2018 жылдан бері KAZ Minerals Aktogay ЖШС арнайы оқу орындарында сұранысқа ие мамандарды дайындау үшін 70 миллион теңгеден астам қаржы жұмсап, Абай облысындағы үш колледж үшін 214 миллион теңгеге қажетті құрал-жабдық сатып алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Компания өзі жұмыс істейтін аймақтағы оқу орындарымен ынтымақтастық орнатуға басымдық береді.