Популярные темы

Сурет: новости — страница 13

Абай облысында 200-ден астам адам мемлекет қаражатына өз ісін ашты

Arna Press, 05 ноября 2024 в 18:48

Абай облысында 200-ден астам адам мемлекет қаражатына өз ісін ашты
Биыл Абай облысының 200-ден астам тұрғыны қайтарымсыз грант алып, өз кәсіпорындарын ашты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Көмектің ең көп сомасы 1,5 миллион теңгені құрады. Бұл көптеген жас кәсіпкерлерге өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Абай облысында миллионға жуық қарызы бар көлік анықталды

Arna Press, 05 ноября 2024 в 18:48

Абай облысында миллионға жуық қарызы бар көлік анықталды
Патрульдеу барысында полиция қызметкерлері «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенімен тіркелген бірнеше жол ережесін бұзушылықтар үшін төленбеген айыппұлдары бар көлікті анықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Toyota көлігінің иесі 1 миллион 583 мың теңге көлемінде 50 жол ережесін бұзу фактісін жинақтаған.Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде 30 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталды.Абай облысы полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз орындау барша қатысушылардың қауіпсіздігі үшін маңызды екенін ескертеді.Сурет: pixabay.com

Абай облысында мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші полициядан қашпақ болған

Arna Press, 05 ноября 2024 в 17:38

Абай облысында мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші полициядан қашпақ болған
Абай облысы Жарма ауданында мас күйінде болған 49 жастағы жүргізушіні қуғындау оқиғасы орын алды. Заң бұзушы автопатрульдің бірнеше рет тоқтау туралы талабын елемей, жылдамдығын арттырып, қашпақ болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қуғындау барысында жүргізуші бірнеше рет жол ережелерін бұзды: бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамай өтті, полицияның дыбыстық сигналдарына мән бермей, жоғары жылдамдықпен қозғалды.

Алматыда жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін: әкімдік өкілдері ауа райына байланысты ескерту жасады

Arna Press, 05 ноября 2024 в 17:38

Алматыда жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін: әкімдік өкілдері ауа райына байланысты ескерту жасады
Алматыда алдағы күндері қар жаууы мүмкін. Осыған байланысты әкімдік өкілдері жүргізушілерге ескерту жасап, қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасапӘкімдіктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Алматыда 5-8 қараша аралығында жаңбыр, ал 7 қарашаға қараған түні қар аралас жаңбыр жауып, сынап бағанасы +2°C-қа дейін төмендейді.«Су басу мен көктайғақтың алдын алу үшін 490 арнайы техника және 1120 жұмысшы жұмылдырылды.

Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметшілерге берілетін сыйақы туралы мәлімдеме жасады

Arna Press, 05 ноября 2024 в 12:38

Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметшілерге берілетін сыйақы туралы мәлімдеме жасады
Ведомство мәліметінше, Үкіметтің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық айлықақыларына үстемеақы қосу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Осы қаулы арқылы шығындардың нақты тізімі айқындалған.

Абай облысы полициясының автопаркі су жаңа 50 көлікке толықты

Arna Press, 02 ноября 2024 в 17:18

Абай облысы полициясының автопаркі су жаңа 50 көлікке толықты
1 қарашада Абай облысында гарнизондық сапқа тұрғызу барысында Chevrolet Cobalt маркалы 50 жаңа қызметтік автокөліктің кілтін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан қызметкерлерге кілт тапсырып, департаменттің материалдық-техникалық базасын жақсартуға жергілікті атқарушы органдардың қосқан үлесін атап өтті.«Бұл 50 жаңа автокөлік біздің патрульдік және учаскелік инспекторларға шақыртуларға тез әрі тиімді жауап беруге мүмкіндік береді, бұл көшелер мен алыс орналасқан елді мекендердегі қауіпсіздікті арттырады.

Ақсуат ауданында күндізгі амбулаториялық диализ бөлімі ашылды

Arna Press, 01 ноября 2024 в 12:58

Ақсуат ауданында күндізгі амбулаториялық диализ бөлімі ашылды
Бөлім облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық бүйрек орталығының қолдауымен ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты шараға амбулаториялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, облыстық бүйрек орталығының директоры және жоғары санатты нефролог дәрігері, аудан әкімінің орынбасары Ахмет Аққазин, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.Бөлім заманауи қондырғылармен жабдықталған.

Қазақстан барысына үш бөлмелі пәтер сыйға берілді

Arna Press, 30 октября 2024 в 19:58

Қазақстан барысына үш бөлмелі пәтер сыйға берілді
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Ерасыл Қажыбаев пен турнирдің қола жүлдегері Саят Шәмшиевпен жүздесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл турнир еліміздің үздік балуандарының басын қосқан дүбірлі дода болды.

Абай облысында бұрын-соңды болмаған бірегей ота жасалды

Arna Press, 30 октября 2024 в 16:28

Абай облысында бұрын-соңды болмаған бірегей ота жасалды
ҚР Президент істері басқармасы МО ауруханасының кардиохирург-дәрігерлері Абай облысында алғаш рет бірегей операция жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының білікті дәрігерлері, атап айтқанда, №5 Хирургиялық бөлім меңгерушісі Әлібек Тойбаевтың жетекшілігімен жүрекке бірегей операция жасады.

Абай облысының тұрғыны зейнеткердің телефоны арқылы 60 000 теңге аударған

Arna Press, 30 октября 2024 в 14:08

Абай облысының тұрғыны зейнеткердің телефоны арқылы 60 000 теңге аударған
Көкпекті ауылында полиция қызметкерлері зейнеткердің банк шотынан ақша ұрлау қылмысын ашты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тергеу барысында 29 жастағы жергілікті тұрғынның зардап шегушінің үйінде болған кезде оның телефонын пайдаланып, «Халық Банк» қосымшасы арқылы өз есепшотына 60 000 теңге аударғаны анықталды.

Қазақстанда күн жылынады

Arna Press, 30 октября 2024 в 13:08

Қазақстанда күн жылынады
Синоптиктер Қазақстанда 31 қазанда, сондай-ақ 1 және 2 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, көктайғақ пен тұман күтіледі.

Семейде әлеуметтік қызметкерлерге құрмет көрсетілді

Arna Press, 29 октября 2024 в 20:28

Семейде әлеуметтік қызметкерлерге құрмет көрсетілді
Бүгін Семей әкімдігінің ұйымдастыруымен Әлеуметтік сала жүйесінің қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Семей қаласында әлеуметтік салада 1000-ға жуық маман еңбек етеді. Әлеуметтік көмек алушылар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 23% азайды.

Абай облысының құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Arna Press, 28 октября 2024 в 21:28

Абай облысының құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Абай облысының құрылыс басқармасының басшысы болып Шыңғыс Риаханов тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шыңғыс Нұртасұлы Риаханов 1979 жылы 25 желтоқсанда Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген.Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қолданбалы математика және информатика» мамандығы бойынша, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша бітірді.

«Астана-Семей» бағыты бойынша қатынайтын вагондар жаңартылды

Arna Press, 28 октября 2024 в 17:38

«Астана-Семей» бағыты бойынша қатынайтын вагондар жаңартылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Көлік министрлігі отандық вагондар паркін жаңартуды жүйелі түрде жалғастыруда. Мәселен, «Астана — Семей» бағытында қатынайтын N121/122 жолаушылар пойызының құрамы жаңартылды.«Арай Транс KZ» ЖШС жеке тасымалдаушысы үш жаңа жолаушылар вагонын сатып алды: екі плацкарт және бір купе.

Абай облысында 7 медициналық пункт өз жұмысын бастады

Arna Press, 28 октября 2024 в 16:38

Абай облысында 7 медициналық пункт өз жұмысын бастады
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Республика күні Жарма ауданының Салқынтөбе, Бородулиха ауданының Успенка, Көкпекті ауданының Үлгілі-Малшы, Биғаш, Шәріптоғай және Бесқарағай ауданының Белокаменка, Стеклянка ауылдарында медициналық пункттер салтанатты түрде ашылып, жұмыстарын бастады.Жаңа пункттердің ашылуына ризашылық білдірген көкпектіліктер медициналық көмектің қолжетімді екендігін айтады.«Енді ауылымызда өзіміздің медициналық пунктіміз бар.

ТЖМ Қазақстандықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады

Arna Press, 28 октября 2024 в 11:58

ТЖМ Қазақстандықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады
Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады, -деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазгидромет» болжамдарына сәйкес, ауа райы нашарлайды: қатты жауын-шашын, ауа температурасының төмендеуі, желдің күшеюі, боран, көктайғақ, тұман.ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:«Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.

Бородулиха ауданында бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Arna Press, 24 октября 2024 в 20:58

Бородулиха ауданында бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Республика күні қарсаңында Бородулиха кентінде бассейні бар жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылуы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық құрылыс басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Құрылысты жүргізіп жатқан мердігер – «СМУ Шығыс» ЖШС.Шараға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, нысан құрылысына жауапты мердігерге алғыс хат табыс етті.«Осындай заманауи нысандардың ашылуы – бұл спорттық сауықтыру кешенінің спортты дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және спортшылардың жаңа ұрпағын тәрбиелеуге қосқан үлесі зор мердігерлерге жұмысты сәтті аяқтағаны үшін алғысымды білдіремін», — деді облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев.

Қазақстанда 1 қарашадан бастап кейбір аймақтарда электр энергиясының тарифі көтеріледі

Arna Press, 24 октября 2024 в 13:38

Қазақстанда 1 қарашадан бастап кейбір аймақтарда электр энергиясының тарифі көтеріледі
Энергетика министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы бұйрығымен электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Осылайша, 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап тарифтер өседі:Сонымен қатар, тізімге жаңа компаниялар қосылды, олардың тарифтері алғаш рет бекітілді:кВт/сағ үшін 43,92 теңге тарифпен 56-топ;«Бұйрық 2024 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енеді».Бұған дейін алматылықтар үшін электр қуатының тарифі уақытша төмендегені хабарланған болатын.«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ тарифтері:Сурет: pixabay.com

Қазақстанда мопедтерді тіркеу қашан басталады?

Arna Press, 23 октября 2024 в 18:48

Қазақстанда мопедтерді тіркеу қашан басталады?
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 2024 жылдың 23 қазанында Мәжілістің отырысында Қазақстанда мопедтерді тіркеудің басталуының ықтимал күнін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Игорь Лепеха тиісті заңға қол қою күтіліп отырғанын еске салды.«Қазір біз оған қол қоямыз, қарашаның аяғына дейін бұл жұмысты аяқтаймыз және шартты түрде 1 желтоқсанда тіркеуді бастаймыз.

Абай облысында кітапханашыларға құрмет көрсетілді

Arna Press, 23 октября 2024 в 17:08

Абай облысында кітапханашыларға құрмет көрсетілді
Жарма ауданында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауы, Абай атындағы әмбебап кітапхананың ұйымдастыруымен өңірлік кітапханашыларға арналған «Кітапханалық шаралар бренд ретінде» әдістемелік практикумы өткізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасапПрактикумда әр ауданнан жиналған кітапханашылар сандық технология дамыған уақытта кітапхана жұмысын қалай ұйымдастыру керек, балаға кітап оқыту мақсатында интернетті қалай тиімді пайдалануға болады деген сауалдар мен баланы кітап оқуға қызықтырып, насихаттайтын жобалар туралы айтылды.

Семейде тұңғыш рет «ProfCity-2024» іс-шарасы өтті

Arna Press, 23 октября 2024 в 17:08

Семейде тұңғыш рет «ProfCity-2024» іс-шарасы өтті
Осыған орай, Республика күні қарсаңында Семей қаласында алғаш рет «ProfCity-2024» іс-шарасы ұйымдастырылды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл іс-шара елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған.

Семейде Республика күні қарсаңында 30 азамат баспаналы болды

Arna Press, 23 октября 2024 в 17:08

Семейде Республика күні қарсаңында  30 азамат баспаналы болды
Бүгін Республика күні қарсаңында Қарағайлы шағын ауданында пәтер кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтарға 30 отбасыға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Рәсімге қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысында су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Arna Press, 22 октября 2024 в 19:28

Абай облысында су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілді.
2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде Абай облысының бірнеше ауданында жергілікті атқарушы органдарының жұмысы тексеріліп, Құзырлы органдық тарапынан бағалау жүргізілді, -деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бесқарағай, Ақсуат, Көкпекті, Жарма және Бородулиха аудандарында жүргізілген тексерістердің нәтижесінде, бірнеше маңызды қорытындылар жасалды.Бесқарағай ауданында 12 елді мекен су тасқыны қаупі жоғары аймаққа жатады.

Әділет министрлігінің қызмет шеңбері кеңейтіледі

Arna Press, 22 октября 2024 в 18:38

Әділет министрлігінің қызмет шеңбері кеңейтіледі
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 17 қазандағы қаулысымен ҚР Әділет министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, ережеде Министрліктің функцияларына қатысты екі тармақ жаңа редакцияда баяндалған:Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, ҚР егемендігін қамтамасыз етуге, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тұрақты және үдемелі дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға, үйлестіруге, сондай-ақ заң жобалау жұмысын жүргізуге, ҚР заңнамасын талдауға, жетілдіруге, жүйелеуге, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізуге қатысу заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру, сондай ақ нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама;ҚР қатысушысы болуға ниеттенетін заңдар мен халықаралық шарттардың жобалары, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобалары бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларына, ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық сараптамаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді ұйымдастыру.Қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Ақтау әуежайындағы тұрақтардың бағасы тексеріледі

Arna Press, 22 октября 2024 в 18:38

Ақтау әуежайындағы тұрақтардың бағасы тексеріледі
Маңғыстау облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменті Ақтау халықаралық әуежайының автотұрағына қатысты бағаны көтеру және бәсекелестік қағидаларын бұзу күдігі бойынша тергеп-тексеруді бастады, -деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасапТексеру себебі — бағалардың өсуі: автотұрақта 15 минуттан артық тұрғаны үшін 500 теңге мөлшерінде ақы алынады.Алдын ала нәтижелер, әуежай қызметтерін пайдаланатын халықтан қаржы алу арқылы шамадан тыс пайда көру мақсатында теріс пайдалануы ықтимал екендігін меңзейді.Сурет: pixabay.com

Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды

Arna Press, 22 октября 2024 в 15:58

Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды
Ұлттық тасымалдаушы Республика күніне орай қосымша пойыздарды іске қосады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасапБұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.Мереке және мереке қарсаңында жолаушылар ағынының артуына байланысты келесі бағыттар бойынша жүретін қосымша пойыздар белгіленген:Пойыздарға әртүрлі қызмет санатындағы вагондар, соның ішінде купе және плацкарт вагондары кіреді.Сондай-ақ, қала маңындағы бағытта 2024 жылғы 25 және 27 қазанда Қарағанды-Астана жүрдек электр пойызының бағыты Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылады. № 7553/6811/6812/7556 электр пойызының бағыты Қарағанды-Астана-Бурабай курорты:Бұдан басқа, 2024 жылғы 25, 26 және 27 қазанда Ерейментау — Астана — Көкшетау бағыты бойынша №6831/6829/6830/6832 Электр пойызының құрамы қосымша вагондар қосу есебінен ұлғайтылады.Сурет: pixabay.com

Доллар тағы 2 теңгеге арзандады

Arna Press, 22 октября 2024 в 00:08

Доллар тағы 2 теңгеге арзандады
Қазақстанда доллардың 18 қазандағы бағамы белгіленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасапҚазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,09 теңгеге төмендеп, 485,04 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 18 қазандағы ресми бағамы — 487,24 теңге.kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 483,58 теңгеге, сатылымы 486,31 теңгеге тең.

Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды

Arna Press, 22 октября 2024 в 00:08

Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды
Қазгидромет Астана, Алматы және тағы бес қала тұрғындарына ескерту жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап«2024 жылғы 18 қазанда Петропавл, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Алматы, Астана қалаларында және түнде Қостанайда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі.

Арал теңізіне 200 миллион текше метр су жіберілді

Arna Press, 21 октября 2024 в 12:58

Арал теңізіне 200 миллион текше метр су жіберілді
Су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде Арал теңізіне 200 млн текше метр су жіберілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасапҚызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді. Бұл су Арал теңізіне жіберілді.

Көлік құралдарын тіркеудің қылмыстық схемасы жойылды

Arna Press, 21 октября 2024 в 11:58

Көлік құралдарын тіркеудің қылмыстық схемасы жойылды
Ішкі істер министрлігі азаматтар мен мемлекетке миллиондаған шығын келтіретін ұйымдасқан қылмыстық схемаларды анықтау бойынша кешенді жұмыс жүргізіп келеді, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Арнайы жедел іс-шаралар барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісі прокуратураның көмегімен Алматы қаласында көлік құралдарын тіркеуге қоюдың қылмыстық циклін анықтады.Топ көлік құралының бірегей кодын өзгерту және құжаттарды қолдан жасау арқылы автокөліктерді тіркеумен айналысқан.
Показано 30 новостей из 1 622