Популярные темы

Еншілес: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Қазақстандық пара жеңіл атлеттер әлемдік Гран-При сериясында 11 медаль еншіледі

SportInfo, 27 апреля 2026 в 17:36

Қазақстандық пара жеңіл атлеттер әлемдік Гран-При сериясында 11 медаль еншіледі
Марокконың Рабат қаласында пара жеңіл атлетикадан Гран-приде қазақстандық пара спортшылар 1 алтын, 4 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, диск лақтырудан F-53 класында өнер көрсеткен Махамбет Серикалиев жеңімпаз, ал Санат Есмахамбет қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Семейде үшінші жылу электр орталығының құрылысы басталды

Arna Press, 18 апреля 2026 в 17:48

Семейде үшінші жылу электр орталығының құрылысы басталды
Семей қаласының сол жағалауындағы Степной кентінде үшінші жылу электр орталығының (ЖЭО-3) құрылысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жобамен танысу мақсатында Абай облысына «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Берік Уәлимен бірге құрылыс алаңын аралады.Жаңа нысанның құрылысы бойынша 2025 жылдың қазан айында ҚР Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымы — «Семей Энерго» ЖШС арасында келісімшарт жасалған. Қазіргі таңда жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, EPC-келісімшарт негізінде жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.Жобаның қуаты 405 МВт электр энергиясын және 1000 Гкал/сағ жылу энергиясын өндіруге есептелген.

Конькимен жүгіруші Надежда Морозова 2026 жылғы Олимпиада ойындарында екінші мәрте үздік ондыққа енді

SportInfo, 13 февраля 2026 в 07:46

Конькимен жүгіруші Надежда Морозова 2026 жылғы Олимпиада ойындарында екінші мәрте үздік ондыққа енді
Қазақстандық конькимен жүгіруші Надежда Морозова Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында 5000 метр қашықтықта өнер көрсетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Отандасымыз 7:04.81 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, оныншы орынға тұрақтады. Италия спортшысы Франческа Лолобриджида Олимпиада чемпионы атанды — 6:46.17.

Астанада қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 80-нен астам адамды алдап кетті

Arna Press, 04 октября 2023 в 13:58

Астанада қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 80-нен астам адамды алдап кетті
Астанада қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 80-нен астам адамды алдап кетті деп Sterling Invest» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚМА Астана қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аталған ЖШС құрылыс материалдарын сатып алу үшін салымшылардың қаражатын тартып, 20%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерінде сыйақы беруді уәде етіп, заңсыз әрекеттерді жүзеге асырғаны анықталды.Инвестицияның ең төменгі сомасы – 200 000 теңге.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 4 новости из 4