Семейде Абайдың 180 жылдығының мерейтойы аясындағы алғашқы нысанның құрылысы басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Маңғыстау облысы Семей қаласына Достық үйін салып бермек. Нысанның іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаев бастаған делегация қатысты.Жаңа нысан 75 мың тұрғынға арналған «Semey Smart City» шағын ауданында бой көтереді.