Популярные темы

Алтынды: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Қазақстанның жасөспірімдері әлем чемпионатында 21 медаль жеңіп алды

SportInfo, 21 апреля 2026 в 12:26

Қазақстанның жасөспірімдері әлем чемпионатында 21 медаль жеңіп алды
Әр алтын медаль — бөлек спортшыға тиесілі. Бірде-бір қайталау, тоғыз түрлі есім, бір құрамада тоғыз әлем чемпионы. Міне, сербиялық Врнячка-Баня қаласында өткен рапид және блиц бойынша әлем чемпионатында қазақстандық жасөспірімдердің көрсеткен нәтижесі осындай. Бұл — осындай турнирлер тарихындағы еліміздің ең үздік медальдық көрсеткіші.

Қазақстандық фристайлшылар Азия ойындарында тарихи алтынды жеңіп алды

Arna Press, 11 февраля 2025 в 12:48

Қазақстандық фристайлшылар Азия ойындарында тарихи алтынды жеңіп алды
Харбин қаласында өтіп жатқан IX Қысқы Азия ойындарында еркін стильдегі акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы синхронды секіру бойынша тарихи алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстандық спортшылар Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов 2025 жылғы Азия ойындарындағы алтын үшін күресте керемет шеберлік көрсетіп, барлық бәсекелестерін басып озды.Олар өз өнерін 97,92 ұпаймен аяқтап, күміс және қола жүлдегер атанған Қытайдан келген екі жұпты басып озды.Осылайша, қазақстандық фристайл тарихында тұңғыш рет Азия ойындарында біздің құрама алтынға қол жеткізді.2025 жылғы Азия ойындарында Қазақстанға екінші алтынды Хаширбаев пен Иванов әкелді.

Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасын жеті медальмен аяқтады

Arna Press, 12 августа 2024 в 11:18

Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасын жеті медальмен аяқтады
Франция астанасында өткен ойындарда қазақстандық спортшылар жеті медаль жеңіп алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ел қоржынына жалғыз «алтынды» дзюдошы Елдос Сметов салды, ол 60 келі салмақ дәрежесінде үздік атанды.Қазақстандық атлеттер үш рет тұғырдың екінші сатысына көтерілді.

Нұржан Батырбеков Қазақстанға 7-алтынды сыйлады

Arna Press, 05 октября 2023 в 15:18

Нұржан Батырбеков Қазақстанға 7-алтынды сыйлады
Джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.69 кг дейінгі салмақтағы қазақ спортшысы финалда Мұхаммед әл Суваидиден (БАӘ) соңғы секундта жеңісті жұлып әкетті.

Қазақстан Азия ойындарында алғашқы алтынды жеңіп алды

Arna Press, 27 сентября 2023 в 15:18

Қазақстан Азия ойындарында алғашқы алтынды жеңіп алды
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Зоя Кравченко, Әсем Орынбай мен Ольга Панарина үштігі скит сайысында алдына жан салмады. Одан өзге олар 350 ұпаймен Азия ойындары рекордын жаңартты.Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 7 қола медаль бар.Азия ойындары 23 қыркүйек күні басталды, 8 қазанға дейін жалғасады. Қазақстаннан 524 спортшы қатысып жатыр.Сурет: Tengrinews.kz
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 5 новостей из 5