Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Бұған дейін ол Президентінің Кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болған.Берік Уәли 1977 жылы бұрынғы Семей облысында дүниеге келген.Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Кинотанушы», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» (магистратура), сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын 1997 жылы «Таң» телекомпаниясында «Алматы жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының тілшісі болып бастаған.1998-1999 жылдары – «НТК» телеарнасында «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының шығарушы редакторы.2000-2007 жылдары – «31 канал» телерадиокомпаниясында» «Информбюро» ақпараттық бағдарламасының бас редакторы, «Еркін сөз» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі, «Дода» саяси ток-шоуының бас редакторы әрі жүргізушісі.2007-2012 жылдары – «Хабар» Агенттігі» АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы жаңалықтар қызметінің тілшісі,.