Arna Press,
13 марта 2025
в 12:48
Өскемен қаласындағы №47 орта мектепте «Жас сақшы» жас кадеттер сыныбының салтанатты ашылуы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол 7 «В» сыныбынан құралып, қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан полиция капитаны Мұрымбаев Жалелхан Слямханұлының есімімен аталды.Салтанатты іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Манапов Серік Тоқтарханұлы, ІІО ардагерлер кеңесінің өкілдері, қаза тапқан офицердің туыстары, оның жары мен әкесінің жолын жалғастырған және қазіргі уақытта полиция қатарында қызмет ететін ұлы, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары мен мектеп ұжымы қатысты.Өз сөзінде полиция полковнигі Серік Тоқтарханұлы жас кадеттерді маңызды мерекемен құттықтап, олардың таңдаған жолының маңыздылығын атап өтті:«Бүгін сіздер Отанға қызмет ету және құқықтық тәртіпті қорғау дәстүрінің бір бөлігіне айналып отырсыздар.
Arna Press,
11 марта 2025
в 15:08
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.Облыс әкімі жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілгенін жеткізді. Соның нәтижесінде қаржыландырудың басым бағыттары анықталды. Ал үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады.Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2028 жылға дейін жүзеге асырылатын 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталғаны туралы баяндалды.
Vera.kz,
24 февраля 2025
в 18:09
Самые активные участники будут награждены, передает vera.kz со ссылкой на МКИ РКМинистерство культуры и информации Республики Казахстан совместно с ОЮЛ «Национальная волонтерская сеть» объявляет о старте проекта «Марафон добрых дел», который начнется 1 марта. Инициатива направлена на поддержку волонтерской и благотворительной деятельности среди казахстанцев.В рамках проекта разработан специальный календарь мероприятий, охватывающий широкий спектр актуальных социальных вопросов.
Arna Press,
20 февраля 2025
в 16:38
Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Конференцияға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті және оған қарасты «Семей» шекара басқармасының әскери қызметшілері қатысты.Жиынға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, полковник Анвар Рахматуллаев қатысып, патриоттық іс-шаралардың маңыздылығы туралы баяндама жасады.
Arna Press,
12 февраля 2025
в 11:48
11-15 ақпан аралығында Астана қаласындағы EXPO павильонында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Ауқымды шараға Абай облысынан төрт колледж қатысып, өздерінің білім беру жетістіктері мен заманауи оқу бағыттарын таныстырады. Фестивальдің ресми ашылуын ҚР Оқу-ағарту министрі өткізді. Іс-шара 15 бағыт бойынша түрлі көрмелерді қамтиды.Геологиялық барлау колледжі «Геологтар үйі» мен «Гидрогеологтар үйінде» өз жұмыстарын көрсетеді.
Arna Press,
05 февраля 2025
в 13:48
Үкімет Ұлытау өңірінде жаңа мектеп салу үшін қайтарылған активтерден 1,4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.Білім беру нысаны «Вокзал» шағын ауданында салынады.
Arna Press,
03 февраля 2025
в 19:58
Еліміздің барлық білім беру ұйымдарында сапалы білім беру кезең кезеңмен жүзеге асырылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 460 мың орындық 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 105 мектеп 2024 жылы салынды.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сай келетін тегін білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.Бастама жайлы мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, балалардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға ықпал ететін орта қалыптастырады.«Жайлы мектептердің көлемі типтік мектептерге қарағанда, 15-20%-ға кең, сондай-ақ техникалық жарақтануы да 4 есе артық.
Arna Press,
03 февраля 2025
в 19:58
Қазақстанда екі жылда 32 апатты және 71 үш ауысымды мектеп мәселесі шешімін тауып, ел аумағындағы 200 мектепте оқушы орны тапшылығы жойылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оған осы уақыт аралығында қолданысқа берілген мектептердің рекордтық саны ықпал етті – жарты миллион оқушы орнына арналған 422 мектеп салынды.Қазіргі таңда елімізде 8000-ға жуық орта білім беру ұйымы бар.
EKaraganda.kz,
28 января 2025
в 17:45
Правило о том, чтобы устанавливать турникеты в школах, появилось около четырех лет назад в целях безопасности детей. Для этого в Казахстане издавались соответствующие приказы, и сейчас пропускной системой в виде турникетов обеспечены все школы Карагандинской области – а всего их 420 (из них 16 частных).
Arna Press,
24 января 2025
в 14:21
Өңірде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс саны азайған, -деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семей қаласының жалпы орта мектеп директорлары және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының қатысуымен семинар-кеңес өтті. Семей қаласы ПБ ЖПҚБ бастығы полиция подполковнигі Елдос Оразалин қала бойынша жасөспірімдер ортасындағы қылмыстың жай-күйі және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады.Ішкі істер органдары бұл бағытта айтарлықтай жұмыс жүргізуде, жұмыстың белгілі нәтижелері бар.2024 жылы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қабылданған шаралардың арқасында Семей қаласында кәмелетке толмаған жасөспірімдер қылмысы азайған.Оқу орындарымен ынтымақтастық кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған тиімді шараларды қабылдауға мүмкіндік берді.Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Arna Press,
24 января 2025
в 12:48
Мемлекет жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.30 желтоқсанда Президент Білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды.Негізгі жаңалықтардың бірі жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақтандыру.Жаңа бастама 25 мыңнан астам баланы қамтиды.
Arna Press,
13 января 2025
в 18:58
Бүгін қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды, ол 10 ақпанға дейін жалғасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.167 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Олардың 76,7%-ы қазақ тілінде, 23,2%-ы орыс тілінде, 142 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді.Қаңтар ҰБТ-сын өткізудің бірінші күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астана қаласындағы тестілеу орталықтарының бірінде болды.
Arna Press,
06 января 2025
в 15:18
Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Елімізде 373 мың оқушы орнына арналған 257 мектептің құрылысы аяқталды. Бұл үш ауысымды 42 мектептің және 148 елді мекенде орналасқан 20 апатты мектеп пен орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді.Үш ауысымды оқыту және апатты мектептер мәселесін шешу бойынша бюджет қаражаты есебінен және инвестиция тарта отырып жүйелі жұмыстар жүргізілуде.Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында оқу жылының басынан 254 мың оқушы орнына арналған 105 мектеп пайдалануға берілді, оның ішінде 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан.Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры бойынша 27 мың оқушы орнына арналған 25 мектеп қолданысқа берілді. Қосымша тағы бес мектеп пен 3,3 мың орындық интернат құрылысы жүруде.Білім беру нысандары құрылысының басым бөлігі Жетісу, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында салынуда.
Arna Press,
23 декабря 2024
в 05:48
Семейде жаңажылдық шыршаны безендіру кезінде қала мектептерінің бірінде жұмыс істейтін қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі биіктіктен құлап, ауыр жарақат алған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Бұндай оқиғаның орын алғаны жайлы, әлеуметтік желілерде ұстаздың достары мен таныстары хабарлады.Жергілікті атқарушы органдар бұл жағдай бойынша әзірге ешқандай ресми пікір білдірген жоқ.
Arna Press,
17 декабря 2024
в 20:08
Абай облысында құрылыс саласында ауқымды жұмыстар атқарылып, мемлекеттік бағдарламалар аясында көптеген жобалар жүзеге асырылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық құрылыс басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құрылысқа бөлінген жалпы қаржы көлемі 291 млрд теңгені құрады. Жоспарланған барлық жобалар белгіленген мерзімде жүзеге асырылып жатыр.Білім беру саласында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 4 мектептің құрылысы жүргізілуде.
Arna Press,
17 декабря 2024
в 13:58
Мақаншы ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында күрес мектебі ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ашылу салтанатына ауыл ақсақалдары, әжелер, тұрғындар қатысып, аудан әкімі Даурен Қойгелдин жерлестерін құттықтады«2023 жылы ауыл азаматтарының көмегімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген мектеп енді ауыл балаларының күреспен алаңсыз шұғылдануына мүмкіндік беріп отыр.
EKaraganda.kz,
10 декабря 2024
в 13:05
В ведомстве напомнили, что в школах страны приближается завершение второй четверти.«Зимние каникулы в казахстанских школах продлятся 10 календарных дней – с 30 декабря 2024 года по 8 января 2025 года включительно», — пресс-служба Министерства просвещения РК.По данным Минпросвещения, для эффективного и безопасного проведения и личностного развития школьников в период зимних каникул разработан план мероприятий в рамках программы «Біртұтас тәрбие».
Arna Press,
28 ноября 2024
в 22:08
Абай облысынан биыл 11 мұғалім сертификат алды. Енді олар конкурссыз қызметке тағайындала алады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Резервистермен кездесуде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім сапасын арттыру және педагог кадрлардың кәсібилігін арттыру мен даярлау жөніндегі басым бағыттарға тоқталды.Іріктеу бес кезең бойынша өтті: кәсіби және басқарушылық құзыреттерді бағалау бойынша тестілеу, оқу, еліміздің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, қорытынды бағалау және республикалық комиссиядан әңгімелесуден өту. Үміткерлерді іріктеу және олардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды Педагогикалық шеберлік орталығы жүргізді.Барлық бес кезеңінің қорытындысы бойынша елімізден 376 үміткер Республикалық кадр резервіне алынды.
Магнолия,
28 ноября 2024
в 12:08
Мемлекеттік тіл мәртебесі конституцияда бекітілген мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітіледі. 1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді.
Arna Press,
13 ноября 2024
в 19:38
Ағымдағы жылдың 1-25 қазан аралығында ғылыми танымдық www.ziyatker.org сайтында қашықтықтан өткізілген «Вейпсіз жастық шақ» республикалық эссе байқауының қорытындысы шығарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіБайқаудың мақсаты-өскелең ұрпақтың вейпингтің денсаулыққа зияндылығы туралы хабардарлығын арттыру.
EKaraganda.kz,
11 ноября 2024
в 13:45
В начале ноября в городе металлургов стартовал антинаркотический марафон, запущенный в рамках республиканского проекта «Нашақорлыққа жол жоқ» по инициативе прокуратуры города Темиртау, при поддержке акимата города, Управления полиции и партии «AMANAT». На протяжении месяца в городе будут проходить различные мероприятия, челленджи, уроки спортивной мотивации, соревнования и многое другое.
Arna Press,
05 ноября 2024
в 18:48
«Туған жер: белгілі және белгісіз» әлеуметтік жобасы аясында Семей қаласының №40 мектепте облыс тарихынан сыр шертетін ерекше көрме ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіКөрме өз өлкесінің тарихы мен мәдениетін білуге ынталы мектеп оқушыларын, мұғалімдерді және қала тұрғындарын біріктірген айтулы мәдени оқиғаға айналды.Экспозицияда Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері Ертіс маңынан табылған бірегей жәдігерлермен қатар 19 ғасырдағы халық қолөнері мен зергерлік бұйымдарын ұсынды. Әрбір жәдігер өлке өмірінің тарихи беттерін ашып, қазақ топырағында ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мәдени және этникалық дәстүрлердің сан алуандығын паш етті.Келушілердің ерекше назарын археологиялық олжалар аударды.
Arna Press,
23 октября 2024
в 17:08
Осыған орай, Республика күні қарсаңында Семей қаласында алғаш рет «ProfCity-2024» іс-шарасы ұйымдастырылды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл іс-шара елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған.
EKaraganda.kz,
17 октября 2024
в 11:45
В международной ярмарке участвуют свыше 30 представителей из Казахстана, включая общественных деятелей, отечественных издателей и переводчиков, а также такие крупные издательства, как «Мектеп», «Алматыкітап», «Атамұра», «ARMAN-PV», «Steppe & World Publishing», «ASTANA-KITAP» и «АmalBooks».«Участие Казахстана в книжной ярмарке Frankfurter Buchmesse — 2024 — важное историческое событие для нашей страны.
Arna Press,
14 октября 2024
в 14:38
2018 жылдан бері KAZ Minerals Aktogay ЖШС арнайы оқу орындарында сұранысқа ие мамандарды дайындау үшін 70 миллион теңгеден астам қаржы жұмсап, Абай облысындағы үш колледж үшін 214 миллион теңгеге қажетті құрал-жабдық сатып алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Компания өзі жұмыс істейтін аймақтағы оқу орындарымен ынтымақтастық орнатуға басымдық береді.
Arna Press,
11 октября 2024
в 18:58
Ақтөбе облысы прокуратурасы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары спорт алаңдары мен залдарды жалға беру қызметі үшін, әуесқой спорт командаларынан алынған бюджетке түсуі керек қаражатты негізсіз жымқырғаны анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасапСоңғы 3 жылда Ақтөбе облысында кәсіби клубтарды дамытуға арналған шығыстар 2 есеге ұлғайтылған, облыстан республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалуға және қатысуға бюджеттен 13 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген.«Спорт мектептерінің басшылары 6 миллион теңгеден астам бюджет қаражаттары заңсыз жұмсаған.
Магнолия,
01 октября 2024
в 15:38
Мемлекеттік тіл — көпұлтты (көптілді) мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту, мәдениет, баспасөз бен байланыс (почта, телеграф т. б.) орындарында, құқық қорғау мен әскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу т. б. міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл.
Arna Press,
27 сентября 2024
в 18:38
ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева өңірімізге жасаған жұмыс сапарында техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының бүгінгі жай-күйімен танысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бүгінде Абай облысында 33 техникалық және кәсіби білім беру ұйымы жұмыс жасайды.
EKaraganda.kz,
24 сентября 2024
в 15:55
Пока ученики одного из классов карагандинской гимназии имени Абая (№ 104) начинают день с уроков физкультуры на свежем воздухе, школьная столовая в самом разгаре подготовки к рабочему дню. Меню здесь – типовое, разработанное в управлении образования и традиционное для всех: салаты, второе, напитки, выпечка.
Arna Press,
22 сентября 2024
в 20:48
Бүгін қала күніне орай әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ертіс өзенінің оң жағалауында Семей қаласының кондитерлері бірлесіп қала күніне орай 20 метрден асатын тәтті торт әзірледі. Тортты кондитерлер қала тұрғындарымен бірлесіп безендірді.Арбатта жас суретшілер арасында өткен «Семей.