Arna Press,
27 сентября 2023
в 15:48
Көкшетау қаласында «Байтақ жер» жобасының қорытындысын шығарған баспасөз конференциясы өтті.Ақмола облысының кәсіпкерлері журналистермен өздерінің жобаға қатысу тәжірибесімен бөлісті. Жоба 1 жыл ішінде 40-тан астам кәсіпкерді туристік бизнес негіздеріне үйретіп, 3 кәсіпкер мен 3 ҮЕҰ-ға қолдау көрсетіп, туризм тақырыбы бойынша онлайн-курс пен подкаст жазды,Конференцияны ұйымдастыруда жобаның серіктесі, Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы көмектесті.
Arna Press,
27 сентября 2023
в 10:48
Абай облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстанда 10 жылдан астам ұлттық алдын алу тетігі институты (ҰАТ) жұмыс істейді, оның мақсаты соттар мен құзыретті мемлекеттік органдардың шешімдері негізінде адамдар уақытша орналастырылатын түзеу мекемелеріне, уақытша ұстау изоляторларына, балалар үйлері мен интернаттарға, қарттар үйлеріне, психикалық денсаулық орталықтарына және т. б. тәуелсіз алдын ала баруды жүзеге асыруға азаматтарды тарту.
Arna Press,
25 сентября 2023
в 15:38
Алматыда 22-23 қыркүйекте өткен «Офтальмологиядағы дәстүрлер мен инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қазақстанның жетекші неонаталдық офтальмологтары Қазақстанда ретинопатия салдарынан жаңа туған сәбилердің көзі көру бойынша мүгедектіктің өсуі тоқтатылғанын растады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі AYALA қайырымдылық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстанда жыл сайын 22 000-нан астам шала туған нәрестелер дүниеге келеді.
Новости пресс-служб,
26 ноября 2014
в 09:32
10-желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыдағы Республика сарайында кешкі сағат 19.00-де қазақ эстрадасының маэстросы, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі, дирижер, аранжировка шебері Нұрлан Байкөзовтың жеке шығармашылық кеші өтеді. Кешке Жұбаныш Жексенұлы, Мақпал Жүнісова, Бағдат Сәмединова, Маржан Арапбаева, М.Арынбаев, Д.Сейітжанов, Сая Маханбетқызы, Е.Әбішев, «Жетіген», «Мюзикола» топтарымен қатар өзге де өнер жұлдыздары қатысады. Концерттен түскен қаржының бәрі қайрымдылық мақсатта жұмсалмақ.