Популярные темы

«Балаңыз қатты дуаланған» — алаяқтардың жаңа айласы!

Дата: 04 сентября 2026 в 15:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Полиция азаматтарды интернеттегі «емші», «көріпкел», «балгер» деген адамдардан сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.

Алаяқтар ата-аналардың балаға деген алаңдаушылығын пайдаланып, «балаңызға дуаланған», «көз тиген», «дуаны қайтару керек» деп қорқытады. Кейін «емдеу», «тазарту» немесе арнайы заттар сатып алу үшін ақша талап етеді.

Алаяқтардың арбауына түспеу үшін:
Бейтаныс адамдардың «емдеп жазу» туралы уәдесіне сенбеңіз;
Таныс емес есепшоттарға ақша аудармаңыз;
Банк картасының деректері мен SMS-кодтарды ешкімге бермеңіз;
Қорқынышқа бой алдырмай, ақпаратты бірнеше дереккөзден тексеріңіз;
Күмәнді хат алмасу мен төлем түбіртектерін сақтап қойыңыз.

Есте сақтаңыз: алаяқтар сіздің қорқынышыңыз бен алаңдаушылығыңызды ақша табудың құралына айналдырады.

Егер осындай жағдайға тап болсаңыз немесе алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу 102 нөміріне хабарласыңыз.

Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями