Әлеуметтік желіде «9-20-25» бағдарламасы іске қосылатыны хабарланды. Massaget.kz тілшісі бағдарламаға «жауапты» мекемелерге хабарласып көрді. Бұған дейін Instagram-дағы dauletten парақшасында «9-20-25» бағдарламасы іске асырылғалы жатқаны туралы ақпаратты жариялады. «Бәйтерек» холдингі Отбасы банк жақында «9-20-25» бағдарламасын іске қосады.9 пайыз жылдық үстемақы;20 пайыз бастапқы жарна;25 жылға дейін ипотека рәсімдеуге мүмкіндік болады», — делінген ақпаратта.