Arna Press,
18 марта 2026
в 14:08
Қазақтың бай мұрасы мен ұлттық болмысын бүгінгі күнге жеткізіп жүрген шеберлердің бірі — қолөнер шебері, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері, мәдениет саласының үздігі Бұлбұл Кәпқызы. Оның әрбір туындысы — тарихтың ізі, ұлттың үні, дәстүрдің жалғасы. Arnapress.kz тілшісі Бұлбұл Кәпқызымен сұхбаттасып, ұлттық өнердің құндылығымен таныстыАстаналық шебердің айтуынша, өнерге деген қызығушылығы бала кезден басталған. Әжесінің қасында жүріп, киіз үйге қажетті бұйымдарды жасаудың қыр-сырын меңгерген ол, бау тоқудан бастап, сырмақ пен түскиіз тігуге дейінгі барлық процесті көзбен көріп, қолмен ұстап өскен.«Өнерге бала кезден құштар болдым. Қырлы сырмақтың үстінде өсіп, киіз үйдің барлық керек-жарақтарын әжемнің қасында отырып үйрендім. Әжеме көмектесіп, бау, ши тоқып, өрмек тоқып, сырмақ, түскиіз тіккендерін көріп, бойыма сіңірдім.
Arna Press,
18 марта 2026
в 11:28
17 наурыз күні кешкі сағат 20:00 шамасында кол-орталыққа Гастелло көшесіндегі өндірістік цехты су басты деген хабарлама түскен, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.Алайда оқиға орнына жедел жеткен қызметтер ақпараттың шындыққа жанаспайтынын анықтады — су басу дерегі тіркелмеген.Тексеру барысында бұл хабарламаға негіз болған фотосуреттердің жасанды интеллект көмегімен жасалғаны белгілі болды.
Arna Press,
17 марта 2026
в 18:38
Алматы қаласындағы Almaty Arena мұз сарайында 11,5 мыңнан астам жас домбырашының қатысуымен ауқымды флешмоб өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz Алматы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.Қаланың түкпір-түкпірінен жиналған мектеп оқушылары бір мезетте күй мен заманауи шығармаларды орындап, кеңістікті ұлттық аспаптың қуатты үнімен тербетті.Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, алғашқы әуеннен-ақ зал ерекше атмосфераға бөленген.
Arna Press,
17 марта 2026
в 17:28
Семей қаласында полиция қызметкерлері 35 жастағы тұрғынның мүлкін ұрлады деген күдікпен екі жергілікті азаматты қолға түсірді. 21 және 22 жастағы күдіктілер еркін қолжетімділікті пайдаланып, Toyota Estima маркалы автокөліктің кузовынан кабельді жасырын түрде алып кеткені анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілген материалдық шығын көлемі 500 мың теңгені құрайды.
Arna Press,
17 марта 2026
в 16:18
Астана қаласында Ұлттық спорт күніне орай ерекше ауқымды шара өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігіне сілтеме жасапБір уақытта 18 мыңнан астам бала қазақтың көне ұлттық ойыны — асық ойнауға қатысты.Іс-шара Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылды. Мәдени-спорттық бастама ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.Шара аясында 3000 бала «Алтын сақа» атты флешмобқа қатысып, арнайы композиция құрып, асықтың «алшы» түсу бейнесі мен «Алтын сақа» жазуын сомдады.
Arna Press,
17 марта 2026
в 16:18
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған Аrnapress.kz хабарлайды.Жарлықтың мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.«2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:1.
Arna Press,
17 марта 2026
в 11:48
Павлодар облысында есірткіге қарсы жүргізілген арнайы операция нәтижесінде ірі көлемдегі тыйым салынған заттар тәркіленді, деп хабарлайды Arnapress.kz Павлодар полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасапОблыс прокуратурасының үйлестіруімен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақсу қаласында күдіктіні қолға түсірді.Жедел-іздестіру шаралары барысында ер адамның тұрғылықты жеріне тінту жүргізіліп, шамамен 11 келі өсімдік тектес есірткі заты табылған.
Arna Press,
16 марта 2026
в 16:18
Абай облысының әкімі Берік Уәли төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Семей қаласындағы ірі сауда нысандарын кезең-кезеңімен жаңарту мәселесі қаралды деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасапКәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахымбековтың айтуынша, «Мереке» және «Смокк» базарлары 2026 жылдың соңына дейін, ал «Ақшың» базары 2028 жылға дейін қайта жаңғыртылмақ.
Arna Press,
16 марта 2026
в 16:18
Абай облысында жұмысқа орналастыру сылтауымен несие рәсімдеген алаяқтық фактісі анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасапАягөз ауданының 41 жастағы тұрғыны танысына сенім артқаннан кейін күтпеген жерден 499 850 теңге көлемінде қарызға ұшырады.Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылғы қарашада Жетісу облысының 39 жастағы тұрғыны жұмысқа орналастыруға көмектесемін деп уәде беріп, жәбірленушінің телефоны арқылы оның атына онлайн-несие рәсімдеген.Өз атына несие рәсімделгенін әйел кейін білді.
Arna Press,
14 марта 2026
в 17:38
Семейде Әз-Наурыз мерекесін тойлау басталды. Наурызнаманың 10 күндігі аясында 14 наурыз – Көрісу күніне орай Қарағайлы шағын ауданында «Семей көктемі» фестивалінің шымылдығы түрілді, деп хабарлайды Arnapress.kzМерекелік шараның ашылу салтанаты Қарағайлыдағы Республика алаңында өтті. Алаңда киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылып, ұлттық мерекенің ерекше атмосферасы сезілді.Салтанатты жиында облыс әкімі құттықтау сөз сөйлеп, тұрғындарды Көрісу күнімен және алда келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады.
Arna Press,
13 марта 2026
в 19:18
Италияда өтіп жатқан XIV қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігіне сілтеме жасапТуризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, ол пара биатлоннан 4,5 шақырым қашықтықтағы із қуу жарысында үздік нәтиже көрсетіп, Паралимпиада чемпионы атанды.Бұл жеңіс Қазақстан құрамасы үшін үлкен жетістік әрі ел спорты тарихындағы жарқын сәттердің бірі саналады.Айта кетейік, XIV қысқы Паралимпиада ойындары 6–15 наурыз аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатыр.
Arna Press,
13 марта 2026
в 16:18
Екібастұз қаласында полиция қызметкерлері үй жағдайында заңсыз алкоголь өндірумен айналысқан тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz Павлодар облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап. Бұл дерек «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында белгілі болған.Тексеру кезінде тәртіп сақшылары үй-жайдан белгісіз сұйықтық құйылған 139 пластик бөтелке, сыраға ұқсас шамамен 288 литр сұйықтық, 10 шыны колба және алкоголь өнімдерін қолдан жасап шығаруға арналған арнайы аппаратты тапты.
Arna Press,
13 марта 2026
в 13:58
Наурыз айында 10 балаға Кенесары есімін берген ата-аналар сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды Arnapress.kz.Бұған дейін Қазақстанда наурыз айында дүниеге келген сәбилерге Кенесары есімін берген алғашқы 10 отбасыға арнайы жөргекпұл табысталатыны туралы жазған болатынбыз.Бұл бастаманы журналист Нұрсейіт Жылқышыбай қолға алып, ел ішінде үлкен қолдау тапты.
Arna Press,
12 марта 2026
в 17:58
Абай облысында «Қаладан ауылға» пилоттық жобасына арналған Auylga.kz сайты іске қосылды, деп хабарлайды Arnapress.kz.Бұған дейін сайтымызда бұл жобаның ресми сайты әзірленіп жатқанын жазған едік. Қазір платформа толық іске қосылып, бағдарламаға қатысты барлық қажетті ақпарат жүктелген.Жобаның жұмыс тобының мүшесі Қанат Тұрардың айтуынша, бастама облыс әкімі Берік Уәлиұлының ұсынысымен қолға алынған «Қаладан — Ауылға» қанатқақты жобасын іске асыру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды.
Arna Press,
12 марта 2026
в 14:18
Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары 14 наурыз – Қауышу күніне орай ұйымдастырылатын «Семей көктемі» фестивалінің ашылуына шақырады, бұл туралы мәдениет басқармасы жазды, деп хабарлайды Arnapress.kzІс-шара Қарағайлы шағын ауданындағы Республика алаңында өтеді. Фестивальдің басталуы – сағат 11:00-де.Ұйымдастырушылардың айтуынша, көктемнен бастап облыс орталығында мәдени-көпшілік іс-шаралар төрт мезгілге бөлінген мәдени маусым аясында ұйымдастырылмақ.
Arna Press,
11 марта 2026
в 18:38
Алматыдағы «Радио үйі» ғимаратында «Шалқар» радиосының толық жөндеуден өткен жаңа студиясы салтанатты түрде ашылды. Жаңа студияға қазақ радиосының тұңғыш дикторы, Қазақ радиосының ардагері, КСРО-ның құрметті радисі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мина Сейітованың есімі берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz turkystan.kz сілтеме жасапСалтанатты шараға радио саласының ардагерлері, қазіргі қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Arna Press,
11 марта 2026
в 17:28
Қазақстанда экономика өсіп жатқанына қарамастан, халықтың нақты табысы төмендеп отыр. Бұл туралы экономист Алмас Чукин мәлімдеген еді. Оның айтуынша, өткен жылы халықтың нақты табысы 6 пайызға азайған, ал елдің жалпы ішкі өнімі 6,5 пайызға өскен. Сарапшы мұндай айырмашылықтың негізгі себебі инфляция екенін атап өтті.
Arna Press,
11 марта 2026
в 14:28
Семей қаласында автокөлік пен теміржол локомотивінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді деп хабарлайды Аrnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасапАбай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 11 наурыз күні шамамен сағат 03:00-де болған. Алдын ала дерекке сәйкес, 24 жастағы Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Қаржаубайұлы көшесімен келе жатып, реттелмейтін теміржол өткелінен өтер кезде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, өтіп бара жатқан локомотивпен соқтығысқан.Соқтығыс салдарынан локомотив жеңіл көлікті біраз қашықтыққа дейін сүйреп кеткен.Көліктің ішінде 19 жастағы жолаушы қыз болған.
Arna Press,
11 марта 2026
в 14:28
Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда 13–23 наурыз аралығында ауқымды республикалық «Nauryz Sale» акциясы басталады. Бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы ынталандыруға және ел тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасапАкция аясында сауда нысандары азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға 10–70 пайызға дейін мерекелік жеңілдіктер ұсынады.
Arna Press,
10 марта 2026
в 20:08
Әлеуметтік желілерде Семей қаласында су басу жағдайына қатысты тұрғындардың шағымдары көбейіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kzЖеліде тараған жазбалардың бірінде қала тұрғыны өзі тұратын үйдің шатыры ағып, пәтерін су басып жатқанын айтып, көмек сұраған. Оның айтуынша, ол Дулата Бабатайұлы көшесіндегі көпқабатты үйдің 10-қабатында тұрады. Қазіргі уақытта төбеден су ағып, пәтердің бірнеше бөлмесіне — ванна, зал және дәлізге су кетіп жатқанын жеткізген.Сондай-ақ тұрғын үйінде кішкентай екі баласы бар екенін айтқан.
Arna Press,
10 марта 2026
в 14:28
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов құрылыс саласын цифрландыруды жеделдетіп, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу қажеттігін атап өтті. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Arnapress.kz.Премьер-министрдің айтуынша, заңнаманы жаңартумен қатар құрылыс саласын цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде.
Arna Press,
10 марта 2026
в 13:28
Өскеменде тұрғындардың қоқыс шығару қызметіне берешегі 247 миллион теңгеге жеткен. Коммуналдық мекемелердің мәліметінше, келісімшартқа отырған әр бесінші тұрғын төлемді уақытында жасамайды. Бұл жағдай қала тазалығына да кері әсерін тигізіп отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz 24kz сілтеме жасап.Қалада тұрмыстық қалдықтарды шығарумен екі компания айналысады.
Arna Press,
09 марта 2026
в 17:58
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында дзюдодан Ұлыбритания университеттері арасындағы ашық біріншілік өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.Аталған жарысқа «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтіп жүрген Еркебұлан Мәдениетұлы да қатысып, Лидс университетінің атынан өнер көрсетті.
Arna Press,
09 марта 2026
в 16:58
Air Astana компаниялар тобы Біріккен Араб Әмірліктерден 28 ақпан мен 10 наурыз аралығында рейстері тоқтатылған Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының жолаушыларын алып кету үшін 10 наурызда репатриациялық рейстерді орындауды жоспарлап отыр деп хабарлайды Arnapress.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасапРепатриациялық рейстер Оман астанасы Маскат арқылы мынадай кестеге сәйкес орындалады:KC2264 Маскат-Алматы рейсі ұшып шығу 12:30, ұшып келу 17:40.
Arna Press,
09 марта 2026
в 15:08
Қазақстанда тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама «Наурыз» бағдарламасы 10 наурыздан басталады деп хабарлайды Аrnapress.kz «Отбасы банкке» сілтеме жасап . Бағдарлама аясында азаматтар жеңілдетілген мөлшерлемемен баспана ала алады.Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) жататын және тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін жылдық 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) болады.
Arna Press,
09 марта 2026
в 15:08
Семейде қаржы пирамидасына сеніп, ақшасынан айырылғандардың саны 140-тан асты. Жәбірленушілер арасында көпбалалы отбасылар да бар. Кейбір тұрғындар алаяқтарға ондаған, тіпті жүздеген миллион теңге берген, деп хабарлайды Arnapress.kz. Жетінші арнаға сілтеме жасапҚазіргі мәлімет бойынша, келтірілген жалпы шығын 1 миллиард теңгеден асқан.
Arna Press,
09 марта 2026
в 15:08
2026 жылғы 7 наурыздан бастап Қазақстанда медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған заңнамалық өзгерістер күшіне енді деп хабарлайды Arnapress.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Бұл өзгерістер дәрігерлерге, фельдшерлерге және жедел жәрдем қызметкерлеріне қарсы күш қолданғандарға жазаны күшейтуді көздейді.Жаңа нормаға сәйкес, медицина қызметкеріне қызметтік міндетін атқарып жүрген кезде қорқыту немесе күш көрсету қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.
Arna Press,
05 марта 2026
в 17:18
5 наурызда премьер-министр республикалық штаб отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға су тасқыны қаупіне байланысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Arnapress.kz. Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасапҮкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында мұз қабатының қалыңдығы 4 сантиметрге дейін жетіп, топырақтың 2 метрге дейін қатқаны байқалғанын айтты.Премьер-министр экология министрлігіне гидрологиялық мониторинг жүргізіп, ауа райына қатысты ескертулерді дер кезінде жеткізуді тапсырды.
Arna Press,
05 марта 2026
в 11:08
Bala Park ойын-сауық орталығының бутиктерін жалдап отырған кәсіпкерлер Arnapress.kz редакциясына өз мәселелерін жеткізді.Еске сала кетейік, 3 наурыз күні орталық ғимаратынан өрт шығып, шатыры опырылған болатын. Қазіргі уақытта нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалған.
Arna Press,
04 марта 2026
в 17:29
Таяу Шығыс елдерінен тағы 314 адам елге оралды, деп хабарлайды Аrnapress.kz ҚР КМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасапВедомствоның мәліметінше, SCAT әуекомпаниясы Boeing 767 ұшағымен Алматы — Маскат — Алматы бағыты бойынша DV5361 рейсін орындаған. Нәтижесінде 314 адам Қазақстанға жеткізілген, оның ішінде балалар да бар.«Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуекомпанияларының үйлестіруімен жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Air Astana әуекомпаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындап, 640 адамды елге жеткізген болатын.Сондай-ақ Flydubai әуекомпаниясы Дубайдан Астана мен Алматыға екі эвакуациялық рейс орындап, нәтижесінде 306 азамат Қазақстанға оралды.Фото: жасанды интеллект арқылы