Популярные темы

басе: новости — страница 8

Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану

Магнолия, 28 марта 2024 в 16:48

Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану
«Тиісті тауар нарығындағы нарық субъектісінің немесе бірнеше нарық субъектілерінің нарық субъектісіне немесе бірнеше нарық субъектілеріне тиісті тауар нарығын бақылауға, оның ішінде тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі ықпал етуге мүмкіндік беретін жағдайы үстем немесе монополиялық жағдай деп танылады». Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тиiстi тауар нарығына кiрудi шектеуге, бәсекелестiктi болғызбауға, шектеуге және жоюға алып келген немесе алып келетін және (немесе) нарық субъектісінің немесе белгілі бір тұтынушылар тобының заңды құқықтарына қысым жасайтын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), оның iшiнде:.

Монополияға қарсы ден қою шаралары туралы

Магнолия, 28 марта 2024 в 16:38

Монополияға қарсы ден қою шаралары туралы
Бүгінгі таңда монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) болуы туралы хабарлама монополияға қарсы әсер ету құралын белсенді қолданады. Яғни, іс жүзінде бұл құрал Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына жол бермеу үшін алдын алу шарасы ретінде қарастырылады.

Әдеп кодексін сақтау мемлекеттік қызметкердің басты міндеті.

Магнолия, 27 марта 2024 в 13:28

Әдеп кодексін сақтау мемлекеттік қызметкердің басты міндеті.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен қабылданған. Бұл Кодексте мемлекеттік қызметшілердің моральдық – әдептілік нормаларына сәйкес, әдептілік бейнесіне қойылатын талаптары, сондай-ақ мінез құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттығы, қызметтік қатынастардағы көпшілік алдындағы, оның ішінде бұқараралық ақпарат құралдарына сөйлеумен байланысты мінез – құлықтар стандарттары белгіленген.

Өрт сөндірушілер мұнара кранының өртін жойды

Arna Press, 25 марта 2024 в 13:18

Өрт сөндірушілер мұнара кранының өртін жойды
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдедіБайқоңыр ауданында жаңа ғимараттың аумағында 12-қабат деңгейінде мұнара кранының кабинасы өртенді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.«Өрт толығымен сөндірілді. Өрттің ауданы — 1,5 ш. м. Медициналық тексеруден кейін краншы ауруханаға жатқызудан бас тартты», делінген хабарламда. Өртт сөндіруге Астана қаласы ТЖД 8 адам және 2 техника жұмылдырылды.Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл облысында ағымдағы жылдың ақпан айында алименттік қарыз 35 млн теңгеге өтелді

Магнолия, 24 марта 2024 в 00:08

Жамбыл облысында ағымдағы жылдың ақпан айында алименттік қарыз 35 млн теңгеге өтелді
Алимент алуға кәмелетке толмаған балалар, ал кейбір жағдайларда еңбекке жарамсыз және мұқтаж кәмелетке толған отбасы мүшелері құқылы. Ата-аналардың негізгі міндеттерінің бірі кәмелетке толмаған балаларды, сондай-ақмүгедек, мұқтаж кәмелетке толған балаларды асырау мен қамтамасыз ету болып табылады («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 138-бабының 1 тармағы, 143-бабы). «Алимент» терминінің мағынасы бір адамның екінші адамға қаржылық қолдау көрсетуін білдіреді.

Этникалық пойыздар жолаушыларды ұлттық тағамдармен қуантты

Arna Press, 20 марта 2024 в 14:38

Этникалық пойыздар жолаушыларды ұлттық тағамдармен қуантты
Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды безендірілген пойыздармен, ұлттық тағамдармен және сазды әуенмен қуантты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.Наурыз мейрамы қарсаңында елордалық вокзалдардың перронынан №3/4 «Астана-Алматы», №85/86 «Астана-Шымкент» және №7501/7502 «Астана-Павлодар» бағыттары бойынша этникалық стильде безендірілген пойыздар рейске шықты.

Алматыда экс-полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптағаны үшін сотталды

Arna Press, 19 марта 2024 в 20:18

Алматыда экс-полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптағаны үшін сотталды
Алматыда экс-полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.2024 жылғы 19 наурызда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында «қаңтар» оқиғасы кезінде азаптау қолдану фактісі бойынша үш полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды (ҚК-нің 146-бабы).Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеді.Прокурорлар 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасында жеткізілген 3 азаматқа қатысты кінәлі полицейлер азаптау қолданғанын дәлелдеді.Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде үш жәбірленушілерге тән азаптары келтірілген.Соттың үкімімен үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, аталған адамдар сот залында қамауға алынды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.Сурет: Tengrinews.kz

Жамбыл облысында ағымдағы жылдың ақпан айында алименттік қарыз 35 млн теңгеге өтелді

Магнолия, 19 марта 2024 в 17:28

Жамбыл облысында ағымдағы жылдың ақпан айында алименттік қарыз 35 млн теңгеге өтелді
Алимент алуға кәмелетке толмаған балалар, ал кейбір жағдайларда еңбекке жарамсыз және мұқтаж кәмелетке толған отбасы мүшелері құқылы. Ата-аналардың негізгі міндеттерінің бірі кәмелетке толмаған балаларды, сондай-ақмүгедек, мұқтаж кәмелетке толған балаларды асырау мен қамтамасыз ету болып табылады («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 138-бабының 1 тармағы, 143-бабы). «Алимент» терминінің мағынасы бір адамның екінші адамға қаржылық қолдау көрсетуін білдіреді.

Әжейдің 100 млн теңгесін жымқырған ұрыларды криминалист қорапта қалған аяқ іздері арқылы анықтады

Arna Press, 14 марта 2024 в 16:28

Әжейдің 100 млн теңгесін жымқырған ұрыларды криминалист қорапта қалған аяқ іздері арқылы анықтады
Әжейдің 100 млн теңгесін жымқырған ұрыларды криминалист қорапта қалған аяқ іздері арқылы анықтады, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.2023 жылғы маусымда Петропавл қаласындағы пәтерлердің біріне қоңырау соғылды. Егде жастағы әжей есікті ашты. Босағада суға арналған «Аквафор» сүзгісі құрылғысын тиімді жеңілдікпен орнатуды ұсынған екі жас жігіт тұрды.

Үкімет басшысы Қазақстанда қымбаттаған өнімдерді атады

Arna Press, 12 марта 2024 в 14:28

Үкімет басшысы Қазақстанда қымбаттаған өнімдерді атады
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда қымбаттаған өнімдерді атады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«2 айдың қорытындысы бойынша инфляция жылдық мәнде баяулап, 9,3 пайыз болды. Бұл ретте оны 8 пайыз дәлізінде ұстап тұру міндеті тұр. Күріш, жұмыртқа, жемістер, сусындар, сары май және макарон өнімдерінің бағасы қымбаттаған», — делінген хабарламада.Бектенов бағасы өсіп кеткен позициялардың саны едәуір көп екенін айтты.«Демек бұл орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді», — деді Үкімет басшысы.Үкімет басшысының айтуынша, осы бағыттағы жұмыста тұрақтандыру қорлары, форвардтық келісімшарттар, өнім құнын арзандатуды субсидиялау, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша сауда субъектілерімен келісімдер жасау сияқты пәрменді тетіктерді белсенді пайдалану керек.Сонымен қатар, импортқа тәуелді өнім өндірісін кеңейту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруге арналған басым дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайту қажет.Сурет: Tengrinews.kz

Семейде «Бобровка» мен «Мұрат» саяжайында қайта кооператив құрылады

Arna Press, 11 марта 2024 в 20:38

Семейде
Семейдегі «Бобровка» мен «Мұрат» саяжайына қатысты бір-шама шу болғаны белгілі. Сотта іс қозғалып, кейіннен саяжай қаланың Бас жоспарына енді деді. Бүгін қала әкімі тұрғындармен кездесуде, қайта кооператив құрылатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Кездесуге келген саяжай тұрғындарының көкейінде бір-неше сұрақ жүрді.

Бишімбаев кінәсін мойындаудан бас тартты

Arna Press, 11 марта 2024 в 19:48

Бишімбаев кінәсін мойындаудан бас тартты
Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев өз кінәсін мойындаудан бас тартты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сондай-ақ, Бишімбаев өз ісін ашық процесте БАҚ қатыса алатын алқабилер соты қарағанын қалайтынын айтты.Айта кетейік, 16 қаңтарда айыпталушыға тағы бір қылмыстық бап – «Қинау» (ҚК-ның 110-бабы 2-бөлігі) бойынша айып тағылғаны белгілі болды.

ҚМДБ: Биыл пітір мөлшері 640 теңге болып белгіленді

Arna Press, 05 марта 2024 в 21:58

ҚМДБ: Биыл пітір мөлшері 640 теңге болып белгіленді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері 640 теңге болып белгіленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.

Писториус: утечка переговоров военных — часть информационной войны России

Газета.ru, 04 марта 2024 в 02:06

Писториус: утечка переговоров военных - часть информационной войны России
Борис ПисториусПубликация разговора командующего немецкими ВВС Инго Герхарца с несколькими офицерами, в котором обсуждается возможный удар по Крымскому мосту, — это часть «информационной войны», которую проводит Россия, считает министр обороны Германии Борис Писториус. Он выступил с заявлением по поводу ситуации с прослушкой телефонных обсуждений в бундесвере, пишет газета Bild. «Это гибридная дезинформационная атака — речь идет о расколе, о подрыве нашего единства [в части поддержки Украины]», — заявил Писториус и предостерег от «попадания на крючок Путина».

Қазақстандықтар уақыт белдеуін ауыстырғаннан кейін бір күнге «қартайған»

Arna Press, 01 марта 2024 в 14:28

Қазақстандықтар уақыт белдеуін ауыстырғаннан кейін бір күнге
Сағат тілі ауысқаннан кейін кейбір қазақстандықтар қызық өзгерістерге тап болды — электрон құжаттарда туған күні өзгерген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Банктердің бірінің «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі, сондай-ақ eGov.kz сайтында қазақстандықтар бір күнге «қартайғанын» — туған күні өзгергенін анықтады.Бұл Астана, Алматы, Шымкентте және еліміздің тағы 12 облысында сағат тілі бір сағатқа артқа жылжыған күннің ертеңінде байқалды.

Тараз қаласы

Магнолия, 29 февраля 2024 в 19:58

Тараз қаласы
Тараз қаласы №2 соты мемлекеттік орган өкілдері мен сот орындаушыларының қатысуларымен «Сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиынды ашқан сот төрагасы Е.Дүйсенбаев сот актілерінің орындалуы құқықтық тәжірибенің ең маңызды бөлігі екенін, заңды күшіне енген сот актілерінің ҚР аумағында қатаң орындалуы міндетті және орындалмаған жағдайда заңмен көзделген жауапкершілік қарастырылғанын мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының судьялары

Магнолия, 29 февраля 2024 в 17:38

Қазақстан Республикасының судьялары
Қазақстан Республикасының судьялары, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын басшылыққа ала отырып; Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының, Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пакті ережелерінің, БҰҰ Бас Ассамблеясының Қарарымен мақұлданған сот органдары тəуелсіздігінің негізгі қағидаларының маңыздылығын сезіне отырып; судьялардың тəуелсіздігі, объективтілігі, теңдігі, адалдығы мен сатылмайтындығы, құзыреттілігі мен ұқыптылығы жəне əдеп нормаларын сақтау туралы судья — лардың жүріс-тұрысының Бангалорлық қағидаттары мен қағидаларын ескере отырып; үстемдікті құқық пен демократияның, ал сот билігінің тəуелсіздігін əділ сот талқылауына деген құқықтың базалық элементі ретінде мəлімдей отырып; азаматтардың, қоғамның адамагершілік, адалдық пен сатылмайтындық мəселелерінде биліктің сот тармағына, сон — дай-ақ сот жүйесінің беделіне деген сенімі қазіргі демокра — тиялық қоғамда аса маңызды рөлге ие екендігін мойындай отырып; осы Судьялық əдеп кодексін (бұдан əрі – Кодекс) қабылдай отырып, жұмыс істеп жүрген судьялар мен отставкадағы судьялар үшін жүріс-тұрыстың мынадай əдеп қағидаларын белгілейді.

Соттар жекеше айыптау

Магнолия, 29 февраля 2024 в 17:38

Соттар жекеше айыптау
Соттар жекеше айыптау қылмыстық істері бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың ар-намысын, қадір-қасиетін және жеке басына қол сұғылмаушылық құқықтарын, олардың басқа да конституциялық құқықтарының сотта қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында заң талаптарын нақты және бұлжытпай орындауы керек. 2. Жекеше айыптауды қозғауға жәбірленушінің: 18 жасқа толған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі -ҚПК) 71, 76-баптарында көрсетілген жәбірленушінің заңды өкілдерінің және өкілдерінің шағымы себеп болады. ҚПК-нің 32-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, егер әрекет дәрменсiз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзiне тиесiлi құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабiлетсiз тұлғалардың мүдделерiн қозғайтын болса, прокурор жекеше айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң шағымы болмаған кезде де iс қозғауы мүмкін. Қылмыстық ізге түсуден артықшылықтары мен иммунитеттері бар тұлғаларға қатысты ҚПК-нің 57-тарауында белгіленген іс жүргізу ерекшеліктері жекеше айыптау бойынша іс жүргізу кезінде де қолданылатынын соттар есте сақтауы керек. Қылмыстық ізге түсуден артықшылықтары мен иммунитеттері бар тұлғаларға қатысты жекеше айыптау тек прокурормен заңда белгіленген тәртіпте және негіздерде қозғалады.

Семейде 20 млн теңгеге есірткі тәркіленді

Arna Press, 29 февраля 2024 в 14:28

Семейде 20 млн теңгеге есірткі тәркіленді
Семей қаласында арнайы бөлімшенің күштік қолдауымен синтетикалық есірткінің ірі сатушыларының қызметі тоқтатылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ұсталғандардың үйін тінту кезінде салмағы 500 г-нан асатын «мефедрон» психотроптық затын тауып, тәркіледі.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Arna Press, 27 февраля 2024 в 19:08

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.Жиын барысында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған негізгі әдіс-тәсілдерді жандандыру мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси ахуал жағдайында талқыланып отырған проблематика Қазақстанның экономикалық және әскери әлеуетін нығайту тұрғысынан зор мәнге ие екенін атап өтті.Бұдан бөлек, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндама жасады.

15 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Arna Press, 26 февраля 2024 в 15:18

15 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
15 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.2009 жылы Павлодар полициясына жұбайының жоғалып кеткені туралы ер адам жүгінген. Оның айтуынша, ол досына кетіп, қайтып оралмағанЖоғалған адамды іздестіру басталды, Қазақстан мен көрші мемлекеттің өңірлері бағдарланды, ол жақта жоғалған адам жайлы хабар тараған.

Какой сегодня праздник: 26 февраля

EKaraganda.kz, 26 февраля 2024 в 08:45

Какой сегодня праздник: 26 февраля
Что интересного произошло 26 февраля?Ежегодно 26 февраля в Кувейте отмечается День освобождения Кувейта в честь избавления страны во время военной операции с иракской армией, проходившей 24-28 февраля 1991 года.Операция по освобождению Кувейта была частью войны в Персидском заливе между Ираком и Кувейтом, которая проходила на территориях Ирака, Саудовской Аравии и Кувейта и продолжалась около 7 месяцев – со 2 августа 1990 года по 28 февраля 1991 года.Кувейт в то время поддержали страны созданной Коалиции — США, Великобритания, Саудовская Аравия, Египет и другие.

Трансұлттық ұйымдасқан топтың жетекшісі Польшадан экстрадицияланды

Arna Press, 23 февраля 2024 в 20:08

Трансұлттық ұйымдасқан топтың жетекшісі Польшадан экстрадицияланды
Трансұлттық ұйымдасқан топтың жетекшісі Польшадан экстрадицияланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің көмегімен Польша Республикасынан трансұлттық ұйымдасқан топты құру және басқару үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Украина азаматын экстрадициялады.Ол 2022 жылы құрған қылмыстық топ Қазақстан аумағында аса ірі көлемде психотроптық заттарды өндірумен және сатумен айналысқан.«Тәркіленген заңсыз заттардың көлемі 1 тоннадан астам, ал олардың заңсыз айналымдағы жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайды.Көрсетілген қылмыстарды жасағаннан кейін ұйымдасқан топ мүшелері құрықталды, ал оның жетекшісі жасырынып, оған халықаралық іздестіру жарияланған», — делінген хабарламада.2023 жылдың тамыз айында күдікті Польшаның аумағында ұсталды.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол экстрадицияланып, қазіргі уақытта Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.Сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Дәрігерлер әйелге ота жасаған кезде ішінде жіпті ұмытып кеткен

Arna Press, 22 февраля 2024 в 15:48

Дәрігерлер әйелге ота жасаған кезде ішінде жіпті ұмытып кеткен
Дәрігерлер әйелге ота жасаған кезде ішінде жіпті ұмытып кеткен, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Әйелдің айтуынша, отадан соң үш аптадан кейін ғана оның ауруының себебі дәрігерлер ұмытып кеткен іштегі жіп екені анықталған.Галина Климова ауруханаға қаңтардың аяғында түскен.

Отбасы банк ұсынған «Отау» ипотекасы: сұрақтарға жауап береміз

Крыша, 21 февраля 2024 в 17:47

Отбасы банк ұсынған «Отау» ипотекасы: сұрақтарға жауап береміз
«Отау» бағдарламасының іске қосылуына 10 күн қалды. Бағдарлама операторы жуырда ипотека шарттарын жария етті, бірақ оларға қатысты сұрақ көп. Krisha.kz банк мамандарымен бірге оқырманның сауалына жауап дайындады.Ерекшеліктері:. 1) Қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің атында үй болмауға тиіс. 2) Қатысушыларға балл береді.

Қазақстандағы студенттік стипендияның жаңа мөлшері аталды

Arna Press, 19 февраля 2024 в 18:28

Қазақстандағы студенттік стипендияның жаңа мөлшері аталды
Колледж студенттерінің шәкіртақысы биыл 50 пайызға артады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, 2023 жылдың қыркүйегінде 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50 пайызға өскен. Биыл студенттер стипендиясы тағы 50 пайызға артады.«Орта буын мамандықтарының студенттері қазіргі 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады.

Какой сегодня праздник: 19 февраля

EKaraganda.kz, 19 февраля 2024 в 09:05

Какой сегодня праздник: 19 февраля
Что интересного произошло 19 февраля?Сегодня в Республике Кыргызстан празднуют День сотрудника финансовой полиции. Этот праздник был установлен 17 февраля 2005 года Постановлением Правительства Кыргызской Республики в целях формирования традиций органов финансовой полиции, с целью упорядочения функций и полномочий государственных органов и повышения эффективности борьбы с экономическими видами преступлений.
Показано 30 новостей из 926