетінін ескере отырып, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат олардың мөлшерінің 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9 пайызға өсуін ескере отырып көзделеді», — делінген министрлік хабарламасында.Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 7 пайызға өседі.«Бұдан басқа, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 60 пайыздан 65 пайызға дейін, ал ең жоғары мөлшері – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызынан 105 пайызға дейін артады», — деп толықтырды Еңбек министрлігі.Сондай-ақ, министрліктен 2024 жылы Қазақстандағы зейнетақының ең жоғары және ең төменгі мөлшерін ақшалай түрде жариялау сұралды.Жауапта бюджет туралы заң жобасында 2024 жылы ең төменгі зейнетақы 57 853 теңге, ал базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 28 215 теңге болады деп көзделгені айтылған.2024 жылы жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері 152 295 теңгеге жетеді.«Бұған қосымша мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі ұсынылады, оның ең жоғарғы мөлшері 2024 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 105 пайызын, яғни 45 578 теңге болады.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 11 новостей из 11