Arna Press,
14 апреля 2025
в 14:38
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің үздік педагогтері және ардагер ұстаздармен онлайн форматта кездесу өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ашық диалог алаңына айналған басқосудың мақсаты – білім беру жүйесіндегі ұстаз мәртебесін көтеру, педагогтердің қоғамдағы рөлі мен тәлімгерлік тәжірибесін кеңінен насихаттау.Кездесуге еліміздің барлық өңірінен 100-ге жуық педагог қатысты.
Arna Press,
14 апреля 2025
в 14:38
Семейде көшедегі сауда орындары тексерілуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кезекті рейд аясында топ мүшелері Семей қаласының сауда нүктелеріне мониторинг жүргізді. Тексеру барысында абаттандыру қағидалары мен санитариялық талаптардың бұзылғаны анықталды.
Arna Press,
09 апреля 2025
в 16:18
Өңір басшысы Берік Уәли шет елдік инвесторлармен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Түркияның «Miryidiz Mining» компаниясының өкілдері аймақ басшысына «Жанан» жобасын таныстырды. Шет елдік компания облыс аумағында тау-кен байыту комбинатын салуды жоспарлап отыр.
Arna Press,
09 апреля 2025
в 11:38
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағына барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомтсвоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Айта кету керек, тыйым Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды.Тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді.«Осы кезеңдерде жұмыртқаға сұраныстың төмендеуі байқалады, нарықтың қажеттіліктері өнеркәсіптік өндіріс арқасында және үй шаруашылығы өнімдерінің нарықта белсенді болуымен толығымен жабылады.
Arna Press,
09 апреля 2025
в 11:38
Бесқарағай ауданының Глуховка ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ашылу салтанатына өңірге жұмыс сапарымен келген Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, мемлекеттік органдар мен өрт сөндіру қызметінің өкілдері, жергілікті тұрғындар, қатысты.Министр өз сөзінде елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде осындай инфрақұрылымдардың маңызы зор екенін атап өтті.
Arna Press,
08 апреля 2025
в 16:18
Абай облысында ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін 1300-ден астам құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жыл басынан бері 1316 адам Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы — «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Құқықбұзушылықтар Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы тіркелуде.
Arna Press,
08 апреля 2025
в 15:28
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Жеңістің 80 жылдығына арналған «80 игі іс – Жеңіске!» атты жалпыреспубликалық акция аясында Семей қаласындағы қан орталығына барып, ерікті түрде қан тапсырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шара барысында әскери қызметшілер қан тапсыру тәртібімен танысып, дәрігерлерден алдын ала тексеруден өтті.
Arna Press,
08 апреля 2025
в 15:28
Қала әкімі Талғат Мұратов жылыту маусымының нәтижесі мен келесі маусымға дайындықты жоспарлау үшін жиын өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Биыл жылыту маусымы ақаусыз өтіп, орталықтандырылған жылыту жүйесімен барлығы 2 535 тұрғын үй, 2 404 заңды тұлға (ЖШС, АҚ, ЖК), 134 білім беру мекемесі, 37 денсаулық сақтау ұйымы, 26 әкімшілік ғимарат қамтылды.«Ауа райының жылынуына байланысты қалада 10 сәуірден бастап жылу беру кезең-кезеңімен өшіріле бастайды», — делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.2024 жылы жоспар бойынша ЖЭО–1 және 9 жылу көзінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 3,76 шақырым болатын ОЖП-518 және кварталіші жылу желілерінің реконструкциясы аяқталды.
Arna Press,
08 апреля 2025
в 12:18
Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы негізгі медициналық мекемелерді аралады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аймақ басшысы облыстық жедел жәрдем ауруханасы мен №1 қалалық емхананың өзекті мәселелерімен танысты. Облыстық жедел жәрдем ауруханасы 2013 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып, пайдалануға берілген.
Arna Press,
07 апреля 2025
в 13:48
Шекаралық бақылау кезінде ірі көлемдегі қолма-қол ақшаның заңсыз тасымалдануы анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2025 жылғы 2 сәуірде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің Семей шекара басқармасына қарасты «Ауыл» автомобильдік шекаралық бақылау бөлімшесінің шекара наряды «Семей – Новосибирск» бағытында кетіп бара жатқан Volkswagen маркалы көлікті тоқтатты.«Көлік жүргізушісі – И.Е. есімді ҚР азаматы.
Arna Press,
07 апреля 2025
в 13:48
Семейдегі жалпықалалық сенбілікке 20 мыңнан астам адам қатысып, 1000 текше метрден астам қоқыс полигонға шығарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыстың барлық қала-аудандарында сенбілік ұйымдастырылды. Қатысушылар аумақтарды күл-қоқыстан тазартып, жасыл аймақтарды ретке келтірді.
Arna Press,
07 апреля 2025
в 11:18
Семей қаласының орталық алаңында ТЖД-не арнайы техникалардың кілтін тапсыру рәсімі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жаңа арнайы техникалардың кілті Қасым Қайсенов атындағы №68303 әскери бөлімінің жеке құрамына тапсырылды.Облыс құрылғалы бері өңірге 28 өрт сөндіру техникасы мен 24 инженерлі техника берілген.
Arna Press,
05 апреля 2025
в 13:18
Бесқарағай ауданындағы «Семей орманы» табиғи резерватының Морозов филиалы аумағындағы орман өрті бүгін, сағат 8.00-де оқшауланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттері, облыстық Полиция департаменті, «Семей орманы» мен «Ертіс орманы» мекемелерінің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар жағдайды әлі де бақылауда ұстап отыр. Қарағанды облысы мен Астана қаласынан қосымша күштер мен техника көмекке келді.Алдын ала болжам бойынша өрт 1200 гектар аумақты шарпыған.
Vera.kz,
05 апреля 2025
в 10:29
Украиналық легионер-Шымкент қаласындағы ең жоғары жалақы алатын ойыншылардың бірі, деп хабарлайды vera.kz«Ордабасы» футбол клубы бірнеше апта бойы ойыншылардың жоғарғы жалақысы бойынша үлкен пікірталас болып, көпшіліктің бас назарында болды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың жақында жасаған сыны Асхат Тағыбергеннің кетуіне алып келді, қазіргі таңда ол қостанайлық «Тоболдың» құрамында.
Arna Press,
28 марта 2025
в 20:28
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновке әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Arna Press,
27 марта 2025
в 13:48
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 13 584 шетелдік азамат жұмыс істейді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Министрліктің мәліметінше, еңбек мигранттарының негізгі шыққан елдері:«Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 569 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 514 рұқсат (екінші санат).
Arna Press,
18 марта 2025
в 18:38
Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 21-мекемеде Наурыз мерекесінің онкүндігі аясында Ұлттық киімдер күні ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Бұл шараны мекеменің тәрбие бөлімі қызметкерлері өткізді.Шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетін ұрпақ жадында жаңғырту. Ұлттық киімдерді кию арқылы қызметкерлер қазақтың бай мәдени мұрасын танытып, ата-бабадан қалған асыл мұраны насихаттады.Мекеме аумағында өткен іс-шарада әрбір қатысушы қазақтың ұлттық киімдерін киіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Arna Press,
18 марта 2025
в 13:28
Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып Азамат Қасым тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қасымов Азамат Әбілұлы 1985 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласындағы «Алматы ақшамы» газетінде тілші болып бастаған.2009-2017 жылдары – «Шығыс Ақпарат» ҚМК қарасты Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде тілші, шолушы, руханият бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары.2017-2020 жылдары — республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.2020-2021 жылдары — «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы филиалының қазақ редакциясының шеф-редакторы.2021-2022 жылдары — республикалық «Айқын» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.2022-2024 жылдары — «Хабар агенттігі» АҚ Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы меншікті тілшісі.2024-2025 жылдары — Абай облысы әкімінің кеңесшісі.Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Arna Press,
17 марта 2025
в 17:48
Семейде Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиын өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысқан отырыста Президенттің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.Аймақ басшысы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, облыстың алдағы даму жоспарлары және өңірдегі қордаланған мәселелер туралы толық баяндағанын атап өтті.
Arna Press,
14 марта 2025
в 16:48
ҰҚК Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті ақпан айындағы жұмыс нәтижелерін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жалған құжатпен шекарадан өтпек болды7 ақпанда Ауыл теміржолдық шекаралық бақылау бөлімшесінде Моңғолия азаматы. ұсталды. Ол Қазақстан азаматы атына тіркелген жалған құжатпен шекараны кесіп өтпек болған.
Arna Press,
14 марта 2025
в 15:28
Қазақстандықтар такси шақыру бойынша рекордты жаңартты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында такси қызметтеріне сұраныс рекорд көрсеткішке жетті. Бұл кезеңде такси арқылы 20,6 миллион жолаушы қатынаған, бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе көп.Қаңтар және ақпан ерекше табысты болған, әр айда шамамен 10 миллион жолаушы тасымалданған.
Arna Press,
14 марта 2025
в 13:18
Қазақстанда шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған жетекші жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 7 наурыздағы бұйрығымен 2025 жылға арналған ғылыми тағылымдамадан өтуге ұсынылатын жетекші шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және басқа да ұйымдардың тізбесі бекітілді.Тізімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия бекіткен ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізбесіне сәйкес ғылыми тағылымдамадан өту үшін жетекші шетелдік 459 жоғары оқу орны енгізілді.Олардың арасында:Ғылыми тағылымдамадан өтуге ұсынылған ғылыми орталықтар мен басқа да ұйымдардың тізімінде 341 шетелдік ұйым бар.Олардың ішінде, атап айтқанда:Бұйрық 2025 жылғы 13 наурызда күшіне енді.Сурет: pexels
Arna Press,
14 марта 2025
в 12:28
Абай облысы бойынша Шекара қызметі шекара бұзушыларды ұстады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.13 наурызда сағат 17:40-та «Дозор тыл» шекара наряды мемлекеттік шекара сызығынан 23 км қашықтықта, «Борас» шекара бөлімшесіне қарасты аумақта үш азаматты ұстады. Олардың бірі – Қазақстан Республикасының, екеуі – Өзбекстан Республикасының азаматтары. Ұсталушылардың өздерін куәландыратын құжаттары болмаған.«Жергілікті жерді тексеру барысында тас жолдан 10 метр қашықтықта хаки түстес екі үлкен брезент сөмке табылды.
Arna Press,
13 марта 2025
в 12:48
Өскемен қаласындағы №47 орта мектепте «Жас сақшы» жас кадеттер сыныбының салтанатты ашылуы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол 7 «В» сыныбынан құралып, қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан полиция капитаны Мұрымбаев Жалелхан Слямханұлының есімімен аталды.Салтанатты іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Манапов Серік Тоқтарханұлы, ІІО ардагерлер кеңесінің өкілдері, қаза тапқан офицердің туыстары, оның жары мен әкесінің жолын жалғастырған және қазіргі уақытта полиция қатарында қызмет ететін ұлы, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары мен мектеп ұжымы қатысты.Өз сөзінде полиция полковнигі Серік Тоқтарханұлы жас кадеттерді маңызды мерекемен құттықтап, олардың таңдаған жолының маңыздылығын атап өтті:«Бүгін сіздер Отанға қызмет ету және құқықтық тәртіпті қорғау дәстүрінің бір бөлігіне айналып отырсыздар.
Arna Press,
13 марта 2025
в 12:48
Мемлекет басшысы 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіЖиында мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 наурызда Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде ұлттық деңгейдегі ұлттық кеңестердің қызметін жалғастыратын Ұлттық Құрылтай құруды ұсынды.
Arna Press,
12 марта 2025
в 13:38
Абай облысында арнайы білім беру ұйымдарының қызметіне кешенді мониторинг басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мониторингті облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев, білім басқармасының басшысы, сондай-ақ адам құқықтары мен бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер жүргізуде.Мониторинг аясында оқу процесі, материалдық-техникалық база және жөндеу жұмыстарының жай-күйі қарастырылады. Әсіресе, шатырды жөндеу мен спорт залдарын салу қажеттілігіне баса мән берілді.Алдын ала мониторинг нәтижелері бойынша арнайы білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары қолға алынады.
Arna Press,
12 марта 2025
в 11:48
Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ел аумағының 71%-ында қар жатқанын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.«Еліміздің оңтүстігінде: Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында, батысында: Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар еріп жатыр», — деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.Ол 11 наурыздағы жағдай бойынша қар астында жатқан аумақ 71%-ды құрайтынын, дегенмен бұл өткен аптаға қарағанда 15%-ға аз екенін атап өтті.«Наурыз айында температура көтеріліп, жауын-шашын көп болса еріген қар суынан тау өзендерінде тасқын жүруі мүмкін.
Arna Press,
12 марта 2025
в 11:48
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыстық прокуратураның үйлестіруімен каннабис тобына жататын есірткі құралдарының ірі жеткізу арнасын ұйымдастырған Өскемен қаласының тұрғыны ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде аталған азаматтың қала аумағында тыйым салынған заттарды сатумен айналысқаны белгілі болды.
Arna Press,
11 марта 2025
в 15:08
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.Облыс әкімі жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілгенін жеткізді. Соның нәтижесінде қаржыландырудың басым бағыттары анықталды. Ал үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады.Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2028 жылға дейін жүзеге асырылатын 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталғаны туралы баяндалды.
Arna Press,
11 марта 2025
в 13:58
«Шығыс» әскери полигонында зымыран әскерінің оқу-жаттығулары өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Тактикалық оқу-жаттығуларына мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздар да қатысты.Осылайша, әскерилер жауынгерлік даярлықтарын штатты қарулардан атуда және атысты басқаруды ұйымдастыруда өздерінің тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.Тактикалық оқу-жаттығуына дайындалу алдын ала жүзеге асырылды.