Түркістан облысында егістік қурап барады. Басқа жағын айтпай-ақ, бір ғана Жетісай ауданында алты бірдей ауылдық округке су жетпей, диқандар тарығып отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Бұған себеп — Шардара өзенінен су жіберетін каналдың насосостары істен шығуы.