Жалға алған пәтерге тіркеуге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз: мүлік иесі жалға алушыларды тіркеуге міндетті ме, уақытша тіркеудің не қажеті бар және оның болмауы жалға беруші мен тұрғындарға қалай әсер етеді? Қазақстанда уақытша тіркеуді тұрғылықты орны бір айдан ұзақ мерзімге ауысқанда, яғни оқу, іссапар, туысыңызға қонаққа бару немесе пәтер жалға алу секілді жағдайларда рәсімдеу қажет.