Популярные темы

Семейде республикалық командалық айтыстың тағы бір кезеңі өтеді

Дата: сегодня в 17:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде республикалық командалық айтыстың тағы бір кезеңі өтеді

Семей қаласында 30 қараша күні сағат 14:00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Бес асыл» атты командалық айтыс өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының мәдениет басқармасына сілтеме жасап. 

Айта кетейік, бұған дейін Семей қаласындағы Абай атындағы театрда облыс әкімдігінің қолдауымен, «Amanat» партиясы және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының ұйымдастыруымен «Жайық келіп, Ертіске қосылғанда» атты республикалық командалық айтыс өткен болатын. Онда Абай облысының құрамасы Батыс Қазақстан облысының ақындарымен сөз сайысына түсіп, 158:157 есебімен бір ұпай басымдығымен жеңіске жетіп, жобаның келесі кезеңіне жолдама алды.

Енді жерлестеріміз кезекті додада да Абай елінің намысын қорғап, өнер көрсетеді. Жүргізуші: Аманжол Әлтай, қазылар алқасының төрағасы: Жүрсін Ерман

Өтетін орны: Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана
Күні: 30 қараша
Уақыты: 14:00
Кіру тегін

Фото: Басқы фото жасанды интеллект арқылы

Фото: Абай облысының мәдениет басқармасы

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями