Популярные темы

Мәдениет және спорт министрлігі: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Арман Жүдебаев қызметінен босатылды

Arna Press, 31 января 2024 в 11:38

Арман Жүдебаев қызметінен босатылды
Арман Жүдебаев мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды», — делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Ол бұл қызметке 2023 жылғы шілдеде тағайындалған еді.Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.Еңбек жолын 2006 жылы «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РМҚК-да аспаптар оркестрінің әртісі болып бастаған.2009-2011 жылдары «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ дирижерлеу кафедрасында оқытушы,2011-2013 жылдары «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ оқытушысы, аға оқытушысы,2013-2018 жылдары «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ бас дирижері,2018-2023 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болды.2023 жылғы мамырдан шілдеге дейін Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Қазақстанда тыйым салынған көлік нөмірлері аталды

Arna Press, 28 ноября 2023 в 11:28

Қазақстанда тыйым салынған көлік нөмірлері аталды
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі оқылуы мен айтылуы «сөйлеу мәдениетіне жат» болғандықтан алып тасталынған мемлекеттік тіркеу белгілері қатарын көрсетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту комитетінің 2018 жылғы тілдік сараптамасына сәйкес оқуы мен айтылуы сөйлеу мәдениетіне жат заңды және жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу белгілерінің мынадай сериялары диапазоннан алып тасталды», — делінген Tengrinews.kz редакцияның ресми сұрау салуына жауапта.Барлығы ұсынылған тізімде 106 әріп комбинациясы бар.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 2 новости из 2