Arna Press,
15 ноября 2023
в 11:18
Прокурорлармен кездесу барысында мүгедектер қоғамының өкілдері қаладағы екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) бөлімшелеріне қолжетімділіктің жоқтығы туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.ЕДБ мүгедектігі бар адамдар қаржылық қызмет алуға жиі келетін орындардың бірі болып табылатыны белгілі.Прокурорлар қаладағы банктердің бірде-бір бөлімшесі қойылған талаптарға сәйкес еместігін анықтады, яғни пандустар, мнемосхемалар, арнайы кассалар және т.б. не талапқа сай емес, не мүлде жоқ.Алматыда мүмкіндігі шектеулі 50 мыңнан астам адам тұрады.«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мүгедектер Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен бекітілген, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету құқығын қоса алғанда, барлық әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтары мен бостандықтарына ие.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін Алматы қаласы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаментімен 13 ЕДБ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 83-бабы бойынша 9 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауаптылыққа тартылды», делінген хабарламада.Уәкілетті орган барлық банктерге бұзушылықтарды жою және мүгедектігі бар адамдар үшін көзделген жағдайларды жасау қажеттігі туралы ұйғарымдар берді.Қазіргі уақытта 8 банк өз бөлімшелерін талапқа сәйкестендіріп үлгерді, қалғандары тиісті шаралар қабылдауда.Сурет: Tengrinews.kz
Arna Press,
14 ноября 2023
в 12:38
2024 жылы зейнетақының қандай түрлерін және қаншаға арттыру жоспарланғаны белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында, жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мөлшерде көтерілетні айтылған.«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, 2024 жылға арналған инфляция деңгейі 6-8 пайыз дәлізде көзделетінін ескере отырып, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат олардың мөлшерінің 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9 пайызға өсуін ескере отырып көзделеді», — делінген министрлік хабарламасында.Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 7 пайызға өседі.«Бұдан басқа, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 60 пайыздан 65 пайызға дейін, ал ең жоғары мөлшері – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызынан 105 пайызға дейін артады», — деп толықтырды Еңбек министрлігі.Сондай-ақ, министрліктен 2024 жылы Қазақстандағы зейнетақының ең жоғары және ең төменгі мөлшерін ақшалай түрде жариялау сұралды.Жауапта бюджет туралы заң жобасында 2024 жылы ең төменгі зейнетақы 57 853 теңге, ал базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 28 215 теңге болады деп көзделгені айтылған.2024 жылы жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері 152 295 теңгеге жетеді.«Бұған қосымша мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі ұсынылады, оның ең жоғарғы мөлшері 2024 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 105 пайызын, яғни 45 578 теңге болады.
Arna Press,
09 ноября 2023
в 16:19
Абай облысында мемлекеттік мекемеде «өлі жандар» жұмыс істеген, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аудан прокуратурасы жүргізген талдаумен 2015-2023 жылдар аралығында Бесқарағай ауданының жер қатынастары бөлімінің жүргізушісі ретінде адамды жалған жұмысқа орналастыру фактісі анықталды.«15.08.2023 жылы аудан прокуратурасы бұл фактіні СДТТБТ-де тіркеп, қылмыстық істі тергеу бойынша Абай облысының экономикалық тергеу департаментіне тапсырды», — делінген хабарламада.Тергеу аяқталғаннан кейін ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі бойынша бухгалтерге қатысты қылмыстық іс (қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау) сотқа жіберілді.«Істі қарау аудан орталығының мемлекеттік мекемелерінің бухгалтерлерін шақыра отырып, ашық көрсетілімдік сот отырысында өткізілді, онда сотталушы «К.Н.» өз кінәсін мойындап, мемлекетке 5 млн. теңге көлемінде залал тергеу сатысында өтелгенін түсіндірді.
Arna Press,
08 ноября 2023
в 17:38
Қазақстанның Бас Прокуроры Берік Асылов Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 21-ші отырысына қатысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Отырыс ашылғанға дейін қадағалау ведомстволары басшыларын Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Саяси бюро мүшесі, Саяси-заң комиссиясының хатшысы Чэнь Вэньцин қарсы алды.Қазақстанның Бас Прокуроры өз сөзінде Қазақстан мен Қытай прокуратура органдарының ынтымақтастығының артып келе жатқанын және екі ел көшбасшыларының арасындағы қарым-қатынасты үндестіретінін атап өтті.Қазақстанның Бас Прокуроры Берік Асылов Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 21-ші отырысына қатыстыОтырыс ашылғанға дейін қадағалау ведомстволары басшыларын Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Саяси бюро мүшесі, Саяси-заң комиссиясының хатшысы Чэнь Вэньцин қарсы алды.Қазақстанның Бас Прокуроры өз сөзінде Қазақстан мен Қытай прокуратура органдарының ынтымақтастығының артып келе жатқанын және екі ел көшбасшыларының арасындағы қарым-қатынасты үндестіретінін атап өтті.ШЫҰ отырысында прокуратуралардың (Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, РФ, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия) басшылары мемлекеттік жаңғырту, өңірлік қауіпсіздік, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және прокурорлардың біліктілігін арттыру мәселелерін талқылады.Осы тектес ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қадағалау органдарының басшылары қатысушы елдердің даму процесінде халықаралық қауіпсіздік пен құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында осы ұйымның ықпалын кеңейту, қаржы-экономикалық саладағы қылмыстарға, терроризм мен экстремизмге байланысты есірткі мен киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастықты арттыру, прокурорлық білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мақсатында келісімге келді.Кездесу қорытындысы бойынша прокуратура басшылары бұдан әрі өзара ынтымақтастықтың басым бағыттары мен тетіктерін айқындайтын хаттамаға қол қойды.Сонымен қатар, ШЫҰ алаңында Қазақстанның Бас Прокуроры ҚХР Жоғарғы Халық прокуратурасының Бас прокуроры Ин Юнмен екіжақты кездесу өткізді, онда қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетудің, сотталғандарды берудің, сондай-ақ заңсыз шығарылған активтерді қайтарудың өзекті мәселелерін талқылады.Сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Arna Press,
30 октября 2023
в 11:48
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 534 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 515 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 717 рұқсат (екінші санат).
Akorda.kz (KZ),
26 октября 2023
в 21:16
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
26 октября 2023
в 15:00
Мемлекет осал топтағы азаматтарға берген жалдамалы баспананы халық көп ұзамай жекешелендіре алады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында Парламент Мәжілісінде қандай жұмыс атқарылғаны туралы хабардар етті.
EKaraganda.kz,
19 октября 2023
в 12:35
В честь Дня Республики с 19 октября в Историко-краеведческом музее пройдет музейный квест «Содружество республик» для студентов города, в этот же день в городском парке культуры и отдыха пройдет молодежный патриотический квест, а также во Дворце спорта поселка Актау пройдет чемпионат города по Асық ату и бес асық, 20 октября во Дворце культуры Темиртау пройдет мүшайра «Жырлаймын сені Қазақстан», 21 октября в городе пройдет экологическая акция «Жаңа Қазақстан.Таза табиғат» в рамках которого на спортивных площадках перед стадионом «Металлург» будет установлен контейнер для раздельного сбора мусора, также будут организованы мероприятия по очистке парков и скверов.
Arna Press,
16 октября 2023
в 10:48
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлерімен қаражат жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастаған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның айтуынша Ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуы тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін аталған университетке 55 млн теңге бөлген.«Зерттеу нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланып, содан кейін патенттелуі керек еді.