Популярные темы

Тоқаев: новости — страница 7

Тоқаев елдің 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті

Arna Press, 07 августа 2024 в 20:48

Тоқаев елдің 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту туралы» 2024 жылғы 30 шілдедегі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап өтілгендей, экономикалық өсудің сапалық құрамдас бөлігі негізгі капиталға және еңбек өнімділігіне инвестициялардың еселенген ұлғаюы болады, бұл жоғарғы және орта қайта бөлу тауарлары шығарылымының ұлғаюымен қатар жүреді.«Ресурстарды орнықты пайдаланумен және қоршаған ортаны қорғаумен, сондай – ақ Сот төрелігі мен құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі жақсартумен ұштастыра отырып, мемлекеттің бастамалары әрбір азамат үшін тең мүмкіндіктер жасау арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға және инклюзивті қоғам құруға бағытталатын болады», — делінген құжатта.Жоспарды іске асырудың негізгі қағидаттарыҚұрылымдық жаңару және экономиканың тұрақты өсуі — қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға және Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мақсаттарын орындауға байланысты болатын іргелі міндет.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде экономикалық қайта құрулардың негізінде жатқан бес бірізді қағидат айқындалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен кездесті

Akorda.kz (KZ), 01 августа 2024 в 18:36

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен кездесті
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ

Магнолия, 31 июля 2024 в 18:38

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.

Мемлекет басшысы қысқа мерзімді демалысқа шықты

Arna Press, 23 июля 2024 в 12:38

Мемлекет басшысы қысқа мерзімді демалысқа шықты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 23 шілдесінен бастап еңбек демалысында, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Ақпаратты 2024 жылдың 23 шілдесінде Ақорда хабарлады.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады», — деп жазылған хабарламада.2022 жылы Тоқаевтың демалысы тамыз айында болған.

Қазақстанда бұдан былай вейп сатуға болмайды

Arna Press, 20 июня 2024 в 14:28

Қазақстанда бұдан былай вейп сатуға болмайды
Бүгін, 2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.19 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі енді 301-1-баппен «Темекі шегуге болмайтын темекі бұйымдарын, электронды тұтыну жүйелерін (вэйптарды), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтарды айналымы» деген баппен толықтырылды.Баптың ережелері мыналарды көздейді:1.
Показано 30 новостей из 346