Arna Press,
09 апреля 2025
в 16:18
Өңір басшысы Берік Уәли шет елдік инвесторлармен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Түркияның «Miryidiz Mining» компаниясының өкілдері аймақ басшысына «Жанан» жобасын таныстырды. Шет елдік компания облыс аумағында тау-кен байыту комбинатын салуды жоспарлап отыр.
Arna Press,
07 апреля 2025
в 13:48
Шекаралық бақылау кезінде ірі көлемдегі қолма-қол ақшаның заңсыз тасымалдануы анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2025 жылғы 2 сәуірде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің Семей шекара басқармасына қарасты «Ауыл» автомобильдік шекаралық бақылау бөлімшесінің шекара наряды «Семей – Новосибирск» бағытында кетіп бара жатқан Volkswagen маркалы көлікті тоқтатты.«Көлік жүргізушісі – И.Е. есімді ҚР азаматы.
Vera.kz,
05 апреля 2025
в 10:29
Украиналық легионер-Шымкент қаласындағы ең жоғары жалақы алатын ойыншылардың бірі, деп хабарлайды vera.kz«Ордабасы» футбол клубы бірнеше апта бойы ойыншылардың жоғарғы жалақысы бойынша үлкен пікірталас болып, көпшіліктің бас назарында болды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың жақында жасаған сыны Асхат Тағыбергеннің кетуіне алып келді, қазіргі таңда ол қостанайлық «Тоболдың» құрамында.
Магнолия,
01 апреля 2025
в 13:18
Соттардың назары алаяқтықтың міндетті белгісі кінәлі адамның пайдакүнемдік мақсатының болуы, яғни бөтен мүлікті өзінің меншігіне не оған құқықты өзінің пайдасына не басқа адамдардың пайдасына құқыққа қарсы өтеусіз айналдыруға ұмтылуы болып табылатынына аударылсын. Алаяқтық алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен жасалады, олардың ықпалымен меншік иесі немесе мүліктің өзге иесі мүлікті немесе оған құқықты басқа адамдарға өз еркімен береді.
Магнолия,
31 марта 2025
в 20:48
Қызметтік өкілетті теріс (заңсыз) пайдалану — қызметтік қылмыстардың неғұрлым кең тараған түрі. Ол көптеген жағдайларда лауазымды адамның қылмыстық әрекетінің бастамасы, басқа ауыр қылмыстар жасаудың тәсілі де болып табылады. Бұл қылмыстың мәні мынада, лауазымды тұлға өзінің қызметтік өкілетін қызметтік мүддеге қарама-қайшы қылмыстық жолмен пайдалана отырып, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтіреді.
Магнолия,
18 марта 2025
в 13:18
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің жергілікті тізіліміне суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды (ағымды) суды алып кету және тазалау қызметтері бойынша енгізілген «Жамбыл су» КМК тарапынан жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша бұзушылықты анықтады.
Arna Press,
14 марта 2025
в 16:48
ҰҚК Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті ақпан айындағы жұмыс нәтижелерін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жалған құжатпен шекарадан өтпек болды7 ақпанда Ауыл теміржолдық шекаралық бақылау бөлімшесінде Моңғолия азаматы. ұсталды. Ол Қазақстан азаматы атына тіркелген жалған құжатпен шекараны кесіп өтпек болған.
Arna Press,
28 февраля 2025
в 14:48
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 20 ақпандағы қаулысымен айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын операциялар бойынша теңгені шетел валютасын сату бағамынан сатып алу бағамының ауытқу шектері белгіленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын операциялар бойынша сатып алу бағамының теңгені сату бағамынан ауытқу шектері:Қаулы 2025 жылдың 28 ақпанында күшіне енді.Ұлттық банктің жаңа шектеуі ақша айырбастау пункттеріне қалай әсер етуі мүмкін екенін айттық.Сурет: Zakon.kz
Arna Press,
24 февраля 2025
в 13:38
Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды.«Ата жолы» картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және т.б. мамандар бар, олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді шет елдерден келді.«Ата жолы» картасын енгізудің мақсаты тарихи отанымен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін елге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту болып табылады.
Arna Press,
21 февраля 2025
в 12:28
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен ағымдағы жылдың 8-10 ақпаны аралығында еліміздің барлық өңірлерінде кең ауқымды операция жүргізді, нәтижесінде тұтыну кооперативінің атын жамылған «Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерді (биологиялық белсенді қоспалар, ас үй ыдыстары, косметика, тұрмыстық химия және басқа да тауарлар) сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған, ал қарымына ай сайын салынған соманың 30% дейін пайда табуға уәде берген.Компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден астам сомада қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 13 автомашина тәркіленді.«Екі қаржылық пирамида ұйымдастырушы ұсталып, оларға қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі іс-шара санкциялады.
Arna Press,
12 февраля 2025
в 14:08
2021 жылдың ақпан айынан бастап салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алып қою көлемі шамамен 4,4 трлн теңгені құрады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.12 ақпанда Сенатта Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынхановтың мәлімдеуінше, 2025 жылы жергілікті нарық мемлекеттік бағалы қағаздарды, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің облигацияларын, екінші деңгейдегі банктерді сатып алу сияқты нарықтық шарттарда ЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялауды жалғастырады.«Зейнетақы активтерін инвестициялау эмитенттерге және олардың қаражатты пайдаланудағы түпкілікті мақсаттарына қарамастан тек нарықтық мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылатынын атап өту маңызды», – деді Нұржан Тұрсынханов.2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша валюталық портфельдің көлемі 17,2 млрд долларды (9 трлн теңге) немесе зейнетақы активтерінің шамамен 40%-ын құрады.
Магнолия,
12 февраля 2025
в 12:48
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 36-бабының 1 тармағына сәйкес, егер Салық кодексінде өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салықтық міндеттемені орындауды өз бетінше жүзеге асырады. Өз кезегінде, Салық кодексінің 36-бабының 5-тармағында Салық кодексінде белгіленген жағдайларда салық төлеушінің уәкілетті өкілі салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу, әлеуметтік аударымдарды аудару кезінде төлем құжаттарында ақшаны жөнелтуші салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауын және оның сәйкестендіру нөмірін көрсететіні көзделген. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 4-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, сәйкестендіру нөмірі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруын қоспағанда, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді орындау кезінде қолданылатынын атап өту керек. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасында Салық кодексінде көзделген жағдайларда салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге байланысты операцияларды қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағында резиденттер арасындағы валюталық операцияларға тыйым салынғаны көзделген. Қазақстан Республикасы заңнамаларының жоғарыдағы нормаларын ескеріп және шет ел азаматының сәйкестендіру нөмірінің жоғын назарға алып, шет ел азаматы үшін уәкілетті тұлғаның мемлекеттік бажды төлеуі мүмкін емес.
Arna Press,
05 февраля 2025
в 13:48
Үкімет Ұлытау өңірінде жаңа мектеп салу үшін қайтарылған активтерден 1,4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.Білім беру нысаны «Вокзал» шағын ауданында салынады.
Arna Press,
20 января 2025
в 20:58
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарды тексеру бойынша қосымша ережелерді қабылдауға қатысты түсініктеме берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Комитетте бұл түзетудің неліктен енгізілгені түсіндірілді. Жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеудің Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерліктен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен (ЕТЖ) асатын мөлшерде жылдық табысы бар жеке тұлғалар жатады. Қазір ең төмен жалақы — 85 мың теңге.«Осылайша, егер жеке тұлғаның жеке кәсіпкерліктен бір жыл ішінде жылдық табысы 12 еселенген ЕТЖ-дан кем болса, оның жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар.
Arna Press,
20 января 2025
в 14:18
Абай облысында алаяқ грантқа түсіруге уәде беріп, 1,6 миллион теңге алдап алған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2024 жылғы маусым айында өзін «Ермекжан» деп таныстырған белгісіз ер адам оның қызын оқу орнына грантқа түсіруге көмектесемін деп, алдау жолымен 1 600 000 теңге көлемінде ақша иемденіп алған.2025 жылғы 19 қаңтарда жедел қызметкерлер күдікті ретінде 26 жастағы Семей қаласының тұрғынын ұстады.«Ол кінәсін мойындады, бірақ ұрланған ақшаны қайтару мүмкін болмады, себебі ол қаржыны жұмсап үлгерген.
Arna Press,
08 января 2025
в 13:18
600 миллион теңгеден аса қаржы жымқырған қазақстандықтың жазасы жеңілдетілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сот үкімі бойынша, Шигабутдинова сеніп тапсырылған қаражатты жымқыру бойынша айыпты деп танылған (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы). Оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.Іс материалдарын зерделеу мынаны көрсетті.Шигабутдинова ЖШС бухгалтері бола тұра, басшылық ұсынған «Банк-Клиент» бағдарламасына рұқсаты бола отырып, ЖШС шотынан екі жеке кәсіпкердің есепшотына банк реквизиттерінде оның және ағасының шотының нөмірін көрсете отырып, 613 миллион теңгеден астам қаражат аударғаны анықталды.Шигабутдинованың кінәсі жиналған айғақтармен дәлелденді.
Arna Press,
29 декабря 2024
в 23:58
Абай облысында полицейлер ірі ұрлыққа қатысы бар пәтер тонаушылар тобын қылмыс үстінде ұстады, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің қатысуымен жедел ұстау операциясы жүргізіліп, күдіктілердің әрекеттері қылмыс жасау кезінде тоқтатылды. Оперативті қызметкерлердің анықтауы бойынша, «гастрольдік квартет» атанған топ ШҚО-дан Семей қаласына 19 желтоқсанда келген.Келесі күні күдіктілер пәтерден 15 миллион теңгеден астам қаржының мүлкін ұрлап кеткен. Ұрланған заттардың ішінде алтын бұйымдар мен сейфтен алынған қомақты ақша бар. Қылмыстық схема әдеттегідей жоспарланған: екі қатысушы пәтердің құлпын кілт таңдау арқылы ашқан, ал қалған екеуі сыртта қауіпсіздікті бақылап тұрған.
Arna Press,
24 декабря 2024
в 15:48
Қарағанды тұрғыны қазақстандықтарға жоқ турпакеттерін сатқан, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жоғарғы Соттың 2024 жылғы 24 желтоқсандағы мәліметіне сәйкес, туристік қызмет көрсету саласында тәжірибесі, сондай-ақ қалада кеңсесі және клиенттік базасы бар жауапкер сәйкес қызмет көрсету саласы бар ЖШС құрып, оны басқарған.«2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың тамызына дейін ол 21 клиентті алдаған.
Arna Press,
12 декабря 2024
в 16:18
Шетелде білім алу немесе жұмыс істеу ниеті алаяқтық әрекетке себеп болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.21 жастағы 4-курс студенті полицияға жүгініп, осы жылдың көктемінде алаяқтық құрбаны болғанын мәлімдеді.Аз таныс ер адам оған АҚШ-қа виза рәсімдеуде көмек көрсетемін деп уәде беріп, 199 300 теңге алған соң, байланысқа шықпай қойған.«Абай облысы полициясының жедел жұмысының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды.
Akorda.kz (KZ),
06 декабря 2024
в 00:16
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Магнолия,
04 декабря 2024
в 18:38
Сот шешімдері заңды күшіне енгеннен соң, атқару парағы сот орындаушылардың өндірісіне түскен күннен бастап, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі» туралы Заңының 32 бабына сәйкес сот орындаушысы атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
kapital.kz,
04 декабря 2024
в 11:26
Фото: Magic Aqua ResortНа южном берегу озера Алаколь, в курортном поселке Ақши, где расположены многочисленные дома отдыха, не так давно появилась еще одна курортная база — «Magic Aqua Resort». Предприниматель рассказал о том, как удалось реализовать амбициозную идею – предоставить соотечественникам качественный отдых по доступным условиям.Акат Аязбаев признается, что, путешествуя за границей и видя, какие комфортные и стильные отели предлагают курорты, мечтал построить такую же базу отдыха на родине.
Arna Press,
02 декабря 2024
в 14:48
Қараша айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 5%-ға әлсіреп, 1 АҚШ доллары 512,52 теңгеге дейін барды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 278 млн-нан 262 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,5 млрд АҚШ долларын құрады.«Республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін қараша айында Ұлттық қордан 1 260 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 23%-ын және күніне 60 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды.
Arna Press,
31 октября 2024
в 15:08
Медеу ауданының полицейлері Абай даңғылындағы аялдамалардың бірінде есірткіні жарнамалаған жастарды ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Онда үш жігіт танымал топтың концертінің жарнамасын іліп жатты.«Бір қарағанда, бұл зиянсыз көрінді. Алайда жарнаманың QR коды күдік тудырды.
Arna Press,
30 октября 2024
в 14:08
Көкпекті ауылында полиция қызметкерлері зейнеткердің банк шотынан ақша ұрлау қылмысын ашты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тергеу барысында 29 жастағы жергілікті тұрғынның зардап шегушінің үйінде болған кезде оның телефонын пайдаланып, «Халық Банк» қосымшасы арқылы өз есепшотына 60 000 теңге аударғаны анықталды.
Arna Press,
22 октября 2024
в 00:08
Қазақстанда доллардың 18 қазандағы бағамы белгіленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасапҚазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,09 теңгеге төмендеп, 485,04 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 18 қазандағы ресми бағамы — 487,24 теңге.kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 483,58 теңгеге, сатылымы 486,31 теңгеге тең.
Arna Press,
17 октября 2024
в 19:18
Қазақстанда доллардың 17 қазандағы бағамы белгіленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,43 теңгеге төмендеп, 487,24 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 17 қазандағы ресми бағамы — 488,93 теңге.kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 487,24 теңгеге, сатылымы 488,80 теңгеге тең.
Arna Press,
15 октября 2024
в 19:18
Бүгін Қазақстан қор биржасында күндізгі сауда барысында доллардың тағы да қымбаттауы байқалды. Доллар 3 теңгеге жуық қымбаттады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,90 теңгеге көтеріліп, 487,42 теңге болды.
Arna Press,
14 октября 2024
в 16:38
Активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде арнаулы мемлекеттік қор бүгінде 177 млрд теңгеден астам ақшалай қаражатпен толықтырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасапТізілім субъектілерімен жасалған келісімдердің нәтижелері бойынша шамамен 147 млрд теңге, процестік келісімдері бойынша 19 млрд теңге, активтерді өткізуден 6 млрд теңгеден астам, соттардың шешімдері бойынша шамамен 5 млрд теңге және жылжымайтын мүлікті жалға беруден 165 млн теңгеден астам қаражат түсті.Активтерді табысты өткізудің бір мысалы болып Алматы қаласындағы жер учаскесі табылады, ол «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектісінен 176 млн теңге бағамен қабылданып, 657 млн теңгеге, яғни бастапқы бағалау құнынан төрт есе артық сатылған.Сонымен қатар, тізілім субъектілерімен келісімдер бойынша арнаулы мемлекеттік қорды 150 млрд теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатпен қосымша толықтыру күтілуде.Барлық қайтарылған ақша қаражаты елдің әлеуметтік және экономикалық жобаларын іске асыру үшін пайдаланылатын болады.Сурет: Zakon.kz
Arna Press,
11 октября 2024
в 17:48
Қазақстанда доллардың 11 қазандағы бағамы белгіленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 4,37 теңгеге төмендеп, 487,37 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 11 қазандағы ресми бағамы — 490,84 теңге».kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 484,93 теңгеге, ал сату 488,24 теңгеге тең.