Arna Press,
16 февраля 2026
в 11:58
Түркістан облысының Қазығұрт ауданына қарасты Алтынтөбе ауылында ерекше қабілетімен көзге түскен бүлдіршін өсіп келеді. Небәрі 4 жастағы Әли Адамбек ойша күрделі есептер шығарып, екі және үш таңбалы сандарды қиналмай есептейді. Көбейту амалдарын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін орындайтын балақайдың дарыны көпшілікті тәнті еткен.
Arna Press,
18 сентября 2025
в 19:48
Биыл құрылыс басқармасы 79 жобаны әзірлеуде. Оның 33-і меморандум аясында жүзеге асырылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Өңірлік коммуникациялар қызметінеде әлеуметтік нысандарды жобалау бойынша Абай облысы құрлыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риахановтың қатысуымен брифинг өтті.Бүгінде облыста денсаулық сақтау бағыты бойынша 21 жоба қолға алынған.
Arna Press,
19 июня 2025
в 12:18
Жарма ауданының Суықбұлақ ауылында жаңа мектептің құрылысы басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыс әкімі Берік Уәли Жарма ауданының Суықбұлақ ауылында салынатын жаңа мектептің іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Суықбұлақ бастауыш мектебі 1964 жылы балабақша ретінде салынған. Ғимараттың тозығы жетіп, апатты деп танылғандықтан оқушылар екі ауысымда білім алуға мәжбүр.
Arna Press,
02 июня 2025
в 11:58
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Семей қаласындағы Абай гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерде кең ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай гарнизонының ұшу алаңында ашық есік күні өтіп, 54853 және 44736 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері балалар мен олардың ата-аналарына ерекше күн сыйлады. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында әскери-патриоттық рухты қалыптастыру және әскери қызметтің маңыздылығын көрсету.Балалар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, әскери киім үлгілері мен авиациялық техника түрлерін тамашалады. Әсіресе, қару-жарақ пен тікұшақтардың көрмесі бүлдіршіндердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Arna Press,
10 мая 2025
в 20:58
Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында жаңа балабақша бой көтереді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыс әкімі Берік Уәли 320 орындық білім нысаны құрылысының басталу рәсіміне қатысты. Құрылыс жұмыстары басталған балабақша келер жылдың төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Arna Press,
17 марта 2025
в 17:48
Семейде Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиын өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысқан отырыста Президенттің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.Аймақ басшысы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, облыстың алдағы даму жоспарлары және өңірдегі қордаланған мәселелер туралы толық баяндағанын атап өтті.
Arna Press,
05 февраля 2025
в 13:48
Үкімет Ұлытау өңірінде жаңа мектеп салу үшін қайтарылған активтерден 1,4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.Білім беру нысаны «Вокзал» шағын ауданында салынады.
Arna Press,
17 декабря 2024
в 20:08
Абай облысында құрылыс саласында ауқымды жұмыстар атқарылып, мемлекеттік бағдарламалар аясында көптеген жобалар жүзеге асырылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық құрылыс басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құрылысқа бөлінген жалпы қаржы көлемі 291 млрд теңгені құрады. Жоспарланған барлық жобалар белгіленген мерзімде жүзеге асырылып жатыр.Білім беру саласында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 4 мектептің құрылысы жүргізілуде.
Arna Press,
29 ноября 2024
в 12:58
Бүгін таңғы сағат 06:00-де ТЖ қызметінің пультіне Теректі ауылындағы балабақша ғимаратында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, бір қабатты ғимараттың шатырын және төбелік жабындарын өрт шалғаны анықталды.Өрт шұғыл түрде сөндірілді.
Arna Press,
21 февраля 2024
в 20:28
Абай облысының білім беру мекемелерінде қауіпсіздік 100% қамтамасыз етілген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Білім беру басқармасының ақпараты бойынша Абай облысының білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында білім алушылардың қауіпсіздігі мен оқуға қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруға қомақты қаражат бөлінді.«Бұл өңірдің барлық білім беру ұйымын бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, 160-қа жуық білім беру ұйымдары жедел басқару орталығына қосылды» — делінген хабарламада.