Популярные темы

тіркеу: новости — страница 3

Қазақстанда міндетті дактилоскопияны алып тастау жоспарланып отыр

Arna Press, 29 ноября 2023 в 13:58

Қазақстанда міндетті дактилоскопияны алып тастау жоспарланып отыр
Қазақстанда міндетті дактилоскопиялық тіркеуді (саусақ ізімен анықтау) енгізуді алып тастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазіргі ережелерге сәйкес, саусақ ізін міндетті тіркеу 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталуы керек. Бірақ енді оны алып тастау жоспарланып отыр.

Қазақстанда тыйым салынған көлік нөмірлері аталды

Arna Press, 28 ноября 2023 в 11:28

Қазақстанда тыйым салынған көлік нөмірлері аталды
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі оқылуы мен айтылуы «сөйлеу мәдениетіне жат» болғандықтан алып тасталынған мемлекеттік тіркеу белгілері қатарын көрсетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту комитетінің 2018 жылғы тілдік сараптамасына сәйкес оқуы мен айтылуы сөйлеу мәдениетіне жат заңды және жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу белгілерінің мынадай сериялары диапазоннан алып тасталды», — делінген Tengrinews.kz редакцияның ресми сұрау салуына жауапта.Барлығы ұсынылған тізімде 106 әріп комбинациясы бар.

Қазақстанда қанша жалғызбасты ана мен әке бар

Arna Press, 27 ноября 2023 в 12:08

Қазақстанда қанша жалғызбасты ана мен әке бар
Қазақстанда қанша жалғызбасты ана мен әке тұрып жатқаны белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жалпы, 2022 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалары бар 476 мың жалғызбасты әкелер немесе аналар отбасы бар, оның ішінде 423 959-ы балалы аналар отбасы, 52 мыңы — балалары бар әкелер отбасы.Мұнда әкелер мен аналардың барлық санаты ескерілгені айтылды: жесір, ажырасқан, ешқашан үйленбеген.Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті мәліметінше, 2022 жылы 129 707 жұп некеге отырса, 51 220 жұп ажырасқан.«Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы» кодекстің 17-бабына сәйкес неке кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптының және мүліктік даулардың өзара келісімі бойынша ғана АХАТ органдарында тікелей бұзылуы мүмкін.«Жүргізілген мониторингке сәйкес, тіркеуші органдардың ақпараты бойынша, азаматтар өзара келісім бойынша некені бұзу туралы өтініш берген кезде, өтініш берушілер некені бұзудың негізгі себебін «мінездерінің бір-біріне сай келмеуі» деп көрсетеді», — деп хабарлады ведомство.Сурет: depositphotos.com

Пәтер рәсімдеу қанша тұрады

Крыша, 19 октября 2023 в 16:57

Пәтер рәсімдеу қанша тұрады
Қазір келісімшарт құны қанша тұрады және қай кезде қосымша шығындаласыз?Сатып алу-сату келісімшартының құны үйді немесе жер телімін кім және кімге сатып жатқанына тікелей байланысты.Мысалы, сатушы мен клиент жеке тұлға және туыс болмаса, нотариус арқылы келісімшартқа отыру үшін 12 АЕК немесе 41 400 теңге керек (2023 жылы 1 АЕК 3450 теңге) төлейсіз.Егер мәмілені балалар, жұбайлар, ата-ана, туған бауырлар не әпкелер, немерелер арасында жасалса нотариус қызметі арзанға түседі — 7 АЕК (24 150 теңге).Ал сатушы мен сатып алушы заңды тұлға болған жағдайда — 17 АЕК (58 650 теңге) жұмсайды.Нотариус ең арзан тарифті ипотека рәсімдейтіндерге ұсынады, небәрі 4 АЕК (13 800 теңге).Барлық нотариалдық кеңседе бірыңғай тариф бекітілген.
Показано 4 новости из 64