Сағат тілі ауысқаннан кейін кейбір қазақстандықтар қызық өзгерістерге тап болды — электрон құжаттарда туған күні өзгерген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Банктердің бірінің «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі, сондай-ақ eGov.kz сайтында қазақстандықтар бір күнге «қартайғанын» — туған күні өзгергенін анықтады.Бұл Астана, Алматы, Шымкентте және еліміздің тағы 12 облысында сағат тілі бір сағатқа артқа жылжыған күннің ертеңінде байқалды.