Популярные темы

Абай облысында үш жарым жыл тоқтап тұрған құрылыс аяқталды

Дата: сегодня в 18:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында үш жарым жыл тоқтап тұрған құрылыс аяқталды

Абай ауданының Көкбай ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімінің баспасөзіне сілтеме жасап. 

Ауыл тұрғындары үшін маңызды нысанның ашылу салтанатына Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысты.

Салтанатты шарада аймақ басшысы ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын дамытудың, бұқаралық спортты қолдаудың және тұрғындарға қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, құрылысы үш жарым жыл бойы тоқтап тұрған нысан облыс әкімінің тапсырмасымен қайта жанданып, қажетті қаржы бөлінуінің нәтижесінде толық аяқталды.

Жаңа спорт кешенінде тұрғындар мен мектеп оқушылары дзюдо, қазақ күресі, футбол және волейбол секцияларына қатыса алады.

Жалпы ауданы – 1200 шаршы метр;
Спорт залы – 628 шаршы метр;
Әкімшілік-тұрмыстық бөлмелер – 572 шаршы метр;
Бір ауысымдағы өткізу қабілеті – 72 адам.

Жаңа нысан ауыл балаларының спортпен жүйелі айналысуына мүмкіндік беріп, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына және бұқаралық спорттың дамуына серпін бермек.

Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөзінен

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями