Популярные темы

Бесқарағайда мас жүргізушіге сот үкімі шықты

Дата: сегодня в 10:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Бесқарағайда мас жүргізушіге сот үкімі шықты

Бесқарағай ауданында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Әуезов көшесінің бойынан ВАЗ-2114 автокөлігін басқарған 27 жастағы жүргізушіні тоқтатуға әрекет жасаған, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.

Жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, көлікпен қашып кетпек болған. Бұл әрекеті жол қозғалысы ережелерін бұзумен қатар, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне нақты қауіп төндірді.

Кейін жүргізушінің алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.

Сот шешімімен азамат 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Бұл жағдай мас күйінде көлік басқарудың қаншалықты қауіпті екенін тағы бір мәрте көрсетеді. Рөлге отырған адам өз өміріне ғана емес, жолдағы басқа да ондаған адамның қауіпсіздігіне жауап береді.
Фото: ПД

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями