Популярные темы

қараша: новости — страница 2

Жаңа құрылыстың бағасы: бір айда не өзгерді?

Крыша, 11 декабря 2023 в 17:07

Жаңа құрылыстың бағасы: бір айда не өзгерді?
Қарашада жаңа құрылыстағы пәтер бағасы үш қалада: Алматыда, Ақтөбеде және Шымкентте төмендеді.Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қарашада елде жалпы баға түсуі қазанмен салыстырғанда 0.7 %-ды құрады.Пәтердің бір шаршы метрі айтарлықтай арзандаған қалалар: — Шымкент (—3.4 %); — Ақтөбе (—2.8 %); — Алматы (—1.6 %).Қарашада төрт қалада баға өскені байқалды:— Ақтауда (+2.1 %); — Семейде (+0.5 %); — Қостанайда (+0.2 %); — Көкшетауда (+0.1 %).Қалған 13 өңірде бірінші нарықтағы баға қазан айындағы деңгейде қалды.Орташа құны — 491 985 теңге.Ең жоғары баға: — Астанада — 588 834 теңге; — Алматыда — 571 741 теңге; — Шымкентте— 420 978 теңге.Ең арзан пәтер Жезқазғанда — 160 мың теңге/ш.м, Ақтөбеде — 260 мың теңге/ш.м және Оралда — 278 мың теңге/ш. м.Бір жылдағы бағаның өзгеруіне келетін болсақ (2022 жылдың қарашасына қарай), мемлекеттегі орташа көрсеткіш 3.2 % өсті.Ең жоғары жылдық өсім: — Павлодарда (+14.8 %); — Петропавлда (+10.6 %); — Ақтауда (+10 %).Алматыда жаңа үйлер бір жылда 4.6 %, Астанада 2.3 % қымбаттады.

13 адам қаза тапқан алапат өрт жөнінде Алматы әкімдігі түсініктеме берді

Arna Press, 30 ноября 2023 в 11:58

13 адам қаза тапқан алапат өрт жөнінде Алматы әкімдігі түсініктеме берді
Сағат 08:40-тағы жағдай бойынша өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды, оның үшеуі жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазір 56 адам жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды. Ыстық тамақ берілді, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі.

Ақтөбелік тұрғын жалған диплом аламын деп ақшасынан айырылып қалды

Arna Press, 29 ноября 2023 в 19:58

Ақтөбелік тұрғын жалған диплом аламын деп ақшасынан айырылып қалды
Ақтөбелік тұрғын жалған диплом аламын деп ақшасынан айырылып қалды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Осы жылдың көктем айында аудандық білім бөлімінің әдіскеріне өзінің әріптесі жоғары оқу орындарының бірінің магистратурасын бітіргені туралы диплом алып бере алатын танысының бар екенін айтқан. «Педагог-психолог» мамандығы бойынша диплом алғысы келген әйел одан бірден танысының телефон нөмірін алып хабарласқан.«Ер адам әйелге ЖОО бітіргені туралы диплом алуға көмектесе алатынын айтып, өз қызметі үшін 800 мың теңге көлемінде алдын ала төлем сұраған. Қолында ондай көлемде ақшасы болмаған әдіскер Ақтөбе қаласына келіп несие рәсімдеп, банктік қосымша арқылы диплом алуға көмектесетін бейтаныс ер адамға аударған.Алайда ұзақ уақыт бойы дипломды да, өзі берген ақшасын да ала алмаған жәбірленуші қараша айының соңында полицияға арызданды» — делінген хабарламада.

Назар аударыңыз: бес күндік магнит дауылы басталды

Arna Press, 20 ноября 2023 в 12:08

Назар аударыңыз: бес күндік магнит дауылы басталды
Астрофизиктер күн белсенділігі деңгейі жоғарылағанын және сәйкесінше бірнеше күнге созылуы мүмкін магнит дауылы басталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ғарыштық зерттеулер институтының (ҒЗИ) Күн астрономиясы зертханасы мен Ресей ғылым академиясының Күн-жер физикасы институты (ISTP) мамандарының айтуынша, 20 қарашада таңертең магнит дауылы басталды.

Жүргізуші куәлігінен айырылған ауыл тұрғыны мас күйде қайта көлік басқарған

Arna Press, 16 ноября 2023 в 15:28

Жүргізуші куәлігінен айырылған ауыл тұрғыны мас күйде қайта көлік басқарған
Жүргізуші куәлігінен айырылған ауыл тұрғыны мас күйде қайта көлік басқарған, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.«Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің сот шешімімен 02.10.20 жылы 8 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны және сол кезде тағыда мас күйінде автокөлік басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік айып алаңына қойылды», — делінген хабарламада. Қызылорда облысы полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 13 қараша күні қызмет атқару барысында аудан кентінде 35 жастағы ауыл тұрғынының басқаруындағы Audi 100 автокөлігін тоқтатқан.Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бүгін төл теңгеміздің айналымға енгеніне 30 жыл толды

Arna Press, 15 ноября 2023 в 10:18

Бүгін төл теңгеміздің айналымға енгеніне 30 жыл толды
Бүгін, яғни 2023 жылғы 15 қараша күні Қазақстанның ұлттық валютасының айналымға енгеніне 30 жыл толды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ортағасырлық түркі күміс монеталардың «денге» немесе «танга» деген тарихи атауы болған. Атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынды. Жүз есе бөлігін «тиын» деп атады.1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты.

Экс-министр Бишімбаев қанша жылға сотталуы мүмкін

Arna Press, 10 ноября 2023 в 18:49

Экс-министр Бишімбаев қанша жылға сотталуы мүмкін
ҚР бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы 10 қараша күні Астана полиция департаменті баспасөз қызметі былай деп хабарлады:«Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің өліміне қатысты оқиғаны елордалық Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша тергеп жатыр».ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде «Адам өлтіру, яғни басқа адамның заңсыз қасақана өліміне әкеп соғу 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады» делінген.Сурет: ortcom.kz

Жамбыл облысында 44 оқушы мен екі мұғалім уланып қалды

Arna Press, 08 ноября 2023 в 14:38

Жамбыл облысында 44 оқушы мен екі мұғалім уланып қалды
2023 жылғы 7 қараша күні Н.Киікбаев атындағы орта мектептің 44 оқушысы мен 2 мұғалімі улану белгілерімен Жамбыл облысы Байзақ аудандық орталық ауруханасына түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, тексеруден кейін 11 оқушы үйіне қайтарылды, 2 мұғалім мен 33 оқушы медициналық көмек алып жатыр.Ведомство балалардың жағдайы қалыпты екенін жеткізді.«Бұл факті бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінен тұратын арнайы жедел штаб құрылды» — делінген ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарда.Министрліктің баспасөз қызметі мәселенің мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.Сурет: akorda.kz

«Әкімдіктің көлігі оқушыны қағып кетті»: Полиция мен әкімдік не дейді

Arna Press, 07 ноября 2023 в 17:48

6 қараша күні әлеуметтік желіде мектеп оқушысы Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкіміне тиесілі делінген көліктің астына түсіп қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Instagram-дағы пабликтің бірінде жарияланған ақпаратқа сай, адам өлімімен аяқталған жол апаты өткен бейсенбі, 2 қарашада болған.«Жетісу облысында мектеп оқушысы әкімнің көлігінің астына түсіп, қаза тапты.

Карагандинцы могут получить бесплатную юридическую консультацию

EKaraganda.kz, 02 ноября 2023 в 16:45

Карагандинцы могут получить бесплатную юридическую консультацию
Общественной приемной предлагаются бесплатные консультации по семейным, брачным, административным, гражданским и уголовным делам, имущественным, земельным вопросам, а также по делам, находящимся на рассмотрении частных судебных исполнителей при исполнении судебного акта и другим вопросам.Дата и место проведения мероприятия 3 ноября 2023 года с 10.

Прохождение отопительного сезона в Темиртау контролируют на постоянной основе

EKaraganda.kz, 27 октября 2023 в 16:15

Прохождение отопительного сезона в Темиртау контролируют на постоянной основе
Теміртауда жылыту маусымының өтуі тұрақты бақылауда. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ЖЭО-2 және ГРЭС-1-де болып, энергия көздерінің жұмысын тексерді.АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2 қазір төрт қазандық және үш турбогенератор режимінде жұмыс істейді. Тағы екі қазандық жөнделуде. Қараша айында аяқталуы тиіс.

Первый государственный кризисный центр откроется в Темиртау

EKaraganda.kz, 20 октября 2023 в 14:35

Первый государственный кризисный центр откроется в Темиртау
До конца года Дом молодёжи распахнёт двери. Здесь будут два коворкинг-центра, актовый, спортивный и танцевальный залы, студия звукозаписи, кинотеатр и многое другое для полезного досуга молодых людей. Есть комната для детей. Будут работать инклюзивные кружки. Этот дом станет центром для волонтёрских и молодёжных организаций.
Показано 12 новостей из 42