Крыша,
24 января 2024
в 15:17
Қаңтардың 22-сінен 23-іне қараған түні Алматы мен облыста жалға берілетін үйге сұраныс күрт артты. Бірақ бұл бағаға әсер еткен жоқ. 24 қаңтардағы мәлімет бойынша нарықта басқа өзгеріс жоқ. Пәтер сататындардың саны артпады, халықтың жаппай Астанаға ағылып жатқаны да байқалмайды.Талдаушылар берген мәлімет бойынша қысқа мерзімге жалға берілетін үй, саяжай алатындар көбейген.
Arna Press,
24 января 2024
в 14:38
Заң жобасында басқалармен қатар жаңа туған нәрестелерге ЖСН беру қарастырылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Заң жобасы Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Ол мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бағытталған.Жаңа туған нәрестелердің жеке деректерін жоғалту қаупін жою үшін заң жобасында бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беру ұсынылады.
Крыша,
24 января 2024
в 14:17
23 қаңтарға қараған түні Алматыда жер сілкінді. Эпицентрі қаланың оңтүстік-шығысынан 264 шақырым жерде, Қырғызстанмен шекарада болған. Бірнеше минут бойы 5 балға дейінгі жерасты дүмпуі сезіліп тұрды.Мегаполис қауіпті аймақта тұрғаны бәрімізге аян, сондықтан мұндағы әр адам кез келген уақытта зілзалаға дайын болуы керек.
Arna Press,
23 января 2024
в 17:28
Ұлттық қауіпсіздік комитеті психотропты заттардың масштабты өндірісін жойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2024 жылғы 18 қаңтарда Алматы қаласында жалға алынған жеке үйде психотропты заттарды дайындау процессінде есірткі зертханасын ұйымдастырушы, 1997 жылы туған Қазақстан азаматы қылмыс үстінде ұсталды.Тінту кезінде 200 кг астам «мефедрон» есірткісінің дайын өнімі және 100 литр шикізаты алынды.Дайын есірткі заттарының бұндай салмағы, көрсетілген зертхана елде ең ірі болғанына негіздеме береді.Алынған «мефедрон» көлемі шамамен 610 мың бір реттік дозаға эквивалентті.Бұл ретте, есірткілер Қазақстан аумағында өткізу үшін арналған.Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Arna Press,
23 января 2024
в 16:28
Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы әлемде баламасы жоқ дәрі жасалып жатқанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.«Қатерлі ісікке қарсы отандық D-VC (Made in Kazakhstan) препаратын жасау» жобасы бойынша қатерлі ісікке қарсы әлемде баламасы жоқ жаңа препарат қарқынды әзірленіп жатыр.
Arna Press,
23 января 2024
в 16:28
Түркістанда ер адам мешіт ауласында ілулі тұрған күртешені ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол қаладағы мешіттердің бірінде белгісіз біреу оның ілулі тұрған күртешесін, телефоны мен төлқұжаттарын қолды еткенін жазып көрсеткен.«Ақпарат келіп түскен бойда тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға жетті.
Arna Press,
23 января 2024
в 16:28
23 қаңтарда өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматыдағы жер сілкінісі туралы блогерлердің болжамына сену керек пе, жоқ па деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Блогерлердің бірі 15-17 қаңтарда Алматы мен Алматы облысында жер сілкінісі болады деп болжаған.
Arna Press,
23 января 2024
в 11:08
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов қазақстандықтарды үрейленбеуге шақырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Министр 23 қаңтарда түнгі сағат 00.09-де эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қырғызстан және Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелгенін атап өтті.«Сағат 07.00-дегі жедел жағдай бойынша 3 сейсмикалық оқиға тіркелді (00.09 сағат, 00.42 және 01.36 сағат).
Arna Press,
22 января 2024
в 19:38
Қазақстан бойынша 2024 жылғы 24 қаңтарда теледидар мен радио 14 сағатқа өшеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдары бойынша қызметтерді тоқтатып, тоқсан сайын жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізеді.
Arna Press,
22 января 2024
в 17:08
Семейде зергерлік дүкеннен төрт алтын алқа ұрлаған азамат ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семей қаласының Полиция басқармасы жедел басқару орталығына зергерлік павильон иесі хабарласып, дүкеннің тоналғаны туралы хабарлады.Оның айтуынша, белгісіз жас жігіт төрт алтын алқаны ұрлап кеткен.
Arna Press,
22 января 2024
в 15:58
Премьер-министр Әлихан Смайылов БЖЗҚ-дан жинақталған зейнетақы қаражатын алу кезінде жеке табыс салығын (ЖТС) алып тастау туралы ұсынысқа жауап берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Үкімет басшысы сенатор Бекболат Орынбековтың сауалына берген жауабында қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, жеке табыс салығы азаматтардың барлық табысына 10 пайыздық мөлшерлемемен есептелетінін айтты.
Arna Press,
22 января 2024
в 11:48
2024 жылдың 21 қаңтары күні таңертең Жамбыл облысындағы Жиделі-Берлік учаскесінде қайғылы оқиға болды — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі комиссияның тексеру жүргізетінін түсіндірді.«Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқан, бірақ апатты болдырмау мүмкін болмады.
Arna Press,
22 января 2024
в 11:48
Семейде алғаш рет қысқы дрейфтен ашық чемпионат өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«ICE DRIFT BATTLE 2024» чемпионаты Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті. Бұл жарысқа Қарағанды, Өскемен, Павлодар және Семей қаласынан автоспортшылар қатысты.«Мұз үстіндегі дрифт Семейде алғаш рет ұйымдастырылғандықтан, бас төреші Ресей Федерациясының Екатеренбург қаласынан Андрей Паули есімді дривингпен айналысатын спортшы төреші болды.
Arna Press,
22 января 2024
в 11:48
Қазақстанда робот сот орындаушысы іске қосылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ҚР Әділет министрлігі Республикалық ЖСО палатасымен бірлесіп, Тараз қаласында оңтайландырылған атқарушылық өндірісті енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.Осыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда, айыппұлдың 25%-ға дейінгі сомасын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болатын.
Tengrinews,
22 января 2024
в 09:13
Үйлердің қабырғасы сөгіліп, құлауға шақ тұр. Алматы облысында баспаналарының маңынан автокөлік көпірі салынған 4 үйдің тұрғындары шарасыздықтан не істерін білмей отыр. Бір жағынан теміржол өтсе, енді бір жағына көпір салынған үйлердің жалғыз шығар жолы да жекенің меншігінде екен. Бұқара осыдан 4 жыл бұрын «үйлерің сүріледі» деген хабар алғанымен, «жер қатынастары бөлімінен жағдайымызды сұрап келген жан баласы жоқ» дейді.
Arna Press,
20 января 2024
в 14:38
Алматы қалалық полиция департаменті 16 қаңтарда әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг барысында Hongqi маркалы көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Құқық бұзушыға қауіпсіздік белдіктерін пайдалану және көлік құралын міндетті сақтандыру шартымен жүргізу ережесін сақтамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды», – делінген хабарламада.Желі қолданушылары айыппұл арқалаған танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова екенін жарыса жазды.«Бұл оқиғаның болғаны рас.
Arna Press,
20 января 2024
в 12:48
20 қаңтар, сағат 10.00-дегі ахуал бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жамбыл облысында 1 учаске1.«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а.-Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) — 79 км.Жетісу облысында 1 учаске1.
Arna Press,
19 января 2024
в 20:48
Абай облысында мұражайда ілініп тұрған портретте бейнеленген қыз полиция қызметкері болып шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2023 жылдың 8 наурызында Семей қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция қызметкері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырған «Бұрымды қыз» байқауына қатысты.Жарыстары онлайн режимде өткен байқауға ішкі істер органдарының 30-дан астам қызметкері қатысты. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында дауыс беру арқылы Қазақстан полициясының ең сұлу да дарынды қыздары таңдалды.«Абай облысы полиция департаменті атынан Төлепбаева Гүлім Айболатқызы қатысты.
Arna Press,
19 января 2024
в 14:08
Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілген болатын. Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады», — деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіОсылайша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады.«Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, «Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қою керек».Бүгінгі таңда Қазақстанда UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі бар.
Arna Press,
18 января 2024
в 19:58
2023 жылы қазақстандықтар көліктерінің VIP нөмірлерін алуға 10 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсаған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.2024 жылдың 18 қаңтарындағы есеп бойынша, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жыл ішінде 30 мыңға жуық сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін берген.«Көлік иелері олар үшін 10 миллиард теңгеден астам төлеген.
Arna Press,
18 января 2024
в 19:58
Алматы Төтенше жағдайлар департаменті қаңтарда қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні жүру қаупі бар екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қар көшкіні қаупі бар аймаққа кіруді шектеу бойынша, демалушылар мен туристердің өтуін шектеу үшін қар көшкіні қаупі бар учаскелерге автокөліктердің өтуіне ПД қатарынан блокбекеттер қойылды: Кіші Алматы өзені бассейнінде (Эдельвейс», «Шымбұлақ» ТШК жоғары), Үлкен Алматы өзені бассейнінде («Аюсай» бөгетінен жоғары)», — деп хабарлайды Алматы ТЖД.Қар көшкіні кезеңінің басталғаннан бері жолдардың бұрын жабылған учаскелерінде және жету қиын жерлерде жалпы көлемі шамамен 27 мың текше метр болатын 23-тен аса өздігінен қар көшкінінің түсу жағдайы болды.
Arna Press,
18 января 2024
в 16:08
Абай облысында «қауіп тобындағы» мекемелерге бейнекамералар орнатылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осылайша, ойын-сауық мекемесінде жасалған қылмыстар бойынша азаматтардың өтініштерін зерделеу барысында мекеме иесінің азаматтардың заттарының сақталуын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны анықталды.Мекемеге барған азаматтар қалта ұрының құрбанына айналған.
Arna Press,
18 января 2024
в 13:48
Астанада жеке сот орындаушылары мүмкіндігі шектеулі жандарды жәрдемақыдан айырып, есепшоттарын заңсыз басып алған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Астана қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушыларымен мүгедек ретінде әлеуметтік жәрдемақы алушы 27 борышкердің банк шоттарына тыйым салынғанын анықтады.Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуға арналған банк шоттарына тыйым салуға жол берілмейді.Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жарты миллион теңгенің қаражаты қайтарылып, банк шоттарынан тыйым салуды алып тастау қамтамасыз етіліп, 27 тұлғаның 1,2 млн. теңге қаражатқа қол жеткізуіне мүмкіндік берілді.Қазіргі уақытта қала прокуратурасы уәкілетті органмен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруда.
Arna Press,
17 января 2024
в 19:18
Абай облысында білім беру және энергетика саласында мамандар тапшы, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Қазіргі таңда Абай облысында 3 975 бос жұмыс орны болса, оның 790 тұрақты жұмыс орны. Тұрақты жұмыс орындарының жалақысы 85 мың теңгеден 865 мың теңгеге дейін», — делінген облыстық әкімдік таратқан ақпаратта.Сондай-ақ мемлекет тарапынан субсидияланатын, жалақысы 85 мың теңгеден басталатын уақытша жұмыс орындарына үш мыңнан астам бос жұмыс орындары бар.Тұрақты жұмыс орындарына келесі кәсіби бағыттар бойынша кадрларға негізгі қажеттілік анықталды:Сурет: ашық дереккөздерден
Arna Press,
17 января 2024
в 15:08
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «қайтыс болғаннан кейін донор болуға еркі» туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қоғамдық денсаулық сақтау туралы» кодексте келісім презумпциясы деген ұғым бар. Бұл көзі тірісінде ағзасын алуға тыйым салмаған әрбір дені сау қазақстандық қайтыс болғаннан кейін әлеуетті донор ретінде қарастырылатынын білдіреді.
Arna Press,
17 января 2024
в 13:08
Алматыда 19 см қар жауды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 16 қаңтар күні сағат 22:30-дан 17 қаңтар күні таңғы сағат 08:30-ға дейін Алматы қаласында 19 см қар жауды.Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.«Түнде 421 бірлік арнайы техника жұмыс істеді, таңертең 425 бірлік арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде 146 құм таратқыш және 1143 жол жұмысшысы.» Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасыСағат түнгі 02:30-дан бастап жол полициясының патрульдік машиналарының еріп жүруімен 13 колонна қар күреумен айналысты.«Таңғы сағат 05.00-ден бастап 168 бірлік шағын көлемді жинау техникасының күшімен тротуарлар қардан тазартылуда, бұл жұмыс қазіргі уақытқа дейін жалғасуда.
Arna Press,
17 января 2024
в 11:58
2023 жылы арнайы прокурорлар бірқатар резонанстық істерді тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өткен жылы арнайы прокурорлар атышулы істерді қарады. Олар бойынша сотталған:Сонымен қатар жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар — ҰҚТ жетекшісі Жұмагелдиев, ҰҚК 5–ші департаментінің бұрынғы бастығы Ысқақов, Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Құдайбергенов, бандитизм мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін-Махатов (Қорғас қылмыстық ісі бойынша «агент Саныч» деген атпен белгілі), Алматы қаласында метро құрылысына арналған жабдықтарды сатып алу кезінде 5 млрд. теңге жымқырған «Метрополитен» басшылығы, сөндіру барысында орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапқан Абай облысындағы орман өрті үшін «Семей Орманы» резерватының басшылары бойынша істер сотқа жолданды.Сондай-ақ Абай облысындағы өрттер бойынша Экология министрлігінің және бірыңғай энергия жүйесіндегі іркіліске алып келген «KEGOC» пен 3-ЖЭС-тегі апат фактісі бойынша «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізілуде.Қарағанды қаласындағы ерекше балаларға арналған арнайы мекемеде 14 мүгедек баланың улану және Алматыдағы жатақханада 13 адамның өмірін қиған өрт жағдайлары тергелуде.Салдарынан 46 кенші қаза тапқан Костенко атындағы шахтадағы жарылыстарды тергеу аяқталуда.
Arna Press,
16 января 2024
в 19:58
Анасымен жанжалдасқан ақтөбелік азамат 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.15-26 қаңтар аралығында Ақтөбе облысының аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы, мас күйінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғылықты жері бойынша ІІО есебінде тұрған адамдарды тексеру мақсатында «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Arna Press,
16 января 2024
в 18:28
Қазақстанда салынатын үш жаңа ЖЭО-ның алдын ала құны белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Үкімет отырысында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Көкшетаудағы ЖЭО қуаты 240 мегаватт, Семейде — 360 мегаватт, Өскеменде — 360 мегаватт болатынын айтты.
Магнолия,
16 января 2024
в 15:18
Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңының 4 — бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.