Arna Press,
24 января 2024
в 17:58
24 қаңтарда өткен жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары денсаулық сақтау саласына қатысты заң жобасын қабылдады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Түзетулердің бірі — елде вейпке толық тыйым салу.Мәжіліс депутаты Гүлдара Нурумова талқылау барысында депутаттардың түзетулер мен нақтылаушы нормаларға енгізілгенін атап өтті.«Заң жобасы электронды тұтыну жүйелерін (вейп) әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға толық тыйым салу ережелерін қарастырады».Гүлдара НурумоваЗаң жобасында сондай-ақ медицина қызметкерлеріне әлеуметтік кепілдіктерді күшейтетін нормалар бар:Сонымен қатар, медицина қызметкерлерін ынталандыру және олардың тапшылығын азайту мақсатында ауылға жұмысқа келген медицина қызметкерлеріне ең төменгі жалақының 100 мөлшерінде біржолғы ақшалай төлемді қамтамасыз ететін нормативтер қабылданды.«Уәкілетті органдардың сақтандыру жағдайларының туындауын талдау тәртібі, медициналық көмек көрсету стандарттарын өзгерту, медицина қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша одан әрі шаралар қабылдаумен реттелді».
Arna Press,
24 января 2024
в 14:38
Заң жобасында басқалармен қатар жаңа туған нәрестелерге ЖСН беру қарастырылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Заң жобасы Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Ол мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бағытталған.Жаңа туған нәрестелердің жеке деректерін жоғалту қаупін жою үшін заң жобасында бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беру ұсынылады.
Arna Press,
17 января 2024
в 15:08
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «қайтыс болғаннан кейін донор болуға еркі» туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қоғамдық денсаулық сақтау туралы» кодексте келісім презумпциясы деген ұғым бар. Бұл көзі тірісінде ағзасын алуға тыйым салмаған әрбір дені сау қазақстандық қайтыс болғаннан кейін әлеуетті донор ретінде қарастырылатынын білдіреді.
Arna Press,
09 января 2024
в 12:58
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Аягөз қаласының тұрғындармен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жиында Мәжіліс депутаты Парламент Мәжілісінің қызметі мен қабылданған заңдар туралы баяндап берді.Қала халқының тарапынан кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, азық түлік бағасын бақылау, қоғамдық көлік мәселесін реттеу, қаладағы ауыз су және қоқыс мәселесін шешу,инфрақұрылымды дамыту, 1-4 сынып оқушыларын тамақтандырудың сапасын жақсарту, қаңғыбас иттерді жою мәселелері көтерілді.Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғауды жетілдіру, әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету, ауған соғысының ардагерлеріне әлеуметтік қолдауды жақсарту, қалада жедел жәрдем көлігін шақыртуды Семейден Аягөздің аудандық ауруханасына қайтару және басқа да ұсыныстар айтылды.Сонымен қатар, Нұртай Сабильянов Еткомбинаты шағын ауданында салынған әлеуметтік үйлерді барып көріп, тұрғындармен кездесті.
Arna Press,
08 января 2024
в 17:08
ҚР Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары сапар барысында облыс тұрғындармен кездесулер өткізіліп, онда халықты толғандырған түрлі мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Парламенті Сенатының депутаты Қайрат Тастекеев арнайы Бесқарағай ауданына келіп, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Akorda.kz (KZ),
05 января 2024
в 15:36
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
03 января 2024
в 13:28
Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне көлемді сұхбат берді. Оның толық нұсқасын төменде келтіреміз.Өткен жыл несімен есіңізде қалды?– Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша отандасымды тағы да Жаңа жыл мейрамымен құттықтаймын!2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Біз негізгі саяси реформаларды аяқтап қалдық.
Крыша,
26 декабря 2023
в 15:17
Қазақстан тұрғындарына жаңа жеңілдікті ипотека қажет екені былтырдан бері айтылып келеді, бұған құрылыс пен банк секторында жылдам ақша жоқтығы қатты әсер етті.Krisha.kz жағдайды зерттеп, қазіргі жеңілдікті ипотекалар қалай жұмыс істейтінін біліп, Қазақстанда жаңа жеңілдікті ипотека іске қосыла ма, жоқ па, анықтады.Krisha.kz сайты қарашаның аяғында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен жаңа ипотеканы іске қосу туралы сұраған еді, ведомство былай жауап берді:— Бүгінгі таңда министрлік өз құзыреті шеңберінде нарықтық ипотекалық бағдарламалар әзірлемейді.
Arna Press,
11 декабря 2023
в 13:08
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бастаған депутаттарға үйретілген иттер бірнеше элемент көрсетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Арнайы дайындық бөлімі бастығы, полиция майоры Руслан Канафиннің айтуынша, Мәжіліске үш қызметтік ит кіргізілген. Олардың әрқайсының мол тәжірибесі бар.«Бүгін есірткі және жарылғыш заттарды іздеу бойынша арнайы қызметтік иттердің жұмысын көрсеттік.
Arna Press,
30 ноября 2023
в 18:38
Мәжіліс депутаттары «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылап жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жалпы отырыста депутат Асхат Аймағамбетов заң жобасын таныстырды.«Ұстаздармен болған кездеулерде тағы бір мәселе талқыланды.
Arna Press,
30 ноября 2023
в 16:28
Негізгі заң жобасы мемлекет мүддесін, қоғамның сұранысын және медиа саласының даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Құжатта журналистердің мәртебесін көтеру, құқықтарын нығайту, сондай-ақ олардың міндеттерін кеңейту бойынша жағдай жасау қарастырылған.
Arna Press,
29 ноября 2023
в 13:58
Қазақстанда міндетті дактилоскопиялық тіркеуді (саусақ ізімен анықтау) енгізуді алып тастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазіргі ережелерге сәйкес, саусақ ізін міндетті тіркеу 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталуы керек. Бірақ енді оны алып тастау жоспарланып отыр.
Arna Press,
08 ноября 2023
в 14:38
Мәжіліске басшы министрлер мен олардың орынбасарлары дайындықсыз келеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Мәжілістің жалпы отырысында депутат басшылар сұраққа нақты жауап бере алмайтынын айтып қынжылды.«Біздің министрлер мен олардың орынбасарлары дайындықсыз келеді.