Популярные темы

Астанада «Night Run» бұқаралық түнгі жүгірісі өтеді

Дата: 01 сентября 2026 в 12:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Астанада «Night Run» бұқаралық түнгі жүгірісі өтеді

5 қыркүйекте елордада «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Night Run» бұқаралық түнгі жүгірісі өтеді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыс кешкі сағат 20:00-де Алматы ауданындағы Триатлон саябағында басталады. Қатысушылар 5 шақырымдық қашықтықта бақ сынайды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жүгіруге қатысу үшін алдын ала онлайн тіркеуден өту қажет. Тіркелу 2 қыркүйектен бастап reg.elordasport.kz сайтында жүргізіледі. Қатысушылар саны 1700 адаммен шектелген. Қатысу тегін.

Тіркеуден өткен қатысушылар жарыс күні, 5 қыркүйекте сағат 17:30-дан 19:30-ға дейін Триатлон саябағынан жарыс нөмірі мен лотерея билетін ала алады.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің, «Алматы» ауданы әкімі аппаратының, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының және Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының қолдауымен ұйымдастырылады.

Айта кетейік, жарыс Триатлон саябағының аумағында өтеді. Осыған байланысты іс-шара кезінде қала көшелері жабылмайды және көлік қозғалысына шектеу қойылмайды.

По сообщению сайта SportInfo

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями