Arna Press,
30 марта 2026
в 19:48
Жуырда «Транстелеком» АҚ ұсынған Starlink спутниктік ғаламтор желісі №122/121 Астана-Семей жолаушылар пойызында да қолжетімді болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан теміржолшысына сілтеме жасап.Осылайша, пойыз енді тек транспорт қана емес, заманауи цифрлық қызметтер ұсынатын алаңға айналды. Наурыз мерекесі күндері ресми түрде іске қосылған «Цифрлық вагон» пилоттық жобасы жолаушыларға сапалы интернетке қосылу мүмкіндігін беріп, сапар кезінде жұмыс істеу немесе демалу үшін қосымша қолайлылық сыйлады.Жолаушылар мен сарапшылардың пікірінше, бұл жаңашылдықтар теміржол сапарын одан әрі ыңғайлы, тиімді және заманауи етіп, туристердің қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Arna Press,
20 марта 2026
в 16:48
Абай ауданында Наурыз мерекесі қарсаңында 18 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.Қарауыл ауылында ұзақ жылдар бойы бос тұрған үш қабатты тұрғын үй қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Пәтерлер мемлекеттік кезекте тұрған азаматтарға табысталды.Жалпы, жаңа тұрғын үйден 5 бір бөлмелі, 11 екі бөлмелі және 1 үш бөлмелі пәтер иелеріне кілттері тапсырылды.Айта кетейік, тұрғын үйді жаңғырту жұмыстары облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан.Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөзі
Arna Press,
11 марта 2026
в 14:28
Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда 13–23 наурыз аралығында ауқымды республикалық «Nauryz Sale» акциясы басталады. Бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы ынталандыруға және ел тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасапАкция аясында сауда нысандары азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға 10–70 пайызға дейін мерекелік жеңілдіктер ұсынады.
Arna Press,
11 февраля 2026
в 14:38
Бұған дейін сайтымызда жазған, 12 ақпан күні Абай облысы мен Батыс Қазақстан облысы ақындарының қатысуымен өтеді деп жоспарланған «Жайық келіп, Ертіске қосылғанда» атты командалық айтыс кейінге шегерілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Мәдениет басқармасына сілтеме жасап.Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағының Абай облысы филиалының төрағасы Дәулет Сметов: «Құрметті қонақтар мен ресми өкілдердің жұмыс кестесі өзгеруіне байланысты, сондай-ақ, Халықаралық айтыскер ақындар мен жыршы, термешілер Одағының ұйымдастырушы тарабы шешіміне сәйкес кейінге шегерілді.