Түркістан қаласында қазақ күресінің дамуына серпін беретін маңызды жиын – Qazaq Kuresi Ассоциациясы Атқарушы комитетінің отырысы өтті. Азия чемпионаты аясында ұйымдастырылған бұл басқосу ұлттық спорттың стратегиялық бағытын айқындап, халықаралық деңгейдегі жаңа бастамалардың негізін қалаған тарихи шара болды.