Популярные темы

370 жүргізуші мас күйде көлік басқарғаны үшін жауапқа тартылды

Дата: сегодня в 17:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


370 жүргізуші мас күйде көлік басқарғаны үшін жауапқа тартылды

Жыл басынан бері Абай облысының аумағында полиция қызметкерлері көлік құралын масаң күйде басқарған 370 жүргізушіні анықтап, олардың жолын кесті, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. 

Олардың қатарында жеңіл және жүк көліктерінің, мотоциклдер мен электросамокаттардың жүргізушілері бар.

Абай облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Омаровтың айтуынша, жүргізушінің бір сәттік жауапсыздығы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.

«Масаң күйде көлік басқару – жауапкершілігі жоғары жүргізуші үшін жол беруге болмайтын әрекет. Көлік тізгініндегі адамның бір сәттік жауапсыздығы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Сондықтан полиция қызметкерлері мұндай фактілердің жолын кесуге және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді», — деді полиция полковнигі Бауыржан Омаров.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік құралын алкогольдік немесе өзге де масаң күйде басқармауға шақырады.

Фото: ПД

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями