Популярные темы

Апат салдарынан: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Семей қаласында жол-көлік оқиғасы тіркелді

Arna Press, 12 мая 2026 в 18:08

Семей қаласында жол-көлік оқиғасы тіркелді
2026 жылғы 12 мамыр күні сағат 12:14 шамасында Семей қаласындағы жаңа мешіт маңындағы айналма жолда жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиғаға «Lada Vesta» және «Mercedes-Benz» автокөліктері қатысқан, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Алдын ала мәлімет бойынша, 48 жастағы «Lada Vesta» көлігінің жүргізушісі қатар ауыстыру кезінде манёврдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, 32 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Mercedes-Benz» көлігімен соқтығысқан.Жол апаты салдарынан екі жүргізуші де медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді.Оқиға орнында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмыс істеп, апаттың барлық мән-жайын анықтауда және жол қозғалысын реттеу шараларын жүргізуде.Фото: ПД

Семейде тағы жол апаты

Arna Press, 27 марта 2026 в 18:38

Семейде тағы жол апаты
2026 жылғы 27 наурыз күні Семей қаласында үш бірдей көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға Қабанбай батыр мен Уранхаев көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.Алдын ала мәліметке сәйкес, 27 жастағы жүргізуші басқарған Chevrolet Cobalt көлігі екінші дәрежелі жолдан басты жолға шығу кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбей, басты бағытта келе жатқан ГАЗ-33021 автокөлігімен соқтығысқан.

Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеудің алдын ала қорытындысы шықты

Arna Press, 05 февраля 2025 в 10:58

Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеудің алдын ала қорытындысы шықты
ҚР Көлік министрлігі Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer-190 ұшағына қатысты тергеудің алдын ала есебін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Есептегі мәлімет бойынша, Грозный әуежайына екі рет қона алмағаннан кейін экипаж Бакуге оралуды ұйғарған.

Ақтөбе облысында бір айда 33 жол апаты тіркелген

Arna Press, 01 августа 2023 в 11:38

Ақтөбе облысында бір айда 33 жол апаты тіркелген
Шілде айында Ақтөбе өңірінде 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 11 адам қаза тауып, 49 адам түрлі жарақат алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Апаттардың негізгі себептері – жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, жүру бөлігінде қауіпсіз қашықтықты сақтамау, қарсы бағыттағы жолаққа шығу.27 шілде сағат 14:30-да Toyota Ipsum автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Ырғыз ауылына қарай келе жатып, Самара – Шымкент автожолының 994-километрінде көліктің аударылуына жол берген.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 4 новости из 4