Италияның Linea Tempo атты мәдени журналында Абай Құнанбайұлына арналған көлемді мақала жарық көрді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі 24.kz сілтеме жасап.Италиялық филолог Фьоренца Боскидің бұл еңбегі қазақ ақынының әлем әдебиетіндегі орыны мен еліміздің рухани мұрасына қосқан үлесін тереңінен талдайтын зерттеу.«Өзге халықтың поэзиясына үңілу — өз жаныңда да жаңа көкжиектерге терезе ашу».