Популярные темы

Оқушылар: новости — страница 2

Абай облысында тағы бір мектеп салынады

Arna Press, 19 июня 2025 в 12:18

Абай облысында тағы бір мектеп салынады
Жарма ауданының Суықбұлақ ауылында жаңа мектептің құрылысы басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыс әкімі Берік Уәли Жарма ауданының Суықбұлақ ауылында салынатын жаңа мектептің іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Суықбұлақ бастауыш мектебі 1964 жылы балабақша ретінде салынған. Ғимараттың тозығы жетіп, апатты деп танылғандықтан оқушылар екі ауысымда білім алуға мәжбүр.

Абай облысында 500-ге жуық оқушы кәсіптік лагерьлерге қатысады

Arna Press, 12 июня 2025 в 17:38

Абай облысында 500-ге жуық оқушы кәсіптік лагерьлерге қатысады
Абай облысында жаз мезгілінде 10 колледж базасында кәсіптік бағдар беру лагерьлері жұмыс істейді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жобамен 500-ге жуық оқушы қамтылады. Лагерьлерде оқушылар нақты мамандықтар бойынша тәжірибе жинақтап, пайдалы дағдыларды меңгереді.Бесқарағай колледжінде алғаш рет «ЭКОorman» аграрлық-экологиялық лагері ашылды.

Абай облысының оқушылары апат кезінде қолдануға болатын су сүзгісін ойлап тапты

Arna Press, 08 мая 2025 в 13:38

Абай облысының оқушылары апат кезінде қолдануға болатын су сүзгісін ойлап тапты
Аягөз ауданының оқушылары апат кезінде қолдануға болатын су сүзгісін ойлап тапты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аягөз ауданы Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары Ильяс Закиров пен Диас Дастанов қарапайым заттардан тиімді су сүзгісін жасап шығарды.

Қарулы күштерге алғашқы қадам: Семейлік оқушылар әскери бөлімде қонақта болды

Arna Press, 05 мая 2025 в 16:18

Қарулы күштерге алғашқы қадам: Семейлік оқушылар әскери бөлімде қонақта болды
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 44736 әскери бөлім аумағында Семей қаласындағы №49 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Ашық есік» күні өткізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға 8-9 сынып оқушылары қатысты. Әскери бөлім аумағында ұйымдастырылған шара аясында оқушылар әскери өмірді көріп, әскери киім үлгілерімен және қару жарақ түрлерімен танысты.

Семейде жаңа екі спорт нысаны бой көтереді

Arna Press, 05 мая 2025 в 12:58

Семейде жаңа екі спорт нысаны бой көтереді
Бобровка және Шығыс кенттерінде дене шынықтыру — сауықтыру кешендерінің құрылысы басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семей қаласының Бобровка және Мұрат тұрғын үй алаптары, Водный және Шығыс кенттерінің ортасында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталды.Спорт нысандары құрылысының басталу рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпаздары Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов және дзюдодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері Берікбол Жұманбеков қатысты.

Абай облысында балаларға арналған үйірмелер санын көбейту көзделген

Arna Press, 29 апреля 2025 в 13:38

Абай облысында балаларға арналған үйірмелер санын көбейту көзделген
Абай облысында өңір басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кеңесте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, спорттық және шығармашылық үйірмелерге мемлекеттік тапсырыс орналастыру, мемлекеттік басқаруда жобалық тәсілді енгізу мәселелері талқыланды. Өңірдегі сауықтыру лагерьлерінің жағдайы туралы облыстық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Төленов баяндады.«Биыл жазғы маусымда 94 мыңнан астам оқушы түрлі іс-шаралармен қамтылмақ.

Абай облысындағы ауыл мектептеріне 13 мыңнан астам кітап таратылды

Arna Press, 24 апреля 2025 в 13:09

Абай облысындағы ауыл мектептеріне 13 мыңнан астам кітап таратылды
Өңірдің 233 ауыл мектебіне 13 мыңнан астам кітап таратылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысында «ASSYLTAS» қоғамдық қорының бастамасымен, облыс әкімдігі мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қолдауымен «Артық білім кітапта» жобасы жүзеге асты.Дүние жүзілік кітап күніне орай ұйымдастырылған жоба аясында өңірдегі 233 ауыл мектебіне жалпы саны 13 980 дана кітап жеткізілді. Әр мектепке арнайы әзірленген қорап ішінде 60 түрлі кітаптан құралған жинақ берілді.

Елімізде 23 жасөспірім есірткі қылмысы үшін ұсталды

Arna Press, 14 апреля 2025 в 15:48

Елімізде 23 жасөспірім есірткі қылмысы үшін ұсталды
Елімізде 23 жасөспірім есірткі қылмысы үшін ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігінің өкілдері ата-аналарға үндеу жасады.«Құрметті азаматтар! ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті кәмелетке толмағандарды есірткінің айналымына тарту фактілерінің жалғасуына байланысты алаңдаушылық білдіреді.

Абай облысының әкімі бірқатар басқарма басшыларына ескерту жариялап, кейбіреулерін қызметінен босатты

Arna Press, 17 марта 2025 в 17:48

Абай облысының әкімі бірқатар басқарма басшыларына ескерту жариялап, кейбіреулерін қызметінен босатты
Семейде Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиын өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысқан отырыста Президенттің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.Аймақ басшысы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, облыстың алдағы даму жоспарлары және өңірдегі қордаланған мәселелер туралы толық баяндағанын атап өтті.

Өскемен қаласында батырлық танытқан полицейдің құрметіне кадет сыныбы ашылды

Arna Press, 13 марта 2025 в 12:48

Өскемен қаласында батырлық танытқан полицейдің құрметіне кадет сыныбы ашылды
Өскемен қаласындағы №47 орта мектепте «Жас сақшы» жас кадеттер сыныбының салтанатты ашылуы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол 7 «В» сыныбынан құралып, қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан полиция капитаны Мұрымбаев Жалелхан Слямханұлының есімімен аталды.Салтанатты іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Манапов Серік Тоқтарханұлы, ІІО ардагерлер кеңесінің өкілдері, қаза тапқан офицердің туыстары, оның жары мен әкесінің жолын жалғастырған және қазіргі уақытта полиция қатарында қызмет ететін ұлы, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары мен мектеп ұжымы қатысты.Өз сөзінде полиция полковнигі Серік Тоқтарханұлы жас кадеттерді маңызды мерекемен құттықтап, олардың таңдаған жолының маңыздылығын атап өтті:«Бүгін сіздер Отанға қызмет ету және құқықтық тәртіпті қорғау дәстүрінің бір бөлігіне айналып отырсыздар.

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады

Arna Press, 11 марта 2025 в 15:08

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.Облыс әкімі жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілгенін жеткізді. Соның нәтижесінде қаржыландырудың басым бағыттары анықталды. Ал үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады.Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2028 жылға дейін жүзеге асырылатын 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталғаны туралы баяндалды.

Қазақстандық оқушылар 6 миллионға дейін бір реттік төлем ала алады

Arna Press, 26 февраля 2025 в 20:18

Қазақстандық оқушылар 6 миллионға дейін бір реттік төлем ала алады
Мәжіліс депутаттары білім және мәдениет мәселелері жөніндегі заң жобасына түзетулер әзірледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл түзетулерде халықаралық ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлеріне біржолғы төлем беру, жоғары оқу орындарының кейбір түлектерін грант өтеуден босату және кейбіреулері үшін грантты өтеуді кейінге қалдыру секілді мәселелер қарастырылған., — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қазақстанда мемлекет есебінен жоғары білім алғандар міндетті түрде грантты өтейтіні туралы норма бар.

Семейде әскерилерге арналған республикалық ғылыми конфренция өтті

Arna Press, 20 февраля 2025 в 16:38

Семейде әскерилерге арналған республикалық ғылыми конфренция өтті
Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Конференцияға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті және оған қарасты «Семей» шекара басқармасының әскери қызметшілері қатысты.Жиынға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, полковник Анвар Рахматуллаев қатысып, патриоттық іс-шаралардың маңыздылығы туралы баяндама жасады.

Семейдегі оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын

Arna Press, 19 февраля 2025 в 14:48

Семейдегі оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын
Семейде балалар мен жастардың жан-жақты дамуына үлес қосатын көпфункционалды орталық, яғни Оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары жалғасуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Салынып жатқан ғимараттың жалпы аумағы – 2,1 га, ал ауданы – 9 800 шаршы метр. Оқушылар сарайы бір мезгілде 500 адамды қабылдай алады.Абай облысы құрылыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риахановтың сөзіне қарағанда, негізгі құрылыс жұмыстарының 80 пайыздан астамы аяқталған.

300-ге жуық адамнан тұратын Абай облысының делегациясы жұмысшы мамандықтар фестиваліне қатысады

Arna Press, 12 февраля 2025 в 11:48

300-ге жуық адамнан тұратын Абай облысының делегациясы жұмысшы мамандықтар фестиваліне қатысады
11-15 ақпан аралығында Астана қаласындағы EXPO павильонында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Ауқымды шараға Абай облысынан төрт колледж қатысып, өздерінің білім беру жетістіктері мен заманауи оқу бағыттарын таныстырады. Фестивальдің ресми ашылуын ҚР Оқу-ағарту министрі өткізді. Іс-шара 15 бағыт бойынша түрлі көрмелерді қамтиды.Геологиялық барлау колледжі «Геологтар үйі» мен «Гидрогеологтар үйінде» өз жұмыстарын көрсетеді.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы: білім беру стандарттарын теңестірудегі маңызды қадам

Arna Press, 03 февраля 2025 в 19:58

Еліміздің барлық білім беру ұйымдарында сапалы білім беру кезең кезеңмен жүзеге асырылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 460 мың орындық 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 105 мектеп 2024 жылы салынды.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сай келетін тегін білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.Бастама жайлы мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, балалардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға ықпал ететін орта қалыптастырады.«Жайлы мектептердің көлемі типтік мектептерге қарағанда, 15-20%-ға кең, сондай-ақ техникалық жарақтануы да 4 есе артық.

Еліміздің жекеменшік мектептерінде оқушылар тегін тамақтануы үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлді

Arna Press, 24 января 2025 в 12:48

Еліміздің жекеменшік мектептерінде оқушылар тегін тамақтануы үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлді
Мемлекет жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.30 желтоқсанда Президент Білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды.Негізгі жаңалықтардың бірі жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақтандыру.Жаңа бастама 25 мыңнан астам баланы қамтиды.

Семейде Президенттің жаңа жылдық шыршасы өтті

Arna Press, 24 декабря 2024 в 15:48

Семейде Президенттің жаңа жылдық шыршасы өтті
Жаңа жыл қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінде «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты Президент шыршасы өтуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Дәстүрлі Президент шыршасына 9-13 жас аралығындағы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен оқу, спорт, шығармашылық, қоғамдық шараларда жетістікке жеткен дарынды оқушылар шақырылды.

Абай облысының құрылыс басқармасы тарапынан 49 жаңа нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде

Arna Press, 17 декабря 2024 в 20:08

Абай облысының құрылыс басқармасы тарапынан 49 жаңа нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде
Абай облысында құрылыс саласында ауқымды жұмыстар атқарылып, мемлекеттік бағдарламалар аясында көптеген жобалар жүзеге асырылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық құрылыс басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құрылысқа бөлінген жалпы қаржы көлемі 291 млрд теңгені құрады. Жоспарланған барлық жобалар белгіленген мерзімде жүзеге асырылып жатыр.Білім беру саласында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 4 мектептің құрылысы жүргізілуде.

Абай облысында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Arna Press, 05 декабря 2024 в 20:18

Абай облысында
Жасөспірімдер қылмысының алдын алу және болдырмау мақсатында 2024 жылғы 5-7 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шараның негізгі мақсаты — оқушылар арасында жасөспірімдер қылмысының және құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша кешенді жұмыстарды жүргізу.

Қазақстанның барлық өңірлерінің балалары мен жасөспірімдері вейпингке қарсы

Arna Press, 13 ноября 2024 в 19:38

Қазақстанның барлық өңірлерінің  балалары мен жасөспірімдері вейпингке қарсы
Ағымдағы жылдың 1-25 қазан аралығында ғылыми танымдық www.ziyatker.org сайтында қашықтықтан өткізілген «Вейпсіз жастық шақ» республикалық эссе байқауының қорытындысы шығарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіБайқаудың мақсаты-өскелең ұрпақтың вейпингтің денсаулыққа зияндылығы туралы хабардарлығын арттыру.

Массовый антинаркотический забег прошёл в Темиртау

EKaraganda.kz, 11 ноября 2024 в 13:45

Массовый антинаркотический забег прошёл в Темиртау
В начале ноября в городе металлургов стартовал антинаркотический марафон, запущенный в рамках республиканского проекта «Нашақорлыққа жол жоқ» по инициативе прокуратуры города Темиртау, при поддержке акимата города, Управления полиции и партии «AMANAT». На протяжении месяца в городе будут проходить различные мероприятия, челленджи, уроки спортивной мотивации, соревнования и многое другое.

Астана мектептерінде сабақ уақыты қысқарады

Arna Press, 06 ноября 2024 в 18:38

Астана мектептерінде сабақ уақыты қысқарады
6 қарашада Астана мектептерінде сабақ қысқарады. Оған ауа райының қолайсыздығы себеп болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Елордалық білім басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, ауа райының нашарлауына, атап айтқанда, желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін артуына байланысты оқушылар қараңғы түскенге дейін үйлеріне жіберіледі.«6 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты екінші ауысымның екінші сабағынан бастап сабақтар 30 минутқа дейін қысқартылады.

Семейде тұңғыш рет «ProfCity-2024» іс-шарасы өтті

Arna Press, 23 октября 2024 в 17:08

Семейде тұңғыш рет «ProfCity-2024» іс-шарасы өтті
Осыған орай, Республика күні қарсаңында Семей қаласында алғаш рет «ProfCity-2024» іс-шарасы ұйымдастырылды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл іс-шара елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған.

Семейлік химия пәнінің мұғалімі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңімпаз атанған

Arna Press, 04 октября 2024 в 21:28

Семейлік химия пәнінің мұғалімі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңімпаз атанған
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушысы семейлік ұстаз жеңімпаз атанды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Француз ойшылы Жан Жак Руссо «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» — деп айтқан. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеуге шынымен де ұстаз өз уақытын аямайды.

Семейде қала күніне орай 20 метрлік торт әзірленді

Arna Press, 22 сентября 2024 в 20:48

Семейде қала күніне орай 20 метрлік торт әзірленді
Бүгін қала күніне орай әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ертіс өзенінің оң жағалауында Семей қаласының кондитерлері бірлесіп қала күніне орай 20 метрден асатын тәтті торт әзірледі. Тортты кондитерлер қала тұрғындарымен бірлесіп безендірді.Арбатта жас суретшілер арасында өткен «Семей.

Абай облысында 1200 орындық ІТ-мектеп ашылды

Arna Press, 21 сентября 2024 в 15:08

Абай облысында 1200 орындық ІТ-мектеп ашылды
Абай облысында 1200 орындық IT-мектеп-лицейінің салтанатты ашылуы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, қоғам қайраткерлері, ұстаздар, ата-аналар, 500-ге жуық оқушы және БАҚ өкілдері қатысты.

Абай облысында жыл басынан бері 200-ге жуық жол көлік оқиғасы тіркелген

Arna Press, 12 сентября 2024 в 15:38

Абай облысында жыл басынан бері 200-ге жуық жол көлік оқиғасы тіркелген
Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік апаттары жыл санап өсуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жыл басынан бері облыста 197 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 2 бала қаза тауып, 251 жасөспірім түрлі жарақат алған. Балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өңір аумағында 26-шы тамыздан 6-шы қыркүйек аралығында «Абайлаңыз — балалар!» республикалық акциясы өтті.

Желіде Астана мектептерінің біріндегі буллинг видеосы тарады

Arna Press, 11 сентября 2024 в 16:28

Желіде Астана мектептерінің біріндегі буллинг видеосы тарады
Желіде Астана қаласындағы мектептердің бірінің оқушылары қатарластарына қысым көрсетіп, ұрып жатқаны таспаланған видео жарияланды. Оқиғаға полиция депаратаменті өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.Мектептегі буллингтің видеосы Instagram-дағы astana_press парақшасында пайда болды.

Емшінің даулы видеосынан кейін әкімнің орынбасары мен мектеп директоры қызметінен кетті

Arna Press, 11 сентября 2024 в 11:18

Емшінің даулы видеосынан кейін әкімнің орынбасары мен мектеп директоры қызметінен кетті
Жамбыл облысында емшіні шақырып, құрметпен қарсы алған Тұрар Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылындағы мектепте арнайы тексеріс жүргізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Тексеруді Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері жүргізді.
Показано 30 новостей из 99