Популярные темы

Абай облысында заңсыз балық аулау деректері тіркелді

Дата: вчера в 17:18


Абай облысында заңсыз балық аулау деректері тіркелді

Абай облысында табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылауға бағытталған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері аңшылық және балық аулау ережелерін бұзудың алты дерегін анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, Бородулиха ауданында балық аулау қағидаларын бұзудың екі дерегі тіркелді. Заңсыз балық аулау кезінде синтетикалық моножіптен жасалған, халық арасында «қытай ауы» деп аталатын құралдар пайдаланылған.

Сонымен қатар, балық аулау ережелерін бұзу деректері Көкпекті ауданында және Семей қаласында анықталды. Ал Ақсуат және Көкпекті аудандарында аңшылық қағидаларын бұзудың екі дерегінің жолы кесілді.

Полиция қызметкерлері аңшыларға белгіленген шектеулерді қатаң сақтауды ескертеді. Атап айтқанда, тыныштық аймақтары мен жануарлардың көбею учаскелерінде аң аулауға тыйым салынған. Сондай-ақ елді мекендер аумағында және олардың шекарасынан үш шақырым радиуста аңшылық қаруды қолдануға болмайды.

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 30 қарашаға дейін жалғасады. Полиция тұрғындарды табиғи байлықты қорғауға үлес қосып, браконьерлік фактілері туралы 102 нөміріне хабарлауға шақырады.

Фото: Полиция департаментінен

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями