Популярные темы

Мемлекет: новости — страница 12

Шайдоров пен оның командасының дайындығына қанша қаржы жұмсалғаны жарияланды

Arna Press, 20 февраля 2026 в 19:18

Шайдоров пен оның командасының дайындығына қанша қаржы жұмсалғаны жарияланды
Қысқы олимпиадалық спорт түрлеріндегі спортшыларға жүйелі мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл туралы министрлік өкілдері мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kzҚаржыландыру ел ішінде және шетелде оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, халықаралық жарыстарға қатысуға, спортшылар мен жаттықтырушылардың еңбекақысын төлеуге, медициналық және ғылыми сүйемелдеуге, спорттық киім-кешекпен қамтамасыз етуге, жарыс бағдарламаларын әзірлеуге, психологиялық дайындыққа және жаттығу үдерісін ұйымдастыруға бағытталады.Министрліктің мәлімдеуінше, мұның барлығы отандық спортшылардың әлемдік деңгейдегі ірі жарыстарға еркін қатысуына және жоғары нәтиже көрсетуіне мүмкіндік береді.«Мемлекеттік қолдаудың нақты мысалы ретінде отандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың даярлығын атап өтуге болады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Akorda.kz (KZ), 14 февраля 2026 в 20:06

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты құттықтады

SportInfo, 14 февраля 2026 в 12:36

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап хабарлайды. Президент атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс айтты.

Қазақстандық арнайы жасақ командалары халықаралық жарыста үздік нәтиже көрсетті

Arna Press, 12 февраля 2026 в 12:48

Қазақстандық арнайы жасақ командалары халықаралық жарыста үздік нәтиже көрсетті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияровқа сілтеме жасап Arnapress.kz хабарлады.Жарыста Kazakhstan C командасы беделді турнирдің абсолютті жеңімпазы атанса, Kazakhstan A командасы жалпы есепте екінші орынға ие болды.Мемлекет басшысы Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталған команданың кәсіби дайындығы, физикалық және жауынгерлік қабілеті, сондай-ақ отаншыл рухы жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанның транзиттік әлеуетін тиімді пайдаланбау – стратегиялық олқылыққа әкелуі мүмкін

Arna Press, 10 февраля 2026 в 15:28

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанның транзиттік әлеуетін тиімді пайдаланбау – стратегиялық олқылыққа әкелуі мүмкін
Мемлекет басшысы көлік-логистика саласын дамыту жаңа экономикалық үлгіге көшу жолындағы аса маңызды стратегиялық міндет екенін атап өтті. Бұл туралы Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Arnapress.lz Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі сілтеме жасап.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанның Еуразия құрлығындағы бірегей географиялық орнын тиімді пайдалану – ел дамуы үшін шешуші фактор.«Қазақстанның Еуразия құрлығындағы бірегей орнын тиімді пайдаланбасақ, бұл халқымыз кешірмейтін стратегиялық олқылық болуы мүмкін», – деді Мемлекет басшысы.Президент көлік-тасымал саласы өнеркәсіп және инвестиция саясатымен бірге біртұтас жүйе ретінде қарастырылуы тиіс екенін айтты.

Абай облысында «Ұлылар елі» республикалық ән байқауы өтеді: жүлде 5 млн теңге

Arna Press, 10 февраля 2026 в 11:48

Абай облысында
Абай облысының гимнін жазуға арналған «Ұлылар елі» республикалық ән байқауы басталатыны жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz Мәдениет басқармасы баспасөзіне сілтеме жасап.Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәли Абай атындағы әмбебап кітапханада жергілікті ақын-жазушылармен өткен кездесуде мәлімдеді.Облыс әкімінің айтуынша, Абай облысы құрылғанына бірнеше жыл толғанына қарамастан, өңірдің рухын көтеріп, халықтың жүрегіне жететін гимн мен патриоттық бағыттағы жаңа әндерге сұраныс бар.«Бүгін сіздермен кездесуде жалпы жұртқа бір жақсы жаңалықты жариялағым келеді.

ҚР Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Arna Press, 29 января 2026 в 11:48

ҚР Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды деп хабарлайды Arnapress.kz Ақордаға сілтеме жасап.Орнына Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.Айбек Смадияров 1983 жылғы 7 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды

Arna Press, 27 января 2026 в 16:58

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды деп хабарлайды Arnapress.kz Aқордаға сілтеме жасапФото: gov.kz

Алматыда жүздеген жанкүйер FIFA™ футболдан әлем чемпионатының кубогын тамашалады

SportInfo, 27 января 2026 в 12:06

Алматыда жүздеген жанкүйер FIFA™ футболдан әлем чемпионатының кубогын тамашалады
2026 жылғы 26 қаңтарда Алматы қаласы FIFA™ футболдан әлем чемпионаты кубогының жаһандық туры аясындағы қалалардың біріне айналды. Кубокты FIFA-ның ресми өкілдері мен әлемдік футбол аңызы Марко Матерацци алып жүрді, бұл іс-шараның ерекше тарихи маңызын көрсетті. Қатаң күзетпен жеткізілген трофей Республика сарайында қойылды.

Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, 2 ай ішінде кезектен тыс сайлау өтуі керек

Arna Press, 23 января 2026 в 15:58

Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, 2 ай ішінде кезектен тыс сайлау өтуі керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында маңызды ұсыныс айтты. Оның пікірінше, Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, 2 айдың ішінде кезектен тыс Президент сайлау өтеді деген норма негізгі заңда нақты жазылуы тиіс деп хабарлайды Arnapress.kz. Aqorda.kz сайтына сілтеме жасап» Қазіргі Конституцияға сәйкес, Президент өз міндетін атқара алмайтындай оқыс жағдай туындаса, оның өкілеттігі қалған мерзімге Сенат төрағасына беріледі.

Ұлттық құрылтайда Президент кісі қолынан қаза тапқан бойжеткен оқиғасына тоқталды

Arna Press, 23 января 2026 в 15:58

Ұлттық құрылтайда Президент кісі қолынан қаза тапқан бойжеткен оқиғасына тоқталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте болған Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты қайғылы оқиғаға назар аударды, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Президенттің айтуынша, аталған қайғылы жағдайға қатысты құрылтай мүшелерінен бірнеше өтініш түскен. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігіне Шымкент қалалық Полиция департаментінің әрекеттеріне құқықтық баға беруді тапсырды.«Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей, қоқан-лоқы көрсеткені анықталып отыр.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Akorda.kz (KZ), 11 января 2026 в 15:26

Мемлекет басшысы «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Akorda.kz (KZ), 11 января 2026 в 15:26

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Akorda.kz (KZ), 11 января 2026 в 15:26

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Alina Group Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Үздік салық төлеуші» наградасына ие болды

Arna Press, 24 декабря 2025 в 17:08

Alina Group Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Alina Group 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Өндіріс – арнайы салық салу режимі» номинациясында «Үздік салық төлеуші» дипломы атты беделді мемлекеттік награданың лауреаты атанды.2025 жылғы 23 желтоқсанда салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитеті атынан Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Alina Group өкілдеріне «Үздік салық төлеуші» наградасын табыс етті.

БАҚ: Виктор Кумыков «Қайсар» клубында тұрақтап қала ма?

SportInfo, 30 октября 2025 в 09:56

БАҚ: Виктор Кумыков “Қайсар” клубында тұрақтап қала ма?
Қызылорда командасының жаңа басшысы Исламғали Қозбақов кімдерді командадан кетіретінін шешіп қойыпты. Бұл туралы Sportinfo.kz Aladop.kz сілтеме жасап хабарлайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Қайсар» клубы жекеменшікке өткенін бүгін ғана жазып едік. Енді міне сыр елі, жыр елінен біздің порталға инсайд ақпараттар жетуде.

Азиалық Qazaq Kuresi Ассоциациясы құрылды

SportInfo, 28 октября 2025 в 15:06

Азиалық Qazaq Kuresi Ассоциациясы құрылды
Түркістан қаласында қазақ күресінің дамуына серпін беретін маңызды жиын – Qazaq Kuresi Ассоциациясы Атқарушы комитетінің отырысы өтті. Азия чемпионаты аясында ұйымдастырылған бұл басқосу ұлттық спорттың стратегиялық бағытын айқындап, халықаралық деңгейдегі жаңа бастамалардың негізін қалаған тарихи шара болды.

БӘМ-2025: Қазақстан шахматшылары Албанияда екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды

SportInfo, 16 октября 2025 в 17:46

БӘМ-2025: Қазақстан шахматшылары Албанияда екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы 4‑15 қазан аралығында Дуррес қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында (FIDE World Youth Chess Championships 2025) керемет жетістікке қол жеткізді. Марк Смирнов пен Эдгар Мамедов әлем чемпиондары атанса, Сауат Нургалиев күміс медальді қанжығасына байлады.

Абай облысында егіс алқабы 22 мың гектарға артты

Arna Press, 06 октября 2025 в 17:18

Абай облысында егіс алқабы 22 мың гектарға артты
Абай облысында егіс алқабы 22 мың гектарға артты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдегі күзгі дала жұмыстарын жүргізу барысы қаралды.«Биыл облыс бойынша егіс алқабы 782,1 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 22 мың гектарға артты.
Показано 30 новостей из 1 363