Популярные темы

балалар: новости — страница 9

Жеке басын куәландыратын құжаттарды тегін алу үшін бірқатар жеңілдік иелеріне мәртебесін растаудың қажеті жоқ

Arna Press, 01 мая 2023 в 13:18

Жеке басын куәландыратын құжаттарды тегін алу үшін бірқатар жеңілдік иелеріне мәртебесін растаудың қажеті жоқ
Ішкі істер министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп азаматтардың әлеуметтік мәртебесін автоматты түрде растау үшін ақпараттық жүйелердің интеграциясын іске асырды,– деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл оларға жеңілдіктің бар екендігі туралы растайтын құжаттарды ұсынбай, паспорттар мен жеке куәліктерді алуға мүмкіндік береді.Енді көші-қон қызметінің ақпараттық жүйесі онлайн-режимде азаматтың «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 622-бабына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылған санаттардың бірі саналатынын айқындайды.Оларға: – «Батыр Ана» атағына ие болған;– «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар;– мүгедектігі бар адамдар;– Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар;– ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар және басқалар жатады.Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар» және «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі, балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын балалар» санаттарына жататын азаматтар туралы мәліметтер жоқ, осыған байланысты олар өздерінің әлеуметтік мәртебесін қағаз жүзінде растауы керек.Бұдан басқа, осы жылдың ақпан айында Салық кодексіне 16 жасқа дейінгі балаларға паспорт бергені үшін мемлекеттік бажды 8-ден 4 айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету туралы түзетулер енгізілді.

Семейлік музыкант өз ауласында «Сақ шатырын» тікті

Arna Press, 01 мая 2023 в 01:28

Семейлік музыкант өз ауласында
Серәлі Мұхамедсалықов халық арасында танымал музыкант. Бірақ, соңғы кездері отандастары оны ерекше баспанасы арқылы танып жатыр. Arnapress.kz тілшісі сақ дәуірінің шатырын өз көзімен көріп қайтты.«Шығыс» кеңтіндегі саяжалардың бірінде ерекше үй бар. Сыртынан бірден байқалмайды, алайда жақындаған сайын шатырдың төбесіндегі найзаны көруге болады.

Семейде жаңа демалыс орны салынады

Arna Press, 21 апреля 2023 в 11:08

Семейде жаңа демалыс орны салынады
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ағымдағы жылы пайдалануға берілетін қоғамдық кеңістіктерді қолданысқа беру бойынша көшпелі кеңес өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала басшысы әкімдіктің жауапты қызметкерлерімен бірлесіп Жамақаев көшесіндегі емханадан Чайковский көшесіндегі жанармай құюға дейінгі аумақта сквер салу жоспарын талқылады.

Президент Семейді абаттандыру керек екенін айтты

Arna Press, 19 апреля 2023 в 14:28

Президент Семейді абаттандыру керек екенін айтты
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Президент бүгінгі күні өзекті болып тұрған мәселелерге тоқталып, алда атқарулуы тиіс жұмыстарды айқындап берді.Қасым-Жомарт Тоқаев қайта құрылған Абай облысының орталығы Семей қаласын да атап өтті.«Семей еліміздің әдемі және тарихи орталықтарының бірі болып саналады.
Показано 4 новости из 244