Популярные темы

Яндекс Таксиге 10 жыл: ең адал серіктес жүргізушілерден әр сапар үшін небәрі 1 теңге ұсталады

Дата: сегодня в 13:15 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Яндекс Таксиге 10 жыл: ең адал серіктес жүргізушілерден әр сапар үшін небәрі 1 теңге ұсталады

Мұндай сыйлыққа Яндекс Такси арқылы тапсырыс орындап келе жатқан және он жыл бойы жыл сайын кемінде 100 күн желіге шыққан жүргізушілер ие болды. Осы уақыт ішінде олар шамамен 2,7 миллион сапар орындап, жолда жалпы алғанда 1 миллион сағатқа жуық уақыт өткізген. 

Осы орайда Яндекс Таксидің 10 жылдыққа орай басқа да жүргізушілерге сыйлық әзірлегенін айта кету керек. Тамыз айы бойы барлық жүргізуші ұтыс ойынына қатыса алады. Бас жүлде – Kia Cerato автокөлігі. Бұдан бөлек, қатысушылар төрт мыңға жуық сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Олардың қатарында Жанармай мен Тағам сервистеріне арналған промокодтар, Яндекс Плюс бонус ұпайлары, бір жылдық Яндекс Плюс жазылымдары бар.

Ұтыс ойынына қатысу үшін сервис арқылы тапсырыстарды орындау жеткілікті. Жеңімпаздар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында анықталады. Жеңімпаз анықталған сәтте жүргізушінің рейтингі 4,8-ден төмен болмауға тиіс.

Яндекс Такси Қазақстанда жұмысын 2016 жылдың шілде айында Алматы қаласында бастады. Ол кезде сервиске 150 көлік пен тоғыз таксопарк қосылған еді. Бүгінде Яндекс Такси Қазақстанның 25 қаласында жұмыс істеп, жүздеген таксопаркпен серіктестік орнатқан.
 

По информации Яндекс Такси.

По сообщению сайта EKaraganda.kz

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями