Arna Press,
08 февраля 2026
в 16:48
Семейдегі Шаңырақ продакшнның фавориттерінің бірі – REG18N тобы жуырда өздерінің жаңа альбомын жарыққа шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіне берген сұхбатында продюсерлік орталықтың директоры Мадияр Шуленов«Шаңырақ продюсерлік орталығы 2025 жылдың 25 тамызынан бастап тәуелсіз түрде өз жұмысын бастады.
Arna Press,
10 мая 2024
в 16:58
Жаңа құрылған Алатау қаласының әкімі болып Аркен Өтенов тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бұған дейін ол Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.Аркен Өтенов 1983 жылы 15 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Карнеги Меллон университетінде (Болашақ бағдарламасының түлегі, 2010 жыл) білім алған.Ол — халықаралық қатынастар маманы, экономист және мемлекеттік саясат саласындағы ғылым магистрі, Президенттің жас таланттар пулының мүшесі.Аркен Өтенов еліміздің банк секторында, сондай-ақ, мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарда, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде, Сыртқы істер министрлігінде тәжірбиелі жұмыс атқарған.Еске салайық, Мемлекет басшысының 2024 жылғы 9 қаңтардағы жарлығы бойынша, Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылы қала мәртебесіне ие болып, Алатау деп аталды.
Arna Press,
12 сентября 2023
в 15:08
Семей қаласының әкімідігі «Қала күнімен, Семейім» атты қала күніне арналған іс-шаралардың жоспарын жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспдщасөз қызметіне сілтеме жасап.Аталмыш мереке қала тұрғындары мен қонақтарының жас ерекшеліктеріне қарамай, ерекше форматта өткізілетін болады. Қала күнін мерекелеу аясында «Туған қалам – Семейім» атты авторлық әндер мен футбол әуесқойларына арналған «ФУТБОЛ ЖОЛЫ» фестивалі ұйымдастырылады.Сондай-ақ, эстрада жұлдыздары Әли Оқапов пен Мәди Рымбаевтың қатысуымен «Aman keleshek inclusion festival 2023 » фестивалі өткізіледі.